С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті Казахский Национальный Университет имени С.Д.Асфендиярова Алматы, 2020
Инженерлік пәндер кафедрасы Су - химиялық өндірісітің шикізаты. Фармацевтикалық өндірісте суды дайындау және тазарту жолдары. Ассистент: Рыспаева С.Б.
Су табиғатта таза күйінде болмайды, онда əртүрлі тұздар еріген түрде болады. Судың жалпы көлемі 1386 млн. км3, ал осы көлемнің ішуге жарамды тұщы суы тек қана 35 млн. км3 немесе 25% құрайды. Жер шарының 70% қабатын мұхит жəне теңіз қоршаған. Тұщы судың 70%-ы мұзда, ал 30%-ы жерасты суында болады.
Табиғи сулар атмосфералық, жер үсті жəне жер астындағы болып жіктеледі.
Атмосфералық сулар – жаңбыр жəне қар сулары құрамындағы қоспалар: оттек, көміртек диоксиді (СО2), күкірт оксидтері, күкіртті су- тек, кейбір органикалық заттар жəне шаң-тозаң. Еріген минерал тұздар болмайды.
Жер бетіндегі сулар – өзен, көлдер, теңіз, мұхит сулары. Су құрамында тұз, газ, негіз, кышқыл жəне т.б. қоспалар бар. Теңіз суында еріген тұз мөлшері 10 г/кг, кейде одан да көп болады.
Жерасты сулары – минералды тұздардың біраз, органикалық заттардың аздаған мөлшері бар артезианды бұрғылау, құдық, бұлақ сулары.
Өндірісте судың пайдалануы
Химиялық өндірістерде су универсалды еріткіш, жылу тасымалдаушы жəне шикізат ретінде қолданылады. Су – сутек жəне оттек алудың көзі, қышқыл, сілті алуда, сонымен бірге көптеген химиялық үдерістерде реагент болып табылады. Сонымен қатар ол өнімдер мен аппараттарды жылытуға немесе салқындатуға, вакуумды құруға және бу шығаруға, еріткіштерді, реакциялық ортаны, экстрагентті немесе сіңіргішті, тасымалдауыш агенттерді, жууға арналған заттарға, айдау заттарына жұмсалады. Көптеген технологиялық процесстер жоғары температура мен қысымда өтеді, ондай технологиялар үшін деминералданған сулар қажет етіледі.