Байланысты: Дәріс 1. Су пайдалану жөнінде жалпы түсінік
Су тұтынушылар мен су пайдаланушылар. Су пайдалануда экономика салалары арқылы су тұтынушылар мен су пайдаланушыларды жеке қарастырады.
Су тұтынушылар – су ресурстарын су көзінен тыс пайдаланатын (коммуналдық қызметтердің, өнеркәсіптің, ирригациялық жүйелердің су тұтынуы) экономика салалары.
Су пайдаланушылар – су ресурстарын су көздерінен алмай пайдаланатын экономика салалары (гидроэнергетика, су транспорты, балық шаруашылығы және т.б.)
Су пайдаланушылар міндетті:
Су ресурстарын тиімді пайдалануға, су шығындарын қысқарту шараларын қабылдау;
Су нысандары мен су шаруашылық имараттарға ұқыптылықпен қарауға, оларға зиян тиюіне жол бермеуге;
Су пайдаланудың бекітілген шектеулері мен режимін сақтауға;
Су қорғау шараларын жүзеге асыруға міндетті
Бақылау сұрақтары:
Су пайдалану анықтамасы мен құрамы
Су пайдалану түрлері
3. Су пайдалану жіктемесі
4. Су пайдаланудың мақсатына қарай жіктемесі
5. Су пайдаланудың нысындар мен техникалық шарттары бойынша жіктемесі