Сулейменова зауре екпиновна


Дәріс №29 Оқушылардың ТПҮ-тегі танымдық іс-әрекетін белсендендіру



бет46/86
Дата18.11.2023
өлшемі1,65 Mb.
#124467
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   86
Байланысты:
Педагогика

Дәріс №29 Оқушылардың ТПҮ-тегі танымдық іс-әрекетін белсендендіру
Жоспар:

  1. Оқыту – оқушылардың

  2. Белсенді танымдық іс-әрекет ұғымы.

  3. Оқушыларды оқыту мотивтері.

  4. Оқушылардың танымдық шығармашылық іс-әрекеттері.

  5. Оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендендірудің дәстүрлі және инновациялық әдістері.



Мақсаты: танымдық іс-әрекет және оны ұйымдастыру тәсілдері туралы түсінік беру. Оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендендірудің дәстүрлі және инновациялық әдістеріне сипаттама беру.


Негізгі ұғымдар: танымдық іс-әрекет, танымдық іс-әрекетті белсендіру, оқу әрекетінің мотивтері мен мотивациясы, интеллектуалды қабілет, функционалды сауаттылық, өздігінен білім алу

Танымдық әрекет – шәкірттің білімге деген өте белсенді ақыл - ой әрекеті. Ол танымдық қажеттіліктен, мақсаттан, таным қисындарынан және әрекетті орындаудың тәсіл - амалдарынан тұрады.Танымдық белсенділікті бір ғана белