Студенттік ғылыми-тəжірибелік конференциясының материалдары


ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ҚИМАҚТАРЫНЫҢ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ КЕЙБІР



Pdf көрінісі
бет7/42
Дата31.03.2017
өлшемі4,98 Mb.
#10682
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   42

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ҚИМАҚТАРЫНЫҢ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ КЕЙБІР 
МƏСЕЛЕЛЕРІ 
Кенжебеков А.К. 
Ғылыми жетекші: т.ғ.д., профессор Қалыш А.Б. 
Əл-Фараби  атындағы ҚазҰУ 
 
Қимақтар  мəдениетінің  археологиялық  көп  табылуына  қарамастан  соңына  дейін 
шешімін таппаған қиын мəселелерді қамтиды. 744 ж. ұйғырлардың жеңісінен кейін түркілер 
мен оның одақтастары «Байырғы түркі елінен» шегінді. Ұйғыр елінің солтүстік жəне батыс 
шекарасы  Саян  жəне  Алтай  болды.  Осы  кезде  солтүстік  Алтайда  жəне  Жоғарғы  Ертісте 
археологиялық VIII ғ.  екінші  жартысы – IX ғ.  бірінші  жартысында  көнетүркілердің 
жылқымен  жерлеуінің  күрделенген  ескерткіштерінің  санының  көбеюі  ерекшеленеді.  Кейін 
IX – X ғғ. жалғасқан жерлеу түрін Д.Г.Савинов қимақтар мен қыпшақтар құрған «Сросткин 
мəдениеті» деп алғаш дəлелдейді [1, с. 45-51 ]. 
Қимақтардың  аңыз  генеалогиясы  қимақтардың  шығу  тегін  татар  тайпасымен 
байланыстырады,  осы  себеп  қимақтар  ататегін  моңғолтілдес  тайпалардан  іздеуге  түрткі 
болды. Бірақ түркі тілдерімен жақсы таныс болған Махмұд Қашқари қимақ тілін ғана емес, 
жəне  татар  тілін  де  түркі  тілдерінің  диалектері  ретінде  енгізеді.  Көне  татарларды 
Моңғолияның  шығысында VIII – XIII ғғ.  өмір  сүрген  біріккен  моңғолтілдес  халық  деп 
қабылдау қате. Орхон жазулары алғашында «отуз  татар», кейін «тоғыз татар» яғни ірі жəне 
тұрақсыз тайпалар одағы. Рашид ад-Дин керісінше өткен жəне қазіргі (XIII ғ.) татарлардың 
одағын  жоққа  шығарады.  Қандайда  бір  жаушылық  жəне  үздіксіз  соғыс  бір-бірімен  моңғол 
шапқыншылығына  дейін  бөлек  алты  татар  мемлекеті  болғандығы  негізі  ол  кезде  түркі 
тайпаларының  көбі  татар  атанды.  Сол  себепті  қимақ  қоғамының  алғашқы  құрылуын 
моңғолтілдес  тайпалармен  байланыстырудың  қажеті  жоқ,  ал  Ертісте  татарлардың  пайда 
болуы VIII – IX ғғ. Шығыс Моңғолиядан көшуінен емес. Генеалогиялық аңыз қимақтардың 
жəне оған Гардизидің басқа деректердің қосуы, түркі тайпаларынан қимақ одағының құрылу 

40 
шеңберін көрсетеді. Бұл процесс IX ғ. ортасынан бітті одан ерте емес. Ұйғыр қағанатының 
құлауынан қимақ жерінде тоғыз – оғыз тайпалары келді. Қимақ одағының ең маңызды бөлігі 
оған қыпшақтардың кіруі VIII – IX ғғ. басы. Егер Ертіс өзені бойы қимақтардың туған өлкесі 
болса, олар кейін Жоңғарияға дейін биліктерін асырды, Солтүстік - Шығыс Жетісуды алды, 
ал  қыпшақтар  Оралды  алды [2, с. 81 – 101]. Павлодар  Ертісінің VII–IX ғғ.  зерттелген 
ескерткіштеріне 25 қорған  Трофимов (I жəне II), Покровск,  Бобровск II жəне  Качир 
молалары.  Алынған  материлдарды 2 топқа  бөлуге  болады.  Біріншісіне  Покровск  жəне 
Трофимовтың 11 қорғаны.  Ортақ  бұл  қорғандар  үшін  жер  үйінділері  жəне  кішігірім 
топтармен 3-5 қорғаннан  орналасқан.  Үйінді  асты  терең  емес (50 сантиметрден 1,9 метрге 
дейін)  обалар  овальді  формада,  Солтүстік – Шығыстан  Оңтүстік – Батысқа  бағытталған 
өңделмеген  бөренелермен  жабылған.  Салыстырмалы  анализ  Бірінші  топтағы  ескерткішер 
материалдарын  салыстыруда  Павлодар  Ертісінің  олардың  Алтай  ескерткіштерімен 
ұқсастығы  (Курай,  Туэкта).  Ұқсастық  жерлеу  ғұрпында  (мəйітті  топырақты  орға  салуы, 
шығысқа қарай бағытта) жəне инвентарінде (қыш ыдыстарының формаларының ұқсастығы, 
темір пышақ, жүген ауыздықтары, тартпалы тоғалар, белдік жабдықтары). Екінші тобы VIII 
– IX ғғ жататын Бобров I (қорған 5) мен II (қорғандар 1-9, 11-13) жəне Качир молаларындағы 
(қорған 12) 13 қорған. Мынандай жерлеу ғұрыптары байқалады: 
1.  Мола  шұңқырынсыз  мəйітті  өртеу  (Бобров II, қорған 1-2, 6, 11, 13, Качир  обасы 
қорған 12). 
2. Моласыз мəйітті жерлеу (Бобров II, қорған 3-5, Бобров I қорған 5). 
3. Овальді топырақты шұнқырларда мəйітті жерлеу (Бобров II қорған 7-8). 
Жерлеу  ғұрпындағы  ерекшеліктер  əртүрлі  этникалық  топтардың  қалдырған 
ескерткіштері  екенін  негіздейді.  Екі  кезенің  заттық  мəдениеті  əлеуметтік - экономикалық 
қатынастардың  өзгеруі  мен  діни  көзқарастардың,  сондай – ақ  этникалық  тайпалар 
өзгешелігін көрсетеді. Зерттелген қорғандар Павлодар Ертісінің əртүрлі кезеңіндегі қимақ – 
қыпшақ саяси одағына кірген түркі тілдес тайпалардың қалдырған ескерткіштері жазба жəне 
археологиялық  байланыстыра  отырып  екендігін  айтуға  болады.  Шығыс  Қазақстан  ерте 
көшпелілер  қорғандарында VII – IX ғғ.  обаларының  (Преднегорненск,  Шемонанхин, 
Таврическ  аудандарындағы  қорған 1, қорған 38, 39, 126) жерлеу  ғұрпының  ұқсастық 
белгілері: 
1) үйінді жəне моланың формасы мен көлемі; 
2) жерленгендердің шығысқа бағытталуы; 
3) адамды жылқысымен жерлеу. 
Жерлеу  ғұрпы  ұқсастықтары  жергілікті  түркі  тайпаларының  қимақ-  қыпшақ  саяси 
одағына кіргендігін дəлелдейді [3, с. 45-51]. 
 
Іле  мен  Алакөл,  Балқаш  пен  Жоңғар  Алатауы  аралықтарындағы  қалалар  мен 
отырықшы  мəдениет  ескерткіштерін  алғаш  боп  А.Н.  Бернштам (1938-1941), кейін  Ақышев 
тапты. Отырықшы мəдениет ескерткіштері көне Батыс Жетісу қалаларымен айырмашылығы 
болды,  бірақ  Моңғолия  жəне  Тува  отырықшы  ескерткіштеріне  жақын  болды.  Сондай – ақ 
керамикалық материалдар Солтүсттік-Шығыс Жетісудың Орталық Азия шеберлерінің анық 
мəдени ықпалын тигізгені көрінеді. Солтүстік-Шығыс Жетісу қалалары мен қоныстары IX - 
X  ғғ  пайда  болуы,  ал XI–XII ғғ.  гулдену  кезеңіне  тап  келеді.  К.  М.  Байпақов  төрт  типке 
бөледі: қала, қоныс, саяси-баспана, керуен-сарай [4, с. 5-11].   
Шығыс  Қазақстан  жерінде I мыңжылдық  соңы  ескерткіштері  қимақтардікі  екендігі 
зерттеушілер  арасында  ешқандай  күмəндік  туғызбайды  (С.С.  Черников,  Ф.Х.  Арсланова, 
Е.И. Агеева, А.Г. Максимова жəне т. б.). Жазба деректер негізінде Солтүтістік Алтай жəне 
Батыс Сібірдегі Сросткин мəдениетінде қимақтардікіне жатқызамыз. Сросткин мəдениетінің 
қалыптасуына  қимақтар  үлкен  рөл  қосқанымен,  жергілікті  халқы  түркілену  процесіндегі 
угро-самодийлік субстратқа жатқызылады. Бұл екі пікір де дұрыс, себебі Қимақ мемлекетінің 
шығу  тегі  полиэтникалық  болғандықтан,  құрамына  қимақтармен  (йемек)  қатар  басқа 
түркіленген  жəне  түркілену  процесіндегі  тайпалар  енді.Жылқымен  жерлеудің  арнайы 
элементтері  бойынша  саян-алтайлықтікімен  байланыстырады,  яғни  қатандиндікпен,  олар 

41 
арқылы бұдан ертеректегі – берелдікімен, жалпы телестікі деп анықталады. Жылқы терісімен 
жерлеу  ғұрпын  этникалық  тұрғыдан  анықтау  қиын.  Бір  жағынан  кейінгі  шығысеуропалық 
параллель  бойынша  қыпшақтармен  байланысты,  Ю.С.  Худяков  бойынша  ұйғырларға  тəн 
болуы  мүмкін.  Басқа  қимақ  заттарымен  жылқы  терісін  жерлеу – ұйғыр  компоненті  шығыс 
қазақстан  қимақтарының  жерлеу  ғұрпында.  Жеке  мəйіттердің  өртелуі  енисей 
қырғыздарының  қалдыруы  немесе  ықпалымен,  бір  молада  мəйітті  өртеу  мен  мəйітті  бірге 
жерлеу Ертісте қырғыздар мен қимақтардың этникалық ассимиляциясын көрсетеді. Ал "ұзын 
қорғандар" мен тас жəшікпен жерлеуге келетін болсақ, Шығыс Қазақстан жерінде бұл көне 
скиф – сармат  кезеңінен  бастау  алады.  Фантастикалық  жануарлар  суреттері  бар  бағалы 
металлдар  Орта  Азияның  отырықшы  орталықтарымен  байланысты  көрсетеді.  Павлодарлық 
вариант  инвеньтарлары  Жоғарғы  Ертістікіне  ұқсас  болғанмен,  заттар  көлемімен  жəне 
тəсілдеуімен  кедейлеу  келеді.  Айта  кетерлік  мұнда  Шығыс  Қазақстандағыдай  палаштың 
(шапқыш  қару) болмауы [5, с. 78-93]. 
 
Əдебиеттер тізімі: 
1. Гаркавец А.Н. Откуда есть пошли кыпчаки и кимаки // Золотоордынская цивилизация. – 
Казань: ООО «Фолиант», 2012. – 440 с.  
2. Арсланова Ф.Х. Памятники Павлодарского Прииртышья // Историко- культурное наследие 
кимаков и  кипчаков. – Павлодар, 2006 . 
3. Ундасынов И.Н. История казахов и их предков. – М., 2003. – 96 с.  
4.  Кляшторный  С.Г.,  Савинов  Д.Г.  Степные  империи  древней  Евразии. – СПб.:  Санкт - 
Петербургский университет, 2005. – 346 с. 
5.  Кляшторный  С.Г.  Тюркологический  сборник. 2011-2012. – М.:  Наука – Восточная 
литература, 2013. – 432 с.  
 
 
АБЫЛАЙ ХАН ЖƏНЕ ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТІНІҢ ТƏУЕЛСІЗДІГІ 
Керімбай А.  
Ғылми жетекші: доцент Жұманова А.З.  
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті 
 
Абылай-аса  көрнекті  саяси  жəне  мемлекет  қайраткері.  Абылай  тұлға  ретінде  ержүрек, 
батыл,  дана,  данышпан,  кез-келген    мəселені  шеше  білетін  көреген  саясаткер,  тəжірибелі 
сұңғыла  басшы.  Қазақ  Ордасының  ханы,  қазақ  мемлекетінің  тарихындағы  аса  көрнекті 
мемлекет  қайраткері,  арғы  тегі  Жошы  хан,  бергі  бабалары  қазақ  ордасының  негізін  салған 
Əз-Жəнібек,  одан  соң  еңсегей  бойлы  ер  Есім  хан,  Салқам  Жəңгір  хан.  Абылай – Жəңгір 
ханның  бесінші  ұрпағы.  Жəңгір  ханның  Уəлибақы,  Тəуке  деген  екі  ұлы  болады.Жəңгір 
қайтыс  болып,  таққа  Тəуке  отырғанда  Уəлибақы  хандыққа  өкпелеп,  Үргенішті  билеген 
нағашы  атасы  Қайып  ханның  қолына  барады.  Уəлибақының  баласы  Абылай  Түркістанның 
билеушісі  болған.  Батырлығымен,  батылдығымен  аты  шығып,  сол  үшін  Қанішер  Абылай 
деген  қаһарлы  да  құрметті  атаққа  ие  болған.  Бірақ,  баласы  Уəли  əкесінің  даңқын  асыра 
алмай,  Түркістанды  басып  алған  көрші  билеушілердің  бірінің  қолынан  қаза  тапты. 
Қалтқысыз  берілген  бір  құлының  арқасында  ғана 13 жасар  Абылай  аман  қалды.   Адал 
төлеңгіт  өз  түлегін  ертіп,  қазақ  даласына  тартты.  Ағайын-туғандары  сыртқа  тепкен    жас 
Абылай  үйсін  Төле  бидің  қолына  келеді[1, 15 б.]  Аш-жалаңаштықтан  жүдеген  өңіне,  өсіп 
кеткен шашына қарап Төле би оған «Сабалақ» деп ат қойып, түйесін бақтырады. Əбілмəмбет 
төренің  жылқысын  бағады.  Бұл,  Ш.Уəлихановтың  айтуына  сүйенсек,  Абылайдың 13 жасар 
кезі  болса  керек.  Төле  бидің  тəлім-тəрбиесінде  болуы  Абылайға  зор  ықпал  жасады.  Қазақ 
даласының  даналығын  бойына  жинаған  баба  ақылы  мен  парасатын,  ел  билеу  қабілетін, 
анталаған жауға қарсы қазақ халқы басы біріксе ғана тойтарыс бере алатынын жас баланың 
санасына  ұялата  білген.  Оған  қоса  бала  кезінен  көрген  жұпыны  тіршілік,  өмрілік  тəжірибе 
Абылайдың ел өміріне ерте араласуына себепші болды[2, 14 б.] 

42 
XVIII ғасырдың алғашқы он жылдығы қазақ халқының өміріндегі бір алапат кезең еді. 
Жоңғарлар, Еділ қалмақтары, Жайық казактары мен башқұрттар қазақ руларына жан-жақтан 
тарпа бас салып, қырып-жойып, малын айдап, жарын байлап əкетіп, талай əулетті тұтасымен 
тұтқынға  алып  кетіп  жүрді.  Қытымыр  қыс,  кесапат  жұт  пен  ашаршылық  Тəңірден  түскен 
қыспақтай-ақ халықты сансыратып, қайыршыландырып жіберді. Əсіресе, 1723 жыл сұмдық 
қазақтардың есінде өшпестей боп қалды. Қары қалың əрі көктайғақ болған сол бір сұрапыл 
қыста  Жоңғар  қонтайшысы  Қалдан-Серен  қисапсыз  қолмен  қазақ  қырына  басып  кіріп, 
қазақтар  мен  қырғыздарды  бұрынғы  шадуарлығы  мен  шапқыншылығы  үшін  жаппай 
жазалауға  кірісті.  Қайда  барса  да  қанқұйлы  жоңғарлар  қыр  соңынан  қалмаған  қазақтар 
үріккен  киік  үйіріндей  дүркіреп,  жол-жөнекей  дүние-мүлкін,  бала-шағасын,  кемпір-шалын, 
арық-тұрық  малын,  үй  мүкəмəлін  шашып,  түстікке  барып  қойып  кетті.  Орта  жүз-
Самарқанның  түбіне,  Кіші  жүз-Хиуа  мен  Бұқарды    барып  паналайды.  Ал  қырғыздар 
Болордың  адам  аяғы  баспаған  құз-жарына  жасырынып,  үрейі  ұшқаны  сонша  Гиссар 
алқабына  дейін  жетеді.  Орта  Азияның  құм  белдерінен  шүйгін  жайылым  таба  алмай,  жаңа 
көршілермен жауыққан қазақтар құдыретті Ресейдің шекарасына жүз салып, олардан қолдау 
мен қолқабыс іздейді. Міне, осындай екідай, үрейлі қанды-қасап кезеңде ел назары Абылай 
сұлтанға  ауады.  Өйткені  ол  жорықтардың  бəріне  алғаш  қатардағы  жауынгер  боп  қатысып, 
соның  өзінде  қисапсыз  ерлік  көрсетіп,  айрықша  амал-айласымен  көзге  түскен  еді.  Өнегелі 
ақыл-кеңесі,  сұңғыла  зердесі  арқасында,  ол  бірден-ақ  көреген,  кемеңгер  деген  атқа  ие 
болады. Шынында да, қазақтар мұны ұлы істер атқаруы үшін Алланың өзі жіберген елшісі, 
əруақ иесі деп ұққанға дейін Абылай талай күресті бастан кешіріп, сан сыннан сүрінбей өтті. 
Ол  екі  мəрте  торға  түсіп,  бірінде  қырғыздарға,  екіншісінде  Қалдан-Серенге  тұтқын  болды. 
Оның Қалданнан құтылуы шын мəніндегі керемет. Себебі ол ханның сүйікті ұлы Шарышты 
жекпе-жекте  өлтіріп,  құдыретті  қалмақтың  қазақтардан  табандап  тұрып  талап  етуімен 
тұтқынға түскен ғой. Қалай болғанмен де,  1739 жылы біз Орта жүздің ең ықпалды, ең күшті 
билеушісі  деп  таныдық.  Орыс  үкіметі  де  көбінесе  Абылаймен  жəне  оның  ағасы 
Сұлтанбекпен  ғана  байланыс  жасап  отырған.  Өйткені,  қазақ  жеріне  барып  қайтқан 
орыстардың  айтуына  қарағанда,  ол  тұста  нағыз  ханның  ешқандай  мəні  де,  беделі  де 
болмаған.  Даламен  жақсы  таныс  Тевкелев  бұл  сұлтанды  қазақ  билеушілерінің  ішіндегі  ең 
айлакері,  əрі  ең  ықпалдысы  дейді. 1759 жылы  Абылай  орыс  сарайына  өзінің  туысқаны 
Жолбарыс  сұлтанды  жіберіп,  сый-сыяпат  сұрайды.  Кейін  оған  өкілеттілік  қағаз  жіберіліп, 
жылына 300 сом жалақысы тайғайындалып, 200 пұт ұн беріп тұру белгіленді. Осы екі арада 
Орта Азияда Абылайдың мансап жолындағы ой-арманын жүзеге асыруына жүзеге асыруына 
жағдай  жасайтын  оқиғалар  болған  еді.  Ол  оның  халық  алдындағы  абырой-беделін  тіпті 
аспандатып  жіберді. 1745 жылы  қазақтарға  əзірейілдей  болған  Қалдан-Серен  дүние  салып, 
Жоңғарияда  билікке  таласқан  дүрбелең  басталады.  Қалмақ  тайшылары  енді  Абылайдан 
көмек  күтеді.  Ескі  кегі  зығырданын  қайнатып,  жоңғарларға  тісін  қайрап  жүрген  сұлтан 
олардың  алтыбақан  алауыз  боп  əлсіреуін  пайдаланып,  бірде  бір  жағына,  бірде  екіншісіне 
ыршып  шығып,  ұрыс-керістің  көрігін  қыздыра  түседі  жоңғарияны  тарихта  теңдесі  жоқ 
жылдамдықпен оп-оңай жаулап алған Цян-Лунның жеңімпаз əскерінің жоңғар жеріне келуі 
Абылайдың саясатына үлкен ықпал етеді. Жоңғария мен Кіші Бұқар аймағын оп-оңай өзіне 
қаратуы  жəне  қытайлықтардың  жауынгерлік  рухын  көтеріп,  басқыншылық  құштарлығын 
арттыра  түседі.  Зайыры,  император  Цян-Лун  хань  жəне  тань  əулеттерінің  заманын 
қайталағысы келгенге ұқсайды. 1756, 1758 жəне 1760 жылдары Қытай жасақтары Орта жүз 
қазақтарының  жеріне  ат  ізін  тастайды.  Қазақ  билеушілері  Кіші  жүздің  ханы  Нұралы,  Орта 
жүздің ханы Əбілмəмбет пен Абылай аспанасты империясымен келісімге келуге құлшынады. 
1756  жылы  Абылай  өзін  Боғдыхан  вассалы  деп  мойындап,  бекзада  атағы  мен  жылпарақ 
алады. Ал Нұралы Пекинге елшілік жібереді. Қоқан билеушісі Ердене би 1758 жылы, кейін 
мұрагері  Нарбота  би  Көктің  ұлына  пенделігін  мойындайды.  Осынау  сфрттай  тəнтілікке 
қарамастан,  орта  азиялықтар  аса  абыржулы  еді.  Күшті  Жоңғария  құлап,  Кіші  Бұқардың 
басып  алынуы  адам  айтқысыз  үрей  туғызды.  Оның  үстіне  діндар  мұсылмандар  ақыр  заман 
болар алдында жердің жүзін қара қытай қаптайды деген аңызға қатты сенетінді. 1762 жылы 

43 
Орта  жүздің  ханы  Əбілмəмбет  пен  Абылай  сұлтанға 130 адамнан  тұратын  Қытай  елшілері 
келіп,  императордың  əмірі  бойынша  көктем  туа  Түркістан  мен  Самарқандқа  əскер 
шығатынын  жариялап,  алда  болар  жорық  үшін  көмекке  кісі,  көлікке  жылқы  мен  өгіз, 
сойымға  қой  сұрауы  қазақтардың  үрейін  тіпті  ұшырып  жіберді.  Олар  уақытша  өзара 
іріңгезекті  доғарып,  одақ  құрып,  оның  басына  қолбасшы  етіп  Нəдір-Шахтың  түменбасы, 
Қандағар  билеушісі  əрі  Дурани  əулетінің  негізін  қалаушы  Ахметті  тағайындады.  Абылай 
сырттай  одаққа  кіретін  сияқты  көрінгенімен,  шын  мəнінде  қытай  үкіметімен  байланысын 
үзбей,  барған  сайын  онымен  жақындаса  түсті.  Ол  тіпті  Пекинге  аманат  етіп  ұлы  Əділді 
жіберді. Бірақ Боғдыхан Абылайдың тəнтілігіне разы болып, Əділді қолына өкілеттілік қағаз 
беріп,  көп  сый-сыяпатпен  əкесіне  қайта  аттандырды.  Ал,  Абылайдың  өзі  болса  Сайрамкөл 
жағасына  Іле  цзян-цзунымен  (генерал-губернаторымен)  кездесіп,  онымен  сауда  шартын 
жасасты. Шарт бойынша Тарбағатай (Шəуешек) мен Іледе (Құлжа) айырбас сарайы ашылып, 
одан  қазақтар  айдап  əкелген  малына  қытай  бұйымдарын  айырбастап  алып  жүрді. 
Боғдыханның  мұндай  мейірімі,  əсіресе,  тарту-таралғысы  баққұмар,  даңққұмар  қазаққа 
ұнамай қалған жоқ[3, 25 б.].  
1738-1741  ж.  Абылай  бастаған  қазақ  қолы  жоңғар  басқыншылырына  бірнеше  мəрте 
соққы берді. 1742 ж. Абылай тұтқиылдан шабуыл жасаған жоңғарлардың қолына тұтқынға 
түседі. 
Сол 
кездегі 
ойрат 
басқыншыларына 
қарсы 
күрестің 
ең 
белсенді 
ұйымдастырушыларының  біріне  Абылайдың  жау  қолына  түсуі  қазақ  қоғамында 
абыржушылық  туғызып,  Абылайды  босатып  алу  үлкен  саяси  мəселеге  айналды.  Тарихи 
жырларда қазақ билеушілерінің атынан Төле би мен Əбілқайыр хан Орынбор əкімшілігінен 
Абылайды  тұтқыннан  босатып  алуды  ара  түсуге  өтініш  жасайды.  Бұл  деректің  шындық 
екенін осы кезеңде Орынбор губернаторы И.Ш. Неплюев пен Əбілқайырдың өзара жазысқан 
хаттары  да  дəлелдей  түседі.  Қазақтың  үш  жүзінен  Төле  би  бастап 90 адам  елші  барып, 
келіссөз жүргізіп, 1743ж. 5 қыркүйекте Абылайды тұтқыннан шығарып алады. Бұл жөнінде 
Неплюевтің  сыртқы  істер  коллегиясына  жазған  хатында  қазақтар  мен  қалмақтар  бітімге 
келіп,  бірігіп  кете  ме  деген  қауіп  те  білдірген.  Өмірінің  соңғы 15 жылында  Орта  Азия 
хандықтарына  қарсы  тынымсыз  күрес  жүргізді. 1765-67 ж.  А.  Қолының  Қоқан  билеушісі 
Ерденбекпен  соғысының  нəтижесінде  Түркістан,  Сайрам,  Шымкент  қалалары  қайтадан 
қазақтар иелігіне өтті[4, 40 б.]. 
Абылай  билігінің  күшейге  түсуінің  жаңа  кезеңі 1744 ж.  Əбілмəмбеттің  Түркістанға 
көшіп кетуі  уақытына  саяды.  Абылай  көреген  саяси  қайраткер  бола  отырып,  қалмақтармен 
аса  ауыр  соғыстардан  қалжыраған  елінің  есін  жиғызу  үшін  дипломат  жолдарды  да  тиімді 
пайдаланды. 1740ж.  тамызда  ол  Орта  жүз  ханы  Əбілмəмбетпен,  тағы  да  басқа 120 
старшынмен  Орынборға  келіп,  орыс  өкіметінің « қамқорына»  кіруге  келісім  білдіреді. 
Сонымен  бір  мезгілде қазақ халқының  тұтастығын  сақтау  мақсатында  Шың  империясымен 
де  қарым  қатынасын  суытпады.  Петербург  пен  Пекинге  елшіліктер  аттандырды.  Ол  Ресей 
мен  Қытай  империяларының  өзара  қайшылықтарын  қазақ  хандығы  мүддесіне  пайдаланып 
отырды.  Абылай 1745ж.  Қалдан  Серен  дүние  салғаннан  кейін,  Жоңғарияның  билеуші 
топтарының  тақ  таласынан  əлсіреп,  бұрынғы  əскери  қуатынан  айырыла  бастауын  жəне 
жоңғар  –қытай  соғысын  Шығыс  түркістанмен  іргелес  өңірдегі  ойраттардың  уақытша 
билігінде  қалған  қазақ  жерлерін  қайтаруға,  елдің  дербестігін  толық  қалпына  келтіруге 
пайдалану  үшін  барынша  күш  салды.  Абылай  қазақ  елінің  тəуелсіздігіне  нұқсан  келтіретін 
жағдаяттармен аянбай күресіп, дербес сыртқы саясат ұстанып өтті. 
Жазба  деректерде  Абылайдың  шетел  басқыншыларына  қарсы  табанды  соғыс 
жүргізгендігі  айқын  көрсетіледі. 1752 ж.  ол  бастаған  қазақ  əскері  шамасы 15 – 20 мың 
адамдай ойраттар қолының шабуылына тойтарыс берді. 1753ж. желтоқсанда Абылай 5 мың 
жауынгерімен жоңғар əскерлерімен шайқасып, бірталай қазақ жерін азат етті.1754 ж. сəуірде 
Абылай бастаған 1700 қазақ əскері 10 мың қалмақпен соғысуға мəжбүр болса, ( Қаратал өз 
бойынша),  сол  жылдың  шілде  –тамыз  айында 4 мың  əскермен  Жоңғарияға  жорық  жасап, 
3000  қалмақты  тұтқынға  алып  келген. 1756 ж.  Абылайдың  бастауымен  қазақтар  қытайлар 
мен  қалмақтардың  біріккен  күшімен  екі  рет  шайқасып,  оның  бірінде  жеңіліп,  екіншісінде 

44 
жеңіске жетеді. 1757 ж. Абылайдың 6 мың əскері Қытайдың 40 мың əскерімен шайқасынан 
соң,  қытайлар  Абылайдан  бітім  сұрады. 1753-1754 жылдардағы  шайқастарға  Қабанбай, 
Бөгенбай,  Жанатай,  Керей  Жəнібек,  Өтеген  батырлар  қысы  –жазы  үзбестен  қатысады. 
Абылай  бірде  Қалдан  Серемен  бітімге  келсе,  бірде  Дабашыны  шауып,  бірде  оны  жəне 
Əмірсананы өзіне паналатты. Сөйтіп Ойрат ұлысының бөлшектене беруін көздеді. Тегеурінді 
əскери  қимылмен  қатарластырыла  жүргізілген  дипломатиялық  əрекеттері  Абылайды  өз 
заманының ұлы қайраткерлері деңгейіне көтерді. Осының нəтижесінде Абылай əскері 1771 
ж. Мойынты өзенінің бойында болған қалмақтармен ауыр шайқаста жаңа жеңіске жетті.  
Саяси  ахуал  тұрақталған  шақта  Абылай  қазақ  жерінің  бүтіндігіне  қол  сұққан 
басқалармен де ымырасыз күрес жүргізді. 1754 -55 жəне 1764 ж. қырғыздар Жетісуда біраз 
ауылдарды шауып, Жауғаш, Көкжал Барқ пен Шынқожа батырлар бастаған əскерлерді Ақсу, 
Көксу  жəне  Шу  бойында  талқандайды.  Осы  себептіАбылай 1755, 1765 жылдары  Қырғыз 
ұлысына  қарсы  жорық  жасап,  Іленің  сол  жағасын,  Шу  бойын  тазартады,  қазақ  пен 
қырғыздың  Нарынқолдан  Қордайға  тартылған,  күні  бүгінгі  дейін  сақталып  отырған 
шекарасын анықтайды[5, 50 б.] 
1771 жылы жасы жеткен Əбілмəмбет хан дүние салды. Қалыптасқан дəстүр бойынша 
Орта жүздің ханы болып не Əбілмəмбеттің інілерінің бірі, не үлкен ұлы Əбілпейіз сайлануға 
тиіс еді. Алайда басты сұлтандардың, старшындардың, Əбілпейіздің өз қалауымен үш жүздің 
басшы  өкілдері  Түркістанда  Абылайды  хан  көтерді.  Абылай  іс  жүзінде  Орта  жүздің  ғана 
емес, бүкіл Қазақ ордасының ұлы ханы болды. 
Абылай  өмір  жолын  ат  үстінде,  жорықтарда  өткізіп,  Арыс  өзені  жағасында  қайтыс 
болды.  Сүйегі  Түркістан  қаласындағы  Қожа  Ахмет  Иасауи  кесенесінің  ішінде  Қабырхана 
мен Ақсарай арасындағы дəлізді жерлеген. Оның есімі тəуелсіздік символында жауынгерлік 
ұранға  айналды.  Балаларының  барлығы  тікелей  саясатпен  айналысқан  Олардың  ішінде  көп 
жетістікке жеткендері – Уəли, Шыңғыс, Тоғум, Рустем, Есім, Қасым, Кенесары, Шоқан[6, 15 б.]. 
Халқының қамын жеген қайраткер екенінің айғағы мына бір аңыздарда көрінеді. Омбы 
генерал-губернаторының хатында Абылай сұлтанға екі сұрақ қойыпты: Соның бірі: «Егер де 
Ресей мен Қытай екеуі соғысып қалса, кімді жақтар едіңіз?» - дейді. Абылай: - «Ешкімді де. 
Бізге бейбіт өмір қажет»[7, 20 б.] деп жауап қайтарған екен.  
Аңыздардың  бірінде  Абылай  өмірінің  ақтық  сəтінде,  науқастанып,  жаны  қиналғанда: 
«...  Жаудың  жағасынан  алып,  жұлқысып  жүріп  өлмей,  қайдағы  бір  түйнектен  кетіп  бара 
жатқанымды қарашы!» - деп күйзеліпті. Абылай аузынан айтылған осы сөздің өзінде оның 
батырлық  тұлғасы,  өршіл  рухы  сезіледі.Абылай  ажал  алдында  да  хас  батырша  ұрыс 
алаңында өлуді армандаған, ұрыс даласын аңсап өткен. 
Абылайдың  өз  əулетіне  келсек,  ол  туралы  алғашқылардың  бірі  болып  мақала  жазған 
Шоқан  Уəлихановтың  айтуынша,  ұлы  тұлғаның  он  екі  əйелі,  қырық  қызы,  отыз  ұлы 
болған[8, 40 б.]. 
Абылайдың қазақтың ұлы ханы болуымен қатар, дəулескер күйші ретінде белгілі. Ол – 
«Ақ  толқын», «Ала  байрақ», «Бұлан  жігіт», «Дүние  қалды», «Жетім  торы», «Қайран  елім», 
«Қара  жорға», «Шаңды  жорық»,  т.б  күйлерінің  авторы.  Бұлардың  əрқайсысының  өзіндік 
тарихы  бар.  Күйлерінің  атына  қарап  ерлігін,  биіктігін  байқауға  болады.  Екі  жүз  жылға 
созылған  қазақ  халқының  жоңғар  шапқыншылығына  қарсы  азаттық  күресінің  соңғы 
жаңғырығы  алаш  жұртының  есінде  «Шаңды  жорық»  деген  атпен  белгілі.  Бұл  күйдің  аты 
айтып  тұрғандай,  жорыққа  аттанар  кезде  батырларға  күш  беретін  темптегі  күй. «Қара 
жорғаны»  өзінің  сəйгүлігіне,  яғни,  сенімді  серігіне  арнаған.  Бұл  шығармаларынан 
Абылайдың ішкі толғаныстарын, сезімдерін аңғаруға болады. 
Тəуелсіздігіміздің  мəңгілік  болуы  үшін  Абылай  хан  секілді  біртуар  ұлы 
перзенттеріміздің  сіңірген  еңбегі  зор.  Өйткені  Абылай  қазақтардың  басына  күн  туған  аса 
қиын кезеңде тарих сахнасына шыққан. Қазақ жұртына Жаратқан Иеміз оң қабақ танытып, 
Абылайдай  ұлы  тұлғаны  ғайыптан  əкеліп,  ел  тұғырына  қондырып  еді.  Қазақ  қайраңдап 
қалған  қилы  заманда  Абылайдың  айналасына  жиналды,  оның  тұлғасынан  қуат  алып,  пір 
тұтты.  Сөйтіп  ол  жан-жақтан  анталаған  жаудан  елді,  жерді  қорғап,  ата  жауымыз 

45 
жоңғарлардың  жер  бетінен  жойылып,  тұқымымыздың  тұздай  құрып  кетуінен  аман  алып 
қалды.     Қазақ  хандары  билігі  тарихында  Абылай – «ұлы»  хан  ғана  емес,  сонымен  қатар, 
Қазақстан территориясының қауіпсіздігін, дипломатиялық қатынастарды нығайта отырып, өз 
беделі мен көрегендік саясатының арқасында сақтай алған дарынды тұлға болды.     
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Назарбаевта  Абылайдың  жеке  басына: «Ел 
басына  ауыр  күн  туған  ХVІІІ  ғасырдың  орта  тұсында  ұлы  ханымыз  Абылай  керемет 
қолбасшы ретінде де, ақылы терең дипломат ретінде де таныла білді» деп жоғары бағалады. 
Абылай ханның өміріне, қайраткерлік, қолбасшылық қызметіне шетелдік тарихшылар да өз 
пікірлерін  айтумен  келеді.  Ағылшын  зерттеушісі  М.Олкот: «Абылай – қазақтың  соңғы 
тəуелсіз  ханы.  Ол  хан  болу  үшін  Ресей  өкіметіне  жүгінген  жоқ.  Билікті  тура  өз  халқының 
қолынан  алды»,  ал  академик  В.Бартольд  «ХVІІІ  ғасырдың  хандарының  ең  құдіреттісі – 
Абылай.  Ол  өте  қу  саясат  жүргізді.  Қазақ  еліне  қажет  шешімді  бірден  қабылдап,  ұлтқа 
қатысы  жоқ  мəселені  бойына  жолатпады»  деп  ерекше  ұлығылады.  Бұл  Абылай  ханның 
дипломатиялық еңбегіне берілген лайықты баға десек болады. 
Айбарлы  Абылайдың  аңсаған  асқақ  арманы,  ұлы  мұраты – Тəуелсіздіктің  қызығын 
бүгінгі  ұрпақ  көріп  отыр.  Қазақстан  қазір  төрт  құбыласын  тегіс  мойындатқан  іргелі  елге 
айналды.  Қандай  қиын-қыстау  замандарды  бастан  өткерсе  де,  елдігін  жоғалтпаған  қазақ 
халқы Абылай армандаған мамыражай бейбіт өмірді көрді. 
Абылай  заманы  ерліктің,  жаугершіліктің  ғасыры  деп  бағаланбайды,  ынтымақтың  іс-
жүзінде  тұтасқан  кезеңі  деп  өнегелеп  кетеді.  Бүгінгі  таңда  да  бірлігіміз  кетсе,  елдігіміз 
кететінін терең ұғынған жөн. Сондықтан əрқайсысымыз Тəуелсіз Қазақ елінің басына қонған 
бақытын  баянды  ету  жолында  ұлтжандылық  пен  намыстылықты,  ауызбіршілікті,  ана 
тілімізді,  салт-дəстүрімізді  ұрпақтан-ұрпаққа  ұлағат  етіп  қалдырып,  ғасырдан-ғасырға 
аманаттайық.  Бірліктің  дəуірі  болған  Абылай  хан  заманын  өнеге  тұтып,   оның  тағылымын 
бойымызға дарытайық. 
 
Əдебиеттер тізімі 
1.  Баяндин Н. Дала жұлдызы. - А., 1990 ж. 
2.  Бірмағанбетов Ə. «Туған өлкені зерттеушілер». - Алматы, 1978. 
3.  Абылай хан. Кенесары: ( ұлт-азаттық қозғалыс мəселелері) – Алматы: Ғылым, 1993.  
4.  Ч. Валиханова – Ч.Ч.Валиханов. Собр. Соч..: в 5-ти т. - Алма-Ата, 1972, Т. 5. 
5.  Дулатова Д., “Шоқан - тарихшы”. -  А: “Қазақстан” 1982 ж.  
6.  Ə.Х.Марғұлан «Шоқан шығыстанушы Шыңғысұлы Уəлихановтың өмірі мен қызметі 
– Кіт.: Шоқан Уəлиханов таңдамалы. - А., 1989 5-том. 42-43 бет. 
7.  Сүлейменов Б., Моисеев В.А. Шоқан Уəлиханов Шығыстанушы. - Алматы, 1985. 
8.  Қасымбеков М. Шоқан шығыстанушы. //Қазақстан тарихы əдістемелік журнал, 2005. 
№11.  40 бет. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет