9-слайд:
Ұзындығы 1000 км-ге жетпейтін өзендер:
Нұра 978 км
Торғай 825 км
Ойыл (өзен) 800 км
Сарысу 800 км
Жем 712 км
Талас 661 км
Үлкен Өзен 650 км
Кіші Өзен 638 км
Елек 623 км
Ырғыз 593 км
Сағыз өзені 511
Шідерті өзені 502 км
10-слайд
Ал Қазақстандағы көлдердің саны 48 мыңнан асады.
Ең ірі көл-Арал теңізі. Аумағы жағынан Аралдан кейінгі орындарда Балқаш, Зайсан, Алакөл мен Теңіз көлдері тұр.
12 ірі суқойманың жалпы ауданы 8816 шаршы шақырымды құрайды.
Суқоймалардың ең ірісі – Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма суқоймасы болып табылады.
11-слайд:
Еліміздегі өзен-көлдердің көпшілігінің экологиялық жағдайы сын көтермейді. Оған себеп-түрлі экологиялық қалдықтармен, қоқыстармен су көздерінің бітелуі, әр түрлі өндіріс орындарынан шыққан қалдықтардың өзен-көлдерге ағылылуы.
Жоғарыдағы аталған өзендердің көбісі өз бастауларын өзге мемлекеттердегі су көздерінен алатындықтан жыл сайын су тапшылығы сезіліп келеді. Осының салдарынан Амудария мен Сырдария арналары жылдан-жылға өз жағалауларынан шегініп, Арал теңізінің тартылуына әкеліп соғуда. Бір кездері шалқыған Аралдың орнын тұз бен құм басқан экологиялық аймақ пайда болды.
12-слайд
Судың адам денсаулығы үшін пайдасы орасан зор. Мен бұл туралы көптеген мәліметтер кездестірдім. Бейнежазбалар көрдім. Мәселен, таңертең ашқарынға 2 стакан су ішу арқылы көптеген аурулардан белгілі бір уақыт аралығында арыла алатындығын көріп таң қалдым. Осы бір бейнежазба мені ғылыми жоба жұмысын жүргізуде «Су-тіршілік көзі» тақырыбын таңдап алуыма ықпал етті. Мәселен, таңертең ашқарынға екі стакан ыстық су ішу арқылы демікпе, бүйрек, асқазан, қатерлі ісік аурулары секілді аурулардан айығуға болады екен. Ол үшін ыстық су ішкен соң 45 минуттан соң барып тамақ ішу керек. Ал мұздай су ішу адам ағзасы үшін зиянды екен. Өйткені, мұздай су адамның бауырын зақымдайды екен. Сондай-ақ, суды жеткілікті мөлшерде пайдаланған жағдайда ағзадан тұздар мен улы заттар шығарылады екен. Сондықтан, жұқпалы аурулар мен улану кезінде көбірек ауыз су ішу ұсынылады.
Сонымен медицинада судың мынадай қасиеттері дәлелденген:
- Энергия айналымын өзгертуге көмектеседі;
- Организмге нәрлi затты сiңiруге көмектеседi;
- Тыныс үшiн оттекпен қамтамасыз етеді;
- Дене ыстығын реттеуші қызметін атқарады;
- Ағзадағы зат алмасуды қызметін жақсартады;
- Тiршiлiкке қажетті маңызды органдарды қорғайды;
- Ағзадан әр түрлi қалдықтарды шығарады.
Достарыңызбен бөлісу: |