Студенттік ғылыми-тəжірибелік конференциясының материалдары



Pdf көрінісі
бет6/42
Дата31.03.2017
өлшемі4,98 Mb.
#10682
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42

1.  Қарағанды  облыстық  мемлекеттік  мұрағаты  (келесіде  ҚОММ)., 1558-қ., 1-т., 644-іс, 
«Кенесары  керуенінде».,  Очерк., (Сұлтан  Кенесары  Қасымов  жөнінде).,  Машиналық 
нұсқа. 
2.  ҚОММ., 1558-қ., 1-т., 494-іс, Жақсы жолда. Сапарнама., «Орталық Қазақстан»  газеті 
қиындылары. 
3.  Тұрсын 
Жұртбай, 
ғалым, 
жазушы, 
алаштанушы  
http://alashainasy.kz/kazak_tarihy/kenesaryi-jane-tarihshyi-ebekmahanov-kalay-kazak-
halkyinyin-jauyi-bolyip-56734/ 

33 
4.  Середа  Н,  Бунт  киргизского  султана  Кенесары  Касымова (1838-1847). 
http://kitap.kz/reader/nikolaj_sereda_bunt_kirgizskogo_sultana_kenesary_kasymova_1838_
1847. 
5.  Кенесары  Касымов//  Казахстан.  Национальная  энциклопедия.—  Алматы: «Қазақ 
энциклопедиясы», 2004 
6.  Вестникь  Европы,  журнал  историй,  политики,  литературы.,  Пятый  год.,  том IV, 
редакция «Вестник Европы»., Галерная, 20. Санкт-Петербург., 1870. 
7.  Вестникь  Европы,  журнал  историй,  политики,  литературы.,  Пятый  год.,  том IV, 
редакция «Вестник Европы»., Галерная, 20. Санкт-Петербург., 1870. 
8.  Вестникь  Европы,  журнал  историй,  политики,  литературы.,  Шестой  год.,  Книга-8, 
Августь., Санкт-Петербург., 1871.  
9.  Бекмаханов  Е., «Казахстан  в 20-40-е  годы  ХІХ  века»:  Учебник.-  Алма-ата: «Қазақ 
университеті», 1992г. 400стр. 
10. Бөкейхан  Ə.,  Таңдамалы(избранное)/  Гл.ред.  Р.Нургалиев. –Алматы: «Қазақ 
энциклопедиясы», 1995. 
11.  ҚОММ., 1558-қ., 1-т., 83-іс, «Читателям  очерк  о  Кенесары».  Очерк.  Машиналық 
нұсқа.  Орыс  тілінде. «Этот  степной  митридат».  Последствие  к  публикации  очерка 
Н.Середы о КенесарыКасымове. Орыс тілінде. Автор түзетуімен. Машиналық нұсқа. 
12. ҚОММ., 1558-қ., 1-т., 418-іс, «Кенесары»  Архивные  изыскания  о  бунте  казахского 
султана К.Касымова (1838-1847)., Вырезки из газеты «Индустальная Караганда»,. На 
русском языке. 
13. Кенесарыұлы А., Кенесары жəне Сыздық сұлтандар/ Қазақша аудармасы, Ғ.Ахмедов,- 
Алматы: Жалын, 1992.-48 б. 
 
 
ЖЕТІАСАР ЕСКЕРТКІШТЕРІ 
Іскендір А.М.,  
Ғылыми жетекші: т.ғ.д., профессор Қалыш А.Б. 
Əл-Фараби атындағы ҚазҰУ 
 
Сырдария  өзенінің  төменгі  ағысындағы,  оның  ескі  арнасы  Қуаңдарияның  бойында 
орналасқан көне ескерткіштер тобының жиынтық атауы – Жетіасар. Ескерткіштерді 1946 ж. 
Хорезм  археологиялық-этнографиялык  экспедициясы  С.П.  Толстовтың  жетекшілігімен 
тауып,  ондағы  зерттеу  жұмыстары 1948 - 1949, 1951-1958, 1966 жылдары  жүргізілген.  Əр 
түрлі  экспедициялар  құрылып,  оның  құрамында:  П.П.  Семенов  Тянь-Шанский,  П.А. 
Северцов, Г.Н. Потанин, М.И. Венюков, В.В. Радлов, А.И. Бутаков, В.В. Бартольд жəне басқа 
ғалымдар  болды [1, 269-272 бб. ]. Жетіасар  мəдениетінің  құрамына  кіретін  ескерткіштер: 
Жетіасар -1,2,3, Бидайықасар, Сырлыасар, Дөңгелекасар, Үңгірліасар, Томпақасар, Қарасар, 
Жалпақасар,  Ағашасар  сияқты  барлығы 50-ге  жуық  қалалар  мен  жүздеген  обалар  бар  ірі 
зираттар, суландыру жүйелерінің орындары белгілі болды. Бұл қалалар халқы Сырдарияның 
орта ағысы бойымен Ташкент төңірегіне таралған көршілес Отырар- Қаратау мəдениеті жəне 
Қауыншы  мəдениеттерін  жасаған  тайпаларымен  бірге  тарихи  Кангюй,  яғни  Қаңлы 
мемлекетінің құрамына кірген. 
1847  ж.  Сырдарияның  орта  жəне  төменгі  ағысы,  Арал  теңізінің  бассейінін  зерттеу 
үшін  А.И.  Бутаков  зерттеу  жұмыстарын  жүргізді.  Соның  ішіндегі  Сырдарияның  төменгі 
ағысындағы  Қуаңдария  мен  Ескідариялық  бойында  орын  тепкен  Жетіасар  мəдениетінің 
ескерткіштері жайлы жазбалар, сипаттамалар да бар. 
 «Жетіасар»  атауы  халық  тарапынан  қасиетті  саналған  ата-баба  мұрасына  берілген 
атау.  Бұл  өңірлерде  мекендеген  халық  қасиетті  орын,  төбе  болып  үйіліп  жатқан  ескі  қала 
орындарын  асарлар  деп  атаған. «Асар»  сөзі  көптің  қатысумен  көпшіліктің  күшімен 
жасалатын əрекет, көмек дегенді білдіреді. Олардың біреуінің үстіне шығып қарағанда оның 
айналасынан алты-жетеуін көруге болады. 

34 
Жетіасар  ескерткіштері  жайлы  алғашқы  деректерді 1867 жылы  П.И.  Лерхтың 
Сырдарияның  орта  жəне  төменгі  ағыстарында  бірқатар  қалаларды  ашқан.  Оның  ішіндегі 
Жанкент  қаласына  жүргізген  зерттеулерін  айтуға  болады,  саяхатшы,  зерттеуші  А.И. 
Левшиннің  еңбегінде  Жетіасар  (Джит-кала)  кездестіруге  болады.  Бұл  қалалардың  қазіргі 
Қызылорда  облысының  Сырдария,  Қармақшы,  Жалағаш  территорияларында  Жетіасар 
мəдениетінің ескерткіштері үлкен төбешіктер түрінде сақталған, биіктіктері 10-15м. жететін 
бұл  құрылыстарды  жергілікті  халық  «асарлар»  деп  аталады [2, 126-135 бб. ]. Жетіасар 
ескерткіштерін  зерттеу  аңыз  əңгімелерді  жинастырып,  оларды  жарыққа  шығарған  əкелі 
балалы  Əуелбек  Қоңыратбаев  пен  Тынысбек  Қоңыратбаев  еңбектерінде  кездеседі . Жалпы 
Жетіасар ескерткіштерінде зерттеулерді бірнеше кезеңге бөліп қарастырдық: 
– бірінші кезең  – өлкетанушылық XIX ғ. аяғы  –  XX ғ. басы; 
–     екінші  кезең – Хорезм  археологиялық-этнографиялық  экспедициясының  алғашқы 
археологиялық  зерттеулері  (əрі  қарай  ХАЭЭ) (1946-1966 жылдар  аралығы),  археологиялық 
қазба  жұмыстары (1948, 1949, 1951 жж.),  барлау  жұмыстары (1946, 1958, 1962-1963, 
1966 жж.); 
– үшінші  кезең  – (1971-1991 жылдар аралығы); 
– төртінші  кезең  – (тəуелсіздік жылдарындағы жаңа зерттеулер). 
Алғашқы өлкетанушылық кезең Түркістан əуесқойлор үйірмесінің мүшелері Жетіасар 
қалаларына сипатамасын жазып, ескерткіштерге шағын қазба жұмыстарын жүргізеді. Соның 
ішіндегі  А.  Симоновтың  «Джит-асар»  деген  мақаласында  Шокь-тобе,  Алтын  асар  мен 
Үңгірлі  асардың  орналасуын  жəне  осы  ескерткіштерге  қатысты  аңыз  əңгімелерін  айтуға 
болады.  Аңыз-əңгімелерге,  ескерткіштерге  қарап  тың  мəліметтер  алуға,  жер  су  аттарын 
білуге  болады.  Жетіасар  қалалары  жайлы  қазіргі  уақытта  екі  аңыз  сақталған.  Солардың 
біріншісі  халық  аузындағы  əңгімелерге  қарағанда  «Қамбар  батыр»  жыры  осы  Жетіасар 
маңында болғаны айтады. 
Ə.  Қоңыратбаев  «Туркестанские  ведомости»  газетінде  жарық  көрген  мақалаларды 
аударып  жарыққа  шығарады.  Мейердің  айтуынша:“Назым  деген  қазақтың  қызы  болыпты. 
Оны қалмақ ханы сұратып, бірақ Қамбар батыр қалмақты жеңіп, Назымды өзіне алады деп 
айтылады.”  А.Симоновтың  мақаласында  бұл  қалалардың  салынып  салтанат  кұруы 
Александр  Македонский  заманымен  байланыстырылса,  кейбірінде  бұл  қалаларды  Əмір 
Темір қиратқан деп айтады [3, 149-156 бб. ]. 
Бұл  қалаларда  жеті  халық  мекендеген,  халқы  жауынгер  адамдар  болған.  Бұл 
қалаларды  билеген  хан,  сұлтандар  өте  ер  жүрек  батыл  адамдар  екен,  əр  жылдары  қалалар 
арасында  сайыстар  аңшылық  саят  құрып  отырған  екен.  Бұл  калалар  арасында  кейін 
бəсекелестік  қатты  болған  екен,  қала  билеушілері  жалдамалы  əскер  жалдаған  солардың 
ішіндегі Алтын-асар билеушісі аңшылық құрғанды, киіктерді, жабайы қазыларды аулағанды 
қатты жақсы корген, жауынгерлері соғысқа шыққанда жеңген қарсыластарын аяусыз тонап 
талан  тараж  қылып,  байлығын  жинайтын  көрінеді.  Бірде  Алтын  асар  билеушісі  аңшылық 
саят  құрып  жүрген  кезінде  қалың  қамыстың  арасында  жолбарыс  шабуыл  жасап  сұлтанды 
жерге  құлатады,  осы  тұста  осы  жолбарысты  аңдып  жүрген  батыр  келіп  жолбарыстың 
жүрегінінен пышақ салып сұлатады. Батырдың ерлігін бағалаған сұлтан рахметін айтып дос 
болуды  ұсынып,  өзінің  қызына  үйленуді  ұсынады.  Батыр  бірден  келісе  кетеді,  бұл 
мүмкіндікті  пайдаланып  сұлтанның  батасын  алады.  Тойлары  дүркіреп  өтіп,  сұлтан  бар 
жанын  салып  бəйге  ұйымдастырып,  батырдың  қарамағын  бір  түмен  еліп  беріп  қала  сыйға 
тартып қызын үйлендіреді. Бұл үйлену тойды жақтырмағаи қолдамаған сұлтан  уəзірі қызға 
қатты ғашық болып, қыз қарамай қойған екен. Жүрегі жаралы уəзір қалай болсада кек алуды 
жоспарлап тойдың бітуін күткен, үш ай тойлаған той бітіп батыр бір күні аңшылық саятқа 
шығып қасына уəзірлер мен жауынгерлер ертеді қаладан шыға беріс жерде уəзірге садағын 
ұмыттым  деп  алып  келуге  бұйрық  береді.  Уəзір  осы  сəтті  пайдаланып  батырға  садақ 
жебелерін кешігіп əкеліп беріп, батыр не үшін кешікенін сұрағанда сұлтан қызының алдап- 
арбап  қалуын  өтінгенін  айтады.  Бұны  естіген  батыр  қызғанып  өзінің  жарын  бір  сөзге 
келместен басын алады. Сұлтан осыны естіп күйеу баласының еліне əскер жіберіп тас-талқан 

35 
етіп  қиратып  бұл  өңірден  көшіп  кетеді.  Осы  уақыттан  бастап  бұл  қалалар  қаңырап  үйінді 
болып қалады. А. Симонов өзінің естелігінде Жетіасар шатқалының екі үлкен қалашықтары 
жайлы айта өтеді: “Кроме  Джиты-асарской группы есть два больших городища Алтын асар 
(Золотое городища) и Унгурлы-асар (от слова «унгур» - пещера). Местонахождение первого 
городища указывали в степи севернее Джиты-асара, а второго-среди разливов Куван-дарьи” 
[4].  Осы  қалалар  жайлы  жазбалар  кездеседі.  Кейін  осы  қалаларда  Хорезм  археологиялық-
этнографиялық экспедициясы тарапынан кешенді ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді. А. 
Симонов тарапынан Жетіасар қаласына барлау жұмысы, əсіресе обаларға жүргізілді . Екі ірі 
қалашыққа  берген  сипаттамасында: «В  джитыарской  группе  городища  расположены  на 
расстоянии  более  пяти  верст  одно  от  другого,  и  взаимное  их  расположение  напоминает 
очертания  созвездия  большой  медвидицы.  В  окрестностях  городища  заметны 
многочисленные  следы  больших  и  малых  каналов,  причем  большие  имеют  некоторые 
превышение над малыми; в этом я убедился во время бывшего при мне довольно сильного 
проливного  дожди;  вода  текла  из  больших  каналов  в  малые,  причем  в  расположении  и 
направлении каналов можно было заметить известную систему; вода, проникнув по одному 
из каналов во внешнюю ограду городищ, образовала в одном месте обширную и глубокую 
лужу с правильными очертаниями. Очевидно, здесь был когда-то устроен водоем» [5 с. 121-130 ].  
 
Əдебиеттер тізімі: 
1.Қоңыратбаев T. Ертедегі ескерткіштер // Сыр бойының ежелгі тарихы мен мəдениетін 
зерттеу. – Алматы: Өнер, 1996. – 272 б. 
2. Левшин А.И. Описание киргиз-казачьих или кайсацких орд и степей. – Алматы: Санат, 
1996. – 150 с. 
3.Протоколы заседаний и сообщений членов Туркестанского кружка любителей 
Археологии. Историко-культурные памятники археологии Казахстана. – 2011. Сост.  Елеуов 
М., Бахитбаев М. – Туркестан, 2011. – 156 с. 
4.Симонов А. Джить-Асар  // Туркестанские ведомости. –  1900. –  №80 – 81. 
5.Кастанье И.А. Древности Киргизской степи и Оренбургского края.  –  Алматы :     Дайк 
Пресс, 2007. – 130 с. 
 
 
ТҮРКІСТАН ƏСКЕРИ ОКРУГЫ 
Калдибаева А.М.,  
Ғылыми жетекшісі: т.ғ.д., профессор Қалыш А.Б. 
Əл-Фараби атындағы ҚазҰУ 
 
Түркістан əскери округы Ресей императорлық армиясымен Орта Азия жəне Қазақстан 
жерінде 1867-1920, 1945-1992 жылдары құрылған. Түркістан əскери округы Ресей министрі 
Д.А  Малютиннің  бастауымен  жүргізген  реформасы  кезінде  қабылданды,  ол  кезде  Ресей 
территориясы 14 əскери  округке  бөлінген  еді.  Түркістан  əскери  округын  алғаш  басқарған 
Константин  Петрович  фон  Коуфман. 1897 жылы 26 желтоқсанда  Каспий  маңы  жəне 
Семиреченск  облыстары  Түркістан  əскери  округына  қосылды.  Большевиктердің  билік 
басына  келуінен  кейін 1918 жылы 30 сəуірде  Түркістан  автономиялық  республикасының 
құрылғанынан  кейін  Түркістан  əскери  округы 1918 жылы 4 мамырда  Каспий  маңы, 
Сырдария,  Семиреченск,  Самарқанд,  Ферғана  облыстарының  территорияларында  қайта 
құрылды.  Түркістан  əскери  округы  екінші  рет  қайта  құрылғаннан  кейін  оның 
территориясында  белсенді  əскери  қозғалыстар  басталды. 1918 жылы 9 шілдеде  Ферғана 
облысы əскери жағдайда деп жарияланды. 1926 жылы 4 маусымда Түркістан майданы Орта 
Азиялық  əскери  округыне  өзгертілді.  Оныңт  территориясына  Түркменстан,  Тəжікстан, 
Өзбекстан,  Қырғызстан  кірді. 1940 жылы  тамыз  айындағы  Орта  Азияның  облыстарының 
территорияларының  өзгертілуіне  байланысты  округ  құрамына  Қазақ,  Қырғыз,  Тəжік, 
Түркмен,  Өзбек  КСР-лері  кірді.  Округ  штабы  Ташкентте  орналасты. 1945 жылы 9 шілдеде 

