Сулейменова зауре екпиновна


Дәріс №30 Мұғалімнің кәсіби іс-әрекетіндегі оқыту технологиялары



бет47/86
Дата18.11.2023
өлшемі1,65 Mb.
#124467
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   86
Байланысты:
Педагогика

Дәріс №30 Мұғалімнің кәсіби іс-әрекетіндегі оқыту технологиялары


Жоспар:

  1. Инновация туралы түсінік.

  2. Педагогикалық инновацияның обьектісі мен пәні.

  3. Инновациялық мектептер.

  4. Педагогикалық технологиялардың түрлері мен жіктемесі



Мақсаты: Білім берудегі инновациялық процестерге сипаттама беру.


Негізгі ұғымдар: технология, педагогикалық технологиялар, шығармашылық, мұғалімнің шығармашылық іс-әрекеті, технологиялардың түрлері, технологиялардың жіктемесі.

«Инновация» термині ағылшын тілінен аударғанда жаңалық дегенді білдіреді. Инновация құрал және процесс ретінде әлдебір жаңалықты енгізу деген сөз. Педагогикалық процесте инновация оқыту мен тәрбиенің тәсілдері, түрлері, мақсаты мен мазмұнына, мұғалім мен оқушының бірлескен қызметін ұйымдастыруға жаңалық енгізуді білдіреді. Инновация өздігінен пайда болмайды. Ол ғылыми ізденістердің, жекелеген мұғалімдер мен тұтас ұжымның озық педагогикалық тәжірибесі.


Білім берудегі инновациялық процестердің мәнін педагогиканың маңызды екі проблемасы құрайды: 1) озық педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау және тарату проблемасы, 2) педагог-психолог ғалымдардың жетістігін практикаға енгізу проблемасы.
Жаңа енгізілген инновация адамның кәсіптік қызметінің бәріне тән болғандықтан, ол табиғи түрде зерттеудің, талдаудың және тәжірибеге енгізудің нысанына айналады.
ТПП-тің инновациялық стратегиясында жаңашылдық процестерді тікелей алға апарушылар ретінде мектеп директоры, мұғалімдер мен тәрбиешілердің ролі артуда. Оқыту процесінің көптүрлілігіне қарамастан - дидактикалы, компьютерлік, проблемалық, модульдық және т.б. – жетекші педагогикалық қызметті іске асыру мұғалімнің еншісінде қалып отыр. Мұғалімнің кәсіптік қызметі арнаулы, пәндік білімдермен ғана шектелмей, педагогика мен психологияның, оқыту мен тәрбие технологиясы салаларының қазіргі заманғы білімдерін де қамтитын болғандықтан, мұғалімнен арнайы психологиялық-педагогикалық дайындық талап етіледі. Осы негізде педагогикалық инновацияны қабылдау, бағалау, және іске асыруға дайындық қалыптасады.
Педагогикалық жаңалықты жасау, игеру және енгізуде басқару қызметі маңызды. Мұғалім жаңа педагогикалық технологияның, теория мен концепцияның авторы, талдаушысы, зерттеушісі, тұтынушысы және насихатшысы қызметін атқарады. Осы қызметті басқару мұғалімнің өз қызметінде әріптестерінің тәжірибесі немесе ғылымдағы жаңа идеялар, әдістемелерді дұрыс таңдап, бағалау және қолдануын қамтамасыз етеді.
Қазіргі заманғы білім беру, қоғамдық және мәдени даму жағдайында педагогикалық қызметте инновациялық бағыттың қажеттілігі бірқатар жағдайлармен анықталады:

  1. Қоғамда жүріп жатқан әлеуметтік, экономикалық қайта құрулар білім беру жүйесін, әдістемесі мен түрлі типтегі оқу орындарының оқу тәрбие процестерін ұйымдастырудың технологиясын түбірінен жаңартуды талап етуде. Педагогикалық жаңалықты жасау, игеру және пайдалануға негізделген мұғалім мен тәрбиеші қызметінің инновациялық бағыттылығы білім беру саясатын жаңартудың құралына айналуда.

  2. Білім беру мазмұнын ізгілендірудің күшеюі, пәндерінің көлемі мен құрамының үнемі өзгеріске ұшырауы, жаңа оқу пәндерінің енгізілуі жаңа ұжымдық формалар мен оқыту технологиясын үздіксіз іздестіруді талап етуде. Осы жағдайда мұғалімдер арасында педагогикалық білімнің ролі мен беделі артуда.

  3. Мұғалімнің педагогикалық жаңалықты игеру мен қолдануға деген қатынасы сипатының өзгеруі. Оқу-тәрбие процесінің мазмұнын қатаң тәртіпке бағындырып қойған жағдайда, мұғалімнің өз бетінше бағдарлама, оқулық таңдаудан бұрын педагогикалық қызметтің жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалануға мүмкіншілігі болмады. Егер бұрын инновациялық қызмет негізінен жоғарыдан ұсынылған жаңалықтарды практикада қолданумен шектелсе, қазіргі уақытта ол барынша баламалы, зерттеушілік сипат ала бастады. Содықтан да мектеп, білім беру органы басшыларының қызметіндегі маңызды бағыттардың бірі – мұғалімдердің енгізген инновациясына талдау жасап, баға беру, оны іске асыруға, қолдануғаи қолайлы жағдай жасау болуы тиіс.

  4. Жалпы білім беретін оқу орындарының нарықтық қатынасқа енуі, жаңа сипатты сынып ішінде мемлекеттік емес оқу орындарының құрылуы нақты бәсекелестік ахуал туғызуда.

Педагогикалық инновацияның критерийлері мынадай: жаңашылдық, оптималдық, жоғары нәтижелік, бұқаралық тәжірибеде шығармашылықпен қолдану мүмкіндігі,
Мұғалім қолға алған жаңалығының мәнін, оның жаңашылдығының деңгейін анықтап алуы тиіс. Біреулер үшін жаңалық болып көрінген құбылыс екінші біреулер үшін олай болмауы мүмкін. Осыған байланысты мұғалімдерді инновациялық процеске тартқанда олардың еріктілігін, тұлғалық ерекшеліктерін, дербестік, психологиялық мінездемелерін ескеру керек. Оптималдық нәтижеге қол жеткізуге мұғалім мен оқушының жұмсаған күшінің шығыны мен қолданған тәсілінің тиімділігін анықтайды. Оқу процесіне пеагогикалық инновацияны енгізіп, барынша аз дене, ой еңбегін және аз уақыт жұмсап жоғары нәтижеге қол жеткізу оның оптималдығын білдіреді. Нәтижелік мұғалімнің қызметіндегі оң нәтижелердің барынша тұрақтылығын білдіреді. Инновацияны бұқаралық тәжірибеде шығармашылықпен қолдану мүмкіндігі педагогикалық инновацияны бағалаудың критериі ретінде қарастырылады. Шындығында, құнды педагогикалық идея немесе технология шатты ерекшеліктерімен, күрделі техникалық жарақтандырылуымен немесе мұғалім қызметінің ерекшеліктерімен тар шеңберге тығылып, қолдану мүмкіндігі шектеулі болса, онда біз педагогикалық жаңашылдық туралы айта алмас едік. Инновация сыннан өтіп, обьективті баға алған соң ғана жалпыға бірдей қолдануға енгізуге ұсынылуы мүмкін.
Технология термині гректің техно-өнер, логос-білім деген сөздерінен құралған. Технология өндіріс процесінде шикізат, материал, жартылай фабрикаттың формаларын, қасиеттерін, жағдайларын өңдеу әдістерінің жиынтығытуралы ғылым деген мағынаны білдіреді. Мысалы, металдар технологиясы, химиялық технология, құрылыс материалдары технологиясы, т.б. Оқыту процесіне технология алғаш рет ХХғ. 40-50 жылдары енді. Техникалық оқыту құралдарының қолданылуымен "оқыту технологиясы" ұғымы пайда болды. 50-60-шы жылдары бұл ұғым "педагогикалық технология" болып өзгертілді. 60-шы жылдары американдық психолог Б.Скиннер негізін салған бағдарламалық оқытумен байланысты "оқыту технологиясы" термині қолданыла басталды. 70-ші жылдары компьютерлік құралдарды қолдануға байланысты "оқытудың ақпараттық технологиясы" туындады. 80-ші жылдары техникалық және компьютерлік жүйелердің дамуы салдарынан "педагогикалық технология" ұғымы оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру және басқару әдістері мен құралдарының жүйесі ретінде түсіндірілді. Қазіргі заманғы педагогика ғылымындағы педагогикалық технология білім беруші мен білім алушының жеке тұлғасын дамыту мақсатын оқыту мен тәрбиелеудің субьектілік негізіне ауыстыратын тәсілді іздестіруде.
Қазіргі уақытта "педагогикалық технология" ұғымына Б.Т.Лихачев, В.П.Беспалько, В.М.Монахов, Н.Д.Хмель, т.б. ғалымдар анықтама берген.
Зерттеуші ғалым В.С.Безрукова педагогикалық технологияларды оларды құрастыру негізіне жататын идеялары бойынша төрт топқа топтастырады:

  1. Танымдық процестерді қатал басқару технологиясы (модульдік технология, В.Ф.Шаталов технологиясы, П.М.Эрдниев технологиясы, М.И.махмутовтың проблемалық технологиясы, Л.В.Занков, В.В.Давыдов, Д.Б.Эльконин бойынша оқыту технологиясы, т.б.)

  2. "Еркін тәрбие" идеясына негізделген технологиялар (Ш.И.Амонашвилидің ізгілікті-оқыту технологиясы, Вальдорф педагогикасы, Л.Н.Толстой мектебі, Отбасылық мектеп, т.б.)

  3. "Мектептің жойылуы" теориясына негізделген технологиялар (парктік технология, дистанциялық оқыту, мәдениеттер диалогы мектебі, артпедагогика технологиясы т.б.)

  4. Невропсихикалық ықпал жасау технологиясы (суггестия, иландыру, түсінде ұйықтап жатқанда оқыту, биоритмология негізінде оқыту, гипноздық оқыту, медитация, аутотренинг, т.б.)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет