Баяндама
Судың ластануы, су қорларын қорғау және суды тазалау әдістері
Аңдатпа
Қазіргі кезде су қоры жылдан-жылға ластануда. Оған эсер етуші көптеген факторлар бар. Сонын ішінде антропогендік фактор, яғни адам іс-әрекетінің нәтижесінде болатын ластану түрлері. Қазіргі кезде суды тазалау мақсатында қолданылатын көптеген жаңа технологиялар бар, яғни бұл технологиялар химиялық, биологиялық, физикалық жағынан ластанған суларды тазартып отырады.
Cy айдындары биологиялық, химиялық, физикалық заттармен ластануда. Оған негізгі себеп тазартылмаған ағынды суларды өзен-көлдерге жіберу. Қазақстан жағдайында өзен-көлдердің ластануы көбінесе өнеркәсіп шоғырланған аймақтарда, полигондар мен мұнай-газ өндіретін жерлерде жаппай сипат алуда. Сонымен қатар тущы су қоры да күннен-күнге азаюда. Осыған орай ресурстарды тиімді пайдалану және тазарту мақсатында көптеген технологиялар жасап шығарылды. Қазіргі таңда суды тазалаудың бірнеше түрі бар. Судың физикалық, химиялық және биологиялық қасиеттерінің өзгеруі салдарынан, оның табиғи тазару және жаңғыру қабілетінің азаюынан су ресурстарының жағдайы өзгереді. Сондықтан барлық су ресурстары ластанудан, қоқыстанудан және сарқылудан қорғалуы тиіс. Олай болмаса, табиғи жуйенің экологиялық тұрақтылығы бұзылып, халықтың денсаулығы нашарлап, балық қорлары азаюы және сумей қамтамасыз ету нашарлауы мумкін.
Дүниежүзілік су қорларының ластануы бүкіл адамзат қауымын алаңдатып отыр. Бұл мәселе Қазақстанға да тән. Судың ластануы көп түрлі әрі ең соңында су экожүйесін бүлдірумен аяқталады.
Cy айдындарының ластануын былайша топтайды:
Биологиялық ластану: өсімдік, жануар, микроорганизмдер және аш бейімді заттар;
Химиялық ластану: уытты және су ортасының табиғи құрамын бүлдіретіндер;
Физикалық ластану: жылу-қызу, электрмагнитті өріс, радиактивті заттар.
Cy бассейнінің ластануының негізгі себептері – тазартылмаған ағын суларды өзен – көлдерге жіберу.Бұған жол беретіндері:
Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықтар;
Өнеркәсіп орындары;
Ауыл шаруашылығын химияландыру;
Халық шаруашылығының басқа да салалары.
Ағын суларға құйылатын лас сулар да бірнеше топқа бөлінеді. Оларды қоспалар (ерімейтін, коллоидты, еритіндер), лас сулар (минералдық, органикалық, бактериалдық, биологиялық) деп жіктейді. Өнеркәсіпте пайдаланатын сулар мен синтетикалық жуатын заттармен судың ластануы өте қауіпті. Бұл заттар – химиялық ластану көздері. Соның ішінде сулы экожүйелердің пестицид, гербицид және басқа да химиялық улы препараттармен ластануы Қазақстанда кең етек алған.
Қазақстан жағдайында өзен-көлдердің ластануы көбінесе өнеркәсіп шоғырланған аймақтарда, полигондар мен мұнай-газ өндіретін жерлерде жаппай сипат алуда.
Өзендердің ішінде Ертіс су алабы Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты, Лениногор қорғасын зауыты, Березов кені, Зырян зауыты секілді өндіріс орындарының сарқынды лас суларымен ластануда. Cy құрамында қорағасын, мырыш, сынап, т.б. ауыр металдар шекті мөлшерден асып кетуі жиі байқалады.
Соңғы жылдары Каспий теңізінде мұнай өндіруге байланысты және теңіз деңгейінің табиғи көтерілуі аймақтың экологиялық тыныс-тіршілігін шиеленістіріп отыр. Теңіздің көтерілуі жүздеген мұнай-скважиналарын, мұнай қоймалары мен өңдеу объектілерін істен шығарды. Қазір бұл жерлерде 6 мұнай-газ кені, жүздеген елді мекендер, коммуникациялар, өнеркәсіп орындары су астында қалды. Нәтижесінде, теңізге көптеген мөлшерде лас заттар, мұнай өнімдері, органикалық қосылыстар, ауыр металдар суға араласуда. Оның үстіне Еділ және Жайық өзендерінің лас сулары теңіз суын уландыра тусуде [1].
Республика жерінде ашық су көздерінің бактериялық ластануы өте жоғары. Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Семей, Талдықорған облыстарының аумағындағы су көздерінде зиянды бактериялардың көптігі белгілі болды. Сонымен 99
Бірге ірі қалалардың төңірегінде лас су жинағыштардың экологиялық күйі мәз емес. Қалаларда немесе олардың төңірегінде орналасқан өндіріс мекемелері қандай өнім өндірсе, соның қалдықтары жерасты суына түсіп, содан геохимиялық провинциялар қалыптасуда:
Ақтөбеде жерасты суларын ластайтын: мұнай, фенол, кадмий, алюминий қалдықтары, сульфаттар;
Жамбылда – фтор (F), сары фосфор;
Павлодарда – сынап (Hg), мұнай;
Шымкентте – қорғасын (Pb), фосфор (P), мышьяк (Ag), т.б [2].
Қазіргі таңда тұщы сулардың әртүрлі ластаушылармен: пестицидтермен, және химикаттармен, мұнаймен және мұнай өнімдерімен ластануы негізгі мәселелердің бірі болып отыр. Өнеркәсіпті елдерде су айдындары мен су қоймаларының ластануы күннен-күнге артуда. Мұхиттардың мұнай және мұнай өнімдерімен ластануы бүкіл дүниежүзінде мұнай өнімдерін көптеп қолдануға байланысты болып отыр. Осының әсерінен теңіз шельфтерінен мұнай өндіру, танкерлық флот дамуда. Мұнай өндіру және оны тасымалдау кезінде, құбырларда жиі авариялар болып, нәтижесінде мұхит бетінде мұнайлы дақтар жүздеген, мыңдаған километр жерді ластайды
Кесте. Өнеркәсіптік ақаба сулардағы ластаушы заттардың мөлшері
(Э. А. Арустамов бойынша, 2015)
Ластаушы заттар
Әлемдік масштабта, (жылына млн/тонна)
Суды тазалаудың технологиялары. Ресурстарды тиімді пайдаланудың негізгі бағыттарының бірі – қайта өңдеп пайдалану, тазалаудың жаңа технологияларын қолдану, ұйымдастыру шаралары. Суды қайталап (екінші рет) пайдалану өнеркәсіп орындарында әртүрлі технологиялық процестерде қолданылады.
Қазіргі таңда суды тазалаудың мынадай түрлері бар:
Термиялық (буландыру және өртеу);
Гидромеханикалық (сүзу және тұндыру, жүзгіш заттарды ұстау, центрофугадан және сүзгіден өткізу);
Физика-химиялық (коагуляция және флокуляция, флотация, адсорбция, радиациялық және иондық алмасу, экстракция, кері осмос, десорбция, электрохимиялық әдістер).
Химиялық (бейтараптау (нейтралдау), тотығу-тотықсыздану, ауыр металдар иондарын аластау).
Биохимиялық (аэробты және анаэробты).
Суды залалсыздандыру – судың ауру тудырғыш микроорганизмдерден (оба, тырысқақ, іш сүзегі, жұқпалы гепатит т.б. ) тазалануы. Көптеген жылдар бойы ішетін суды хлордың көмегімен залалсыздандырып келді. Алайда полихлорлы бифенилдердің улы екені, олар өте улы диоксинді түзеді. Қазіргі кезде суды озонмен өңдейді.
Судың физикалық, химиялық және биологиялық қасиеттерінің өзгеруі салдарынан, оның табиғи тазару және жаңғыру қабілетінің азаюынан су ресурстарының жағдайы өзгереді. Сондықтан барлық су ресурстары ластанудан, қоқыстанудан және сарқылудан қорғалуы тиіс. Олай болмаса, табиғи жүйенің экологиялық тұрақтылығы бұзылып, халықтың денсаулығы нашарлап, балық қорлары азаюы және сумен қамтамасыз ету нашарлауы мүмкін [3].
Гіайдаланған әдебиеттер тізімі:
Ә. Бейсенова, А. Самақова, Т. Есполов, Ж. Шілдебаев// Экология және табиғатты тиімді пайдалану// Алматы, 2004 ж.
А. Нұрғызарынов, Ж. Шілдебаев// Экология және тұрақты даму// Астана, 2014 ж.
А. Т. Қуатбаев// Жалпы экология// Алматы, 2012 ж.
Достарыңызбен бөлісу: |