36 
Түркістан  əскери  округы  Орта  Азия  əскери  округының  Түркістан  жəне  Далалық  болып 
өзгертіліуінен кейін қайта құрылды.Округты басқару орны Ташкентте орналасты. 1968 жылы 
Түркістан  əскери  округы  «Қызыл  орденмен»  марапатталды.  Кеңес  одағы  кезінде 
«Фрунзевец» газеті шығарылып отырды [1, 212-219 бб.]. 
1960 жылы əскери топтың ең ірі ошағы Түркменстанда орналасты. КСРО мен Қытай 
арасындағы  шиеленіскен  жағдайға  байланысты 1969 жылы 24 маусымда  Орта  Азия  округі 
қайтадан  құрылды.  Бөлім  бойынша  Орталық  Азия  əскери  округінің  əскери  күштері  жаңа 
əскери округінің орнынына келген əскери бөлімдер мен байланыстардың қайта тағайындауы 
арқасында  құрылды.  Сондай-ақ,  қосылыстардың  бір  бөлігі  Түркістан  əскери  округінен 
Орталық Азия əскери округіне көшірілді. Осындай көшірілген қосылыстарға мысал ретінде 
мыналарды келтіруге болады: 
–  78 танк дивизиясы; 
–  80 гвардиялық мотоатқыштар дивизиясының оқуы. 
Кейбір қосылыстар батыс əскери округтерінен Орталық Азия əскери 
округтеріне көшкен болатын, олар: 
˗  68 мотоатқыштар дивизиясы; 
˗  155 мотоатқыштар дивизиясы. 
1979 жылдың желтоқсан айының ортасында КСРО басшылығы əскерлерінің шектеулі 
контингентін Ауғанстанға енгізу туралы шешім қабылдайды. Осыған байланысты Түркістан 
əскери  округінің  территориясы  жəне  Орталық  Азия  əскери  округінің  оңтүстік  өңірлері 
қосылыстар  мен  енгізуге  дайындалып  отырған  əскери  бөлімдерді  даярлау  жəне 
орналастырудың  негізгі  құраушылары  болды [2, с. 125-131]. 1979 жылдың  желтоқсан 
айының  екінші  жартысында  екі  округтердің  аумағында  келесі  іс-шаралар  жүргізілген 
болатын: 
˗ 
тағайындалған құрамды мобилизацияландыру үшін көптеген пункттер құрылды; 
˗ 
аз  уақытта    Орталық  Азия  одақтас  республикалары  халықтың  жəне  Қазақ  КСР 
оңтүстігіндегі  халықтың  резервтік  əскерлер  арасында  шамамен 50 000 адам 
жұмылдырылған болатын; 
˗ 
автомобильдік  техниканың  транспорттық  жүктерді  əскери  топтық  ашылуына 
байланысты  тасымалдау  халық  шаруашылығы  кəсіпорынынан  мобилизация 
жүргізілген болатын; 
˗ 
əскери  бөлімдердің  базасында  басқа  округтардан  келетін  құрылымдардың, 
бөлімдердің орналастыру жəне жауынгерлік үйлестіру үшін лагерлер құрылған; 
˗ 
Түркістан  əскери  округі  аумағында , Ауғанстанмен  шекараласатын  екі  кеңестік 
қалалары  (Термез  жəне  Кушка)  гарнизонында 40-ыншы  Жалпыəскери  армия 
құрылған болатын; 
Түркістан  əскери  округі  құрамынан  келесі  қосылыстар  мен  жер  əскерлері,əскери 
бөлімшелері Ауғанстанға еңгізілген болатын: 
˗ 
5-ші гвардиялық мотоатқыштар дивизия; 
˗ 
108 мотоатқыштар дивизия; 
˗ 
56-шы бөлек гвардиялық десантты-шабуылдаушы бригадасы; 
˗ 
345 жеке гвардиялық парашютті-десанттық полкі; 
˗ 
28 Армия артиллерия полкі; 
˗ 
(1985 жылы енгізілді) арнайы мақсаттағы 15 бөлек бригада. 
 1874 
жылы  Түркістан  əскери  округының  əскери  топографиялық  бөлімі  Ташкентте 
обсерватория  ашты,  ол  Түркістан  əскери  округының  əскери  топографиялық  бөліміне 
бағынды.  Бұл  обсерваторияның  басты  мақсаты XIX ғ.  екінші  жартысы – XX ғ.  бірінші 
жартысындағы  далалық  астрономия,  Орта  Азияның  картографиясының  негізі  болып 
есептелді.  Осы  обсерваторияның  негізінде  астрономиялық  институт  құрылды,  ол 
Өзбекстанның  ғылым  академиясының  институттық  жүйесіне  кірді.  Қазіргі  таңда  ол  Мырза 
Ұлықбек атындағы Астрономиялық институт болып аталады. 1979-1989 жылдар аралығында 
бір  ғана  КСРО-ның  əскери  округы  болды.  Олар  Ауғанстан  территориясында  үлкен 

37 
масштапты  əскери  қозғалыстар  жүрзізді. XXғ.70  жылдарында  округ  штабы  Горький 
даңғылындағы  жаңа  ғимаратқа  көшті,  қазіргі  Мырза  Ұлықбек  даңғылы  болып  есептелінеді 
[3, с. 210-217]. 
Əскери  басшылығының  тұрғысынан,  əскерге,  сондай-ақ  басқа  да  əкімшілік  жəне 
экономикалық мəселелерді құруды қамтамасыз ету үшін керек-жарақтардың барлық түрлерін 
Ауғанстанға  енгізді. 40-ыншы  армия  толығымен  Түркістан  əскери  округіне  бағынған 
болатын. 1982 жылдан  бастап  Түркістан  əскери  округінің  аумағында  əскери  мақсатта 
Ауғанстандағы 40 -ыншы  армияның  бөлігі  ретінде  əрі  қарай  оқу  қосылыстары  мен  əскери 
бөлімшелері  қалыптасқан.  Түркістан  əскери  округінің  аумағында  осы  оқу  бөлiмдер  мен 
қосылыстары арасында мысал ретінде мыналар келтірілген болатын:  
˗ 
61-ші мотоатқыштар дивизиясы оқыту (Ашхабад); 
˗ 
787-ші мотоатқыштар полкінің даярлау (Термез) ; 
˗ 
387-ші жеке оқу десанттық полкінің (Ферғана); 
˗ 
Арнайы мақсаттарға арналған 467ші жекелеген оқу полкі (Чирчик - 1985 кейін).  
Түркістан əскери округы 1979 жылы 16 желтоқсанда қайта құрылды. Армия басшысы 
генерал  лейтенант  Ю.Тухаринов  болып  тағайындалды.  Қазақстандық  жəне  Орта  Азиялық 
республикалардан  қосымша  күш  ретінде 50 мың  адам  алдырған. 24 желтоқсанда  қорғаныс 
министирі  Д.Устинов  жиналыс  өткізді,  ол  жиналыста  əскерді  Ауғанстанға  жіберудің 
шешімін жариялады. 40-ыншы армияның Ауғанстанға барған уақытында кеңес əскерлері сол 
территорияда  орналасқан. 9 ақпанда  Ауғанстанда  соғыстың  алғашқы  ошағы  жанды. 40-
ыншы  əскер  наурыз-сауір  айларында  толықтай  құрылды,  оның  құрамына 4 дивизия, 2 
əуеполкі, 3 тікұшақполкі  кірді.  Ауғанстандағы  кеңес  əскерлерінің  жалпы  саны 81,1 мың 
адамды  құрады. 1981 жылы  соғыстың  алғашқы  жылдарындағы 40-ыншы  дивизияның 
құрамына өзгерістер енгізілді. 1986 жылы 40-ыншы армияның саны 108,8 мың адамға жетті. 
1986  жылы 40- ыншы  армияның  саны  қысқартылды. 1988 жылы 1 мамырда  Женева 
келісімінен  кейін  Ауғанстанда  кеңес  əскерлерінің  алғашқы  шығарылуы  басталды.  Мамыр-
тамыз  айларында  Ауғанстан  территорияларынан  кеңес  əскерлері  толықтай  шығарылды. 
Шығарылған  əскерлердің 50%-ы 40-ыншы  армияның  құрамынан  еді. 1989 жылы  ақпан-
қаңтар  айларында  Ауғанстаннан  соңғы  əскер  шығарылды. 1989 жылы  Қазақстан 
территориясына 40-ыншы  армияның  əскерлері  еңгізілді,  КСРО  құлағаннан  кейін  бұл 
əскерлер ҚР-ның əскер қатарына енді [4, с. 152-159]. 
 
Əдебиеттер тізімі: 
1.  Тасболатов  А.,  Аманжолов  К.  Қазақстанның  əскери  тарихы. – Алматы:  Білім - 
1999 . –  317 б. 
2.  Ленский А.Г., Цыбин М.М. Советские сухопутные войска в последние годы Союза 
ССР. Справочник. – СПб., 2001. – 294 c.   
3.  Феськов  В.И.,  Голиков  В.И.,  Калашников  К.А.,  Слугин  С.А.  Вооруженные  силы 
СССР  после  Второй  мировой  войны:  от  Красной  армии  к  Советской  (часть I: 
сухопутные войска). – Томск: Изд-во НТЛ, 2013. – 640 с. 
4.  Краснознамённый Туркестанский военный округ – 2 - экз . – Ташкент, 1998. – 414 с.  
 
БОРАЛДАЙ САҚ ҚОРҒАНДАРЫ 
Каржаубаев А.О. 
Ғылыми жетекші: т.ғ.д., профессор Қалыш А.Б. 
Əл-Фараби атындағы ҚазҰУ 
 
Алматы  қаласында  бүгінгі  таңда 136 тарихи-мəдени  ескерткіш  бар,  соның 82 – 
архитектуралық,  ал 10 – археологиялық,  қалған 44 – монументалды  ескерткіштер. 
Осылардың ішінде “Боралдай сақ қорғандары” көш бастап тұр.  
Боралдай  сақ  қорғандары  Алматы  қаласының  солтүстік  батыс  аймағында,  Үлкен 
Алматы  өзенінің  сол  жақ  жағалауында  орналасқан.  Солтүстігінде  қалалық  типті  Боралдай 

38 
ауылымен, оңтүстігінде Үлкен Алматы каналымен шектесіп, Боралдай үстіртінің бір бөлігін 
алып жатыр. Бұл қорымның ұзындығы 3 шақырым, ені 800 метрге дейінгі аумақтағы тарихи-
мəдени  орын.  Он  шақты  қорғандарды  құрайды,олардың  ішіндегі  ең  үлкені 20 метр  болса, 
оның  диаметрі 150 шақырымды  алып  жатыр.  Боралдай  аймағындағы  табиғи  ерекшеліктері 
көктем айында, қорғандар жасыл түске енген кезде, анық байқалады [1, 31 б.]. 
Қорымды  Жетісу  зерттеушісі  Н.Н.  Пантусов  ашқан. 1982 жылдары  тарихи 
ескерткіштер  тізіміне  енбеген  соң  бұл  аймақтарға  үйлер  салынып,  ауылға  айналып  кеткен. 
Бұл тарихи орын 1994 жылдан бастап археологиялық картаның тізіміне енген. Ғалымдардың 
айтуынша, 47-52 шақты  қорғандар  бар.  Солардың  біреуіне  ғана  қазба  жұмыстары 
жүргізілген.  Қазба  жұмыстарының  материалдарына  сəйкес,  қорымда  біздің  заманымызға 
дейінгі VI ғасырда өмір сүрген сақ тұрғындары жерленген. Арасында династиялық тəсілмен 
жерленгендер  де  бар.  Олардың  ішінде  аумағы 80-150 биіктігі 15 м-ге  жететін  қорған  бар. 
Оны сақтар элитасының қорғаны деп атаймыз. Онда патшалар жерленген. Кейбірінде түгел 
отбасы  жерленсе,  кейбірінде 1 ғана  адам  жерленген.  Обалардың  сақ  қорғаны  екендігін 
табылған археологиялық жəдігерлер дəлелдейді. Ол жерде аңдық стиль де көрініс берген.  
Ғалымдардың пікірінше, Боралдай обалары да Есік, Талғар, Кеген қорғандары сияқты, 
Жетісу  жерін  VIII-III ғасырларда  мекендеген  сақ  тайпаларымен  б.з.д. III – б.з. III ғ.  Үйсін 
тайпаларына  тиесілі.  Бұл  жерде 47 сақ  қорғаны  мен 200-ге  тарта  үйсін  обасы  бар.  Осы  екі 
тайпа  да  қазақтардың  арғы  ата-бабалары  болып  саналады.  Əрбір  үлкен  обаның 
архитектуралық  құрылысы  бар,  сонымен  қатар  əрбір  қорған  өзіндік  архитектуралық 
құрылымды  құрайды.  Архитектуралық  құрылыстың  құрамына  топырақ  қабатына  көмілген 
обалар,  вертикальді  бағытта  қойылған  тастар,  қорғандардың  айналасындағы  құрылыспен 
жасалған  тасты қоршау, сонымен бірге қорғандардың өздері де кіреді. Некропольдің барлық 
аумағы  əлемді  көрсететін  ежелгі  сурет  саналған.  Онда  жаз,  көктем  мерекелері,  Наурыз 
мейрамы  тойланатын,  құрбандық  шалатын  жер,  əртүрлі  шамандық  ретуальдардың  өтетін 
орны болған [ 2, 116-120 бб.]. 
Жан-жағын  Үлкен  Алматы  өзенінің  шатқалы,  терең  жыралар  қоршаған  Боралдай 
обаларының орталық бөлігі жақсы сақталған. Өзеннің солтүстік жағалауында осы Боралдай 
қорған-обалары 3 шаршы шақырым аумақты алып жатыр. Обалардың солтүстік бөлігі кірпіш 
зауыты  карьерінің  зардабынан  жойылып  кеткен.  Оңтүстігінде  обалар  Үлкен  Алматы 
каналына дейін созылған, 47 қорғаннан жəне 6 жер асты топырағын өңдеуге арналған ойлы 
жер - карьерлерден тұрады. 
Қорымның  үлкен  бөлігі  құрылыстардан,агроөңдеулерден,  бұзылудан  аман.  Бұл 
ескерткішті  барлық  жағынан  жыралар  мен  Үлкен  Алматы  өзенінің арнасы  қоршайды.  Оны 
зерттеу  қиын  болғандықтан  ескерткішке  археологиялық  қазба  жұмыстары  жүргізілмеген, 
қорымды б.з.б VIII-III ғасырларға тəн деп жобалауға болады. 
Қорым  (некрополь) 38 обадан  тұрады.  Обалар  тізбек-тізбек  болып,  өзен  арнасы 
бойында  орналасқан.  Құлаған  ойықтары  (воронкалар)  бар.  Бұл  обалардың  ерте  кезден 
қазылғанын көрсетеді. Биіктігі 9 метр, диаметрі 100 метр, ең үлкен оба қорымның ортасында 
орналасқан. Биіктігі 5-6 метр, жəне 60-80 метр бірнеше обалар бар. Орта көлемді обалардың 
биіктігі 3 метр, диаметрі 30-40 см, кіші обалар 1-1,5 жəне 10-20 метр [ 3, 13-14 бб.]. 
Бірнеше  жылдар  көлемінде  ғалымдар  мен  Алматылық  белсенділер  Боралдай 
қорғандарына  тарихи-мəдени  ескерткіш  мəртебесін  беру  керек  деген  ұсынысты    көтеріп, 
архелогиялық  парк  ретінде  құрып,  ашық  аспан  астындағы  музей  ашу  керек  деген  ұсыныс 
жіберген.  Алматыдағы  бос  жер  телімдерінің  тапшылығына  қарамастан, 28 наурыз 2006 
жылы  қалалық  жер  қорынан 430 гектар  жер  Боралдай  сақ  қорғандары  музейін 
ұйымдастыруға  бөлінді.  Қорғанды  музейфикациялау  ерекше  жоба  екендігін  айтсақ  болады. 
Ол  жүзеге  асырылса,  Алматы  қаласының  тарихи  туризмінің  инфрақұрылымының  негізі 
қаланады.  Боралдай  кентіндегі  Сақ  қорғанын  ашық  аспан  астындағы  туристік  аймаққа 
айналдыру көзделіп отыр. 
Археологиялық  парк  – табиғи,  тарихи-мəдени  ескерткіштерді  сақтаудағы  ең  тиімді 
түрлердің  бірі,  ашық  аспан  астындағы  басқа  музейге  қарағанда  жаңа  бір  ұғым.  Аталмыш 

39 
парктің  аумағын  үш  негізгі  бөлікке  бөлу  қарастырылған.  Алдыңғысы  некропольдің  өзінен 
тұрады.  Соның  ішіндегі  екі-үй  қорғанға  зерттеу  жұмыстары  жүргізіліп,  қорғандардың  беті 
мұқият  ашылып,  музейфикацияланады.  Музейфикациялау  қорғандардың  тек  сыртқы 
көрінісін  құжат  түріндегі  сипаттауы  ғана  емес,  олардың  ішкі  бөліктерін,  жерлеу  обаларын 
қалпына  келтіруге  де  жүргізіледі.  Табиғи  ортаға  зиянын  тигізбейтіндей,  қайта  қалпына 
келтіру жұмыстары жасалады. 
Екінші аймақта – этнопарк салу қарастырылған. Онда қазақтың киіз үйінің пайда болу 
генезисінен, қыстаудағы ауыл, көшпелі өмір салтындағы киіз үйдің қызметін көрсетеді. 
Үшінші  аймақта – некрополді  қоршап,  оңтүстік-оңтүстік  батыс  бөліктерде  табиғи 
бақтан  тұратын  комплекс  болады.  Онда  туристік  қызмет  көрсетудің  негізгі  объектілері 
сувенирлік  дүкен,  ұлттық  бұйымдарды  жасау  орталығы  орналасады.  Архелогиялық 
құндылықты  тек  қалпына  келтіріп  қана  қоймай,  тарихи  мəдени  мұраны,  бүгінгі  заман 
талабына  сай  қайта  жандандырып,  жаңа  бір  тың  жоба  музейлік  инфрақұрылымның  негізі 
қаланғалы отыр. Мұндай ашық аспан астындағы мұражай бүгінгі таңда үшмемлекетте ғана 
бар, олар – Венгрия, Корея жəне Алматыдағы сақ қорғандары [4]. 
 
Əдебиеттер тізімі: 
1.  Свод памятников истории и культуры города Алматы. ‒ Алматы: Қазақ энциклопедиясы,  
2006. – 360 с. 
2.  Байпаков К.М., Воякин Д.А. Выдающиеся археологические памятники Казахстана. ‒ 
Алматы:  Асыл сөз, 2014. ‒ 504 с. 
3.  Алматы қаласы көркемсуретті тарихы . ‒ Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2009. ‒ 352 б. 
4.  Алматы тарихы көне заманнан қазіргі кезіңге дейін. ‒ Алматы: Credo, 2009. – 196 б. 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет