тақырып бойынша қосымша материалдар жинақтауға міндетті.
Студенттердің өзіндік жұмыстары қамтиды: - реферат, кейс, кроссворд, проблемалық міндеттерді шешу, т,б, үй тапсырмаларын орындауды көздейді (Үй тапсырмаларын студент кітапханада, т,б, орындарда орындайды).
- оқытушының тапсырмаларды орындау жайлы кеңес пен ұсыныстары. Бұл жерде семестр бойы жүйелілікті сақтау керек. СӨЖ тиімділігі оның әдістемелік қамтылуына байланысты. Ең алдымен, оқулықтар мен оқу құралдары, оқытушылар құрастырған әдістемелік нұсқаулар, Интернет ресурстары, оқу залының мүмкіндігі, т.б. құралдар.
Тапсырмаларды орындағанда оқулықтармен қатар сөздіктер, анықтамалықтар, энциклопедиялар, т.б. құралдарды пайдаланып, соңында көрсету керек.
СОӨЖ тақырыптары мен СӨЖ тапсырмалары
Тақырып 1. Қазақстандағы 12 жылдық орта білім беру үлгісінің ерекшелігі Тапсырма: ҚР 12-жылдық орта білім беру тұжырымдамасын зерттеңіз. Қазақстандық 12-жылдық мектептің құрылымын көрсететін кесте құрыңыз.
Тақырып 2. ҚР нормативтік құжаттарында анықталған қазіргі заман мұғаліміне қойылатын талаптар Тапсырма: Педагогикалық баспасөзден тақырып туралы мақалаларды іріктеп, оның жоспарын, тезисін құрып, конспекті жазыңыз.
Тақырып 3. Педагогика ғылым ретінде Тапсырма: Педагогика пәнін әртүрлі тұрғыдан ашып көрсететін кесте құру. Дайындалған кесте бойынша өз ойыңызды дәйектеңіз.
4 тақырып. Әлеуметтендіру, дамыту, тәрбие, оқыту, қалыптастыру ұғымдарының ара қатынасы Тапсырма: Тұлғаны дамыту, қалыптастыру факторларын ашып көрсететін жағдаяттарды таңдау және талдау.
5 тақырып. Қазіргі мектептегі тәрбие жүйесі және мазмұны Тапсырма: Баспасөз беттерінен қазіргі жеткіншектер мәселесі туралы материалдарды таңдау.
6 тақырып. Дүниетаным – қалыптасушы тұлғаның өзегі Тапсырма: Оқушы дүниетанымын қалыптастыруға өзіндік сызба-нұсқасын құру.
7 тақырып. Оқушыларды экологиялық мәдениетке тәрбиелеу Тапсырма: Сынып оқушыларына экологиялық тәрбие беру тақырыптарының үлгісін құрастыру (сыныпты таңдау бойынша).
8 тақырып. Оқушыларда салауатты өмір салтын қалыптастыру Тапсырма: Сынып оқушыларына салауатты өмір салтын қалыптастыру тақырыптарының үлгісін құрастыру (сыныпты таңдау бойынша).
9 тақырып. Тәрбие әдістері және олардың сипаттамасы Тапсырма: Тәрбие үдерісінің формалары мен әдістері, құралдарының жүйесі.
10 тақырып. Мектеп пен отбасының баланы әлеуметтендіру үдерісіндегі ролі Тапсырма: Сынып оқушыларының ата-анасын педагогикалық ағарту бағдарламасын даярлау (таңдау бойынша).
11 тақырып. Инклюзивті білім беру жүйесінің мәні мен мазмұны Тапсырма: Педагогикалық мәселелерді шешудегі мұғалімнің құзыреттілігінң мәнін интернет-ресурстағы материалдарға таңдау жасау
12 тақырып. Оқытудың инновациялық формаларын қолдану – педагогикалық шығармашылықтың нәтижесі Тапсырма: қазіргі мектеп тәжірибесіне инновацияны енгізудің мақсаты, компоненттері мен алгоритмін анықтау
13 тақырып. Сабақ – оқытудың негізгі формасы Тапсырма: өз пәні бойынша сабақ жоспарын құру.
14 тақырып. Оқушылардың оқу жетістігін бақыла умен бағалаудың қазіргі формалары. Тесттік және рейтингтік бақылау Тапсырма: нақты тақырып бойынша оқушылардың білімі мен біліктілігін бақылау жүйесін дайындау
15 тақырып. Қазіргі мектептегі оқушыларды сыни тұрғыдан оқыту технологиясы. Диалогтық технологиялар Тапсырма: Өз пәні бойынша жаңа технологияға негізделген сабақ жоспарын құру.