Сулейменова зауре екпиновна


Дәріс №28 Оқытудағы диагностика және бақылау



бет44/86
Дата18.11.2023
өлшемі1,65 Mb.
#124467
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   86
Байланысты:
Педагогика

Дәріс №28 Оқытудағы диагностика және бақылау


Жоспар

  1. Оқыту сапасын диагностикалау

  2. Оқушылардың іс- әрекет нәтижесін бақылаудың мақсаты мен қағидалары

  3. Бақылау мен бағалаудың қызметі, түрлері, қазіргі замандағы формалары.

  4. Тестілік және рейтингілік бақылау.

  5. Бағалау жүйесі.

  6. Оқушылардың портфолиосы.

  7. Ұлттық Бірыңғай Тестілеу.



Мақсаты: оқыту процесіндегі бақылау мен бағалаудың маңызын көрсету, олардың формалары мен түрлерімен таныстыру, рейтинг және тест жүйелерінің тиімділігін көрсету, оларды қолдану тәсілімен таныстыру.


Негізгі ұғымдар: диагностика, бақылау, бағалау, белгілеу, үлгерім, бақылау мен бағалау әдістері, бағалау түсініктері, бағалау өлшемдері.
Оқушылардың білім, іскерлік, дағдыларын бақылау мен бағалау – оқу процесінің маңызды және қажетті құрамдас бөлігі болып табылады. Бақылау мен бағалау арқылы мұғалім оқушының оқу материалын меңгеру дәрежесін, сапасы мен көлемін анықтайды.
Педагогтар П.Горбунов, Е.С.Березняк, В.И.Иващенко, Е.И.Перовский, т.б. еңбектерінде бақылаудың тақырыптық түрлері практикалық жағынан талданады. Ал М.Р.Львов, Н.Н.Светловский, Т.Л.Коган, т.б. бақылауды ұйымдастырудың теориялық мәселелеріне талдау жасайды.
ХХғ. 20-шы жылдары «бригадалық» әдіске негізделген «өздігінен бақылау» түрлері кең көлемде қолданылды. Бұл жағдайда оқушылар тарапынан жауапкершілік азайып, оқу сапасы төмендеп кетті.
30-шы жылдары Е.В.Гурьянов, П.Г.Ананьев сияқты педагогтар бақылаудың тәрбиелік қызметіне көңіл бөле бастады.
40-60-шы жылдары оқушылардың білімін бағалау әрі оқыту, әрі тәрбиелеу мақсатын көздеді.
80-ші жылдардан бастап оқыту нәтижелерінің бақылау мен бағалау жұмыстарының дидактикалық-әдістемелік негіздері талданып, бір жүйеге келтіру жұмыстары жүргізіле бастады.
Бақылау – кең көлемде бір нәрсені тексеру дегенді білдіреді. Бақылау оқыту процесінде оқушылардың оқу әрекетіне басшылық жасау қызметін атқарады, олардың творчестволық күші мен қабілетінің дамуына ықпал етеді.
Бақылаудың психологиялық-педагогикалық мәні – оқушыларға дер кезінде көмек көрсету.
Бағалау деп оқушылардың Б.І.Д.-ның сапасын анықтауды айтады. Бағалау арқылы оқушылардың оқу үлгерімін бақылаудың нәтижесі көрінеді.
Бақылау мен бағалаудың қызметі үш жақты сипатталады: білімдік, тәрбиелік, дамытушылық.
Бақылаудың қызметі:
1. Білімдік – Оқушылар жаңа білімді қабылдайды, бұрынғы білімдерін толықтырады.
2. Тәрбиелік – Бақылау нәтижесінде күнделікті сабаққа дайындалады, жауапкершілігі артады.
3. Дамытушылық - өз бетімен жаңа білімді қабылдайды, қорытынды жасайды, баяндамалар дайындайды.
Бағалаудың қызметі:
1. Білімдік – Оқушылар обьективті білім алады, іскерлік пен дағдыны игереді.
2. Әділ қойылған баға оқушылардың жауапкершілігін, ынтасын арттырады, еңбексүйгіштік пен адамгершілікке тәрбиелейді.
3. Ой-өрісін кеңейтеді, ойлау тәсілдеріне үйретеді, кемшілікті жоюдың жолдарын іздестіреді.
Бақылау мен бағалау сабақтың әр кезеңінде жүзеге асырылады.
Педагогикада бақылаудың көптеген түрлері бар. Мысалы, ғалым-педагогтар Ю.К.Бабанский, Н.А.Сорокина бақылауды 3-ке бөледі:
* күнделікті бақылау
* оқтын-оқтын бақылау
* қорытынды бақылау.
Ал Г.И.Щукина бақылауды 5 түрге бөледі:
* күнделікті бақылау
* оқтын-оқтын бақылау
* тақырыптық бақылау
* қорытынды бақылау
* емтихан
Педагог –ғалым Е.А.Дмитриев 4-ке бөледі:

  • күнделікті бақылау

  • тақырыптық бақылау

  • қорытынды бақылау

  • нәтижесі

Ал профессорлар Ж.Б.Қоянбаев пен Р.М.Қоянбаевтың «Педагогика» (Алматы, 1998ж.) оқулығында:

  • тарау бойынша бақылау (оқтын-оқтын)

  • тақырыптық бақылау

  • қорытынды бақылау

деп бөлінген. Енді бақылаудың кейбір түрлеріне тоқталайық:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет