Суйнбаева Жазира Алғазықызы хо 2 топ (магистратура) Инклюзивті білім беру үшін «Жоғары молекулалық қосылыстар химиясы»



Дата02.02.2023
өлшемі21,43 Kb.
#64739
Байланысты:
Суйнбаева Ж. МӨЖ 1


Суйнбаева Жазира Алғазықызы
ХО 2 топ (магистратура)
Инклюзивті білім беру үшін «Жоғары молекулалық қосылыстар химиясы» курсының оқу-әдістемелік кешенін түрлендіру
(х.ғ.к., доцент Уркимбаева П.И.)


Өзектілігі: Инклюзивті оқыту – барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеретін, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің дамуы. Инклюзивті оқыту балалардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдайлары да өзгереді. Инклюзивті оқытуды ашқан мектептерде оқыған балалар адам құқығы туралы білім алуға мүмкіншілік алады, өйткені олар бір - бірімен қарым - қатынас жасауға, танып білуге,үйренеді.
Зерттеу нысаны: ЖОО бакалавр бөлімінің білім алушылары.
Зерттеу пәні: «Жоғары молекулалық қосылыстар химиясы» курсы.
Мақсаты: «Жоғары молекулалық қосылыстар химиясы» курсының оқу әдістемелік кешенін білім алушылардың ерекшеліктеріне қарай түрлендіру.
Гипотеза: Егер инклюзивті білім алушыларға, олардың ерекшелігін ескере отырып, жоғары молекулалық қосылыстар химиясының оқу-әдістемелік кешенін түрлендіретін болсақ, онда пәннің қазіргі заманғы дамуындағы бағыттарын және олардың өндірістің әртүрлі саласында қолданысын түсіндіру және түсіну жеңіл болар еді. Сонымен қоса, оларға оқытудың жаңа технологияларын, полимерлердің физикасы мен химиясын оқыту біліктерін қалыптастыру үшін тәжірибелік сабақтардың материалдарын қолдана отырып, негізгі әдебиеттермен жұмыс істеудің тиімді жолдары ұсынылар еді
Міндеттері:

      • Инклюзивті білім беру бойынша оқу-әдістемелік кешендердің ерекшелігіне әдеби шолу жасау;

      • «Жоғары молекулалық қосылыстар химиясы» курсына сараптама бойынша оқу-әдістемелік кешенді түрлендіру, оқу материалдары мен тәжірибелік жұмыстарды енгізу;

      • «Жоғары молекулалық қосылыстар химиясы» курсының оқу-әдістемелік кешенін түрлендірудің инклюзивті білім берудегі тиімділігін тәжірибе жүзінде дәлелдеу.

Әдістері: Оқу-әдістемелік тәжірибе, әдебиеттерді талдау, анализ.
Зертеудің жаңашылдығы: Инклюзивті білім алушыларға оқытудың жаңа технологияларын, полимерлердің физикасы мен химиясын оқыту біліктерін қалыптастыру үшін тәжірибелік сабақтардың материалдарын қолдана отырып, негізгі әдебиеттермен жұмыс істеудің тиімді жолдары ұсынылды.
Зерттеудің теориялық және практикалық маңыздылығы: Инклюзивті оқыту – оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға, адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Сондықтан, инклюзивті білім алушылармен оқытудың жаңа технологияларын, полимерлердің физикасы мен химиясын оқыту біліктерін қалыптастыру үшін тәжірибелік сабақтардың материалдарын қолдана отырып, негізгі әдебиеттермен жұмыс істеу өте маңызды.
Диссертация құрылымы: Негізгі зерттеу мәселесін таңдау, мақсаттар мен міндеттерді анықтау диссертациялық зерттеудің құрылымын алдын-ала анықтады. Диссертация зерттеудің негіздемесі берілген кіріспеден, тақырыптың негізгі мәселелері ашылатын үш бөлімнен, қорытынды мен қосымшалардан тұрады. Қосымшада диссертацияға қатысты суреттер, кестелер, сызбалар берілді.
Қорытынды:

      • Инклюзивті білім беру бойынша оқу-әдістемелік кешендердің ерекшелігіне әдеби шолу жасалынды;

      • «Жоғары молекулалық қосылыстар химиясы» курсына сараптама бойынша оқу-әдістемелік кешенді түрлендіру, оқу материалдары мен тәжірибелік жұмыстарды енгізілді;

      • «Жоғары молекулалық қосылыстар химиясы» курсының оқу-әдістемелік кешенін түрлендірудің инклюзивті білім берудегі тиімділігін тәжірибе жүзінде дәлелденді.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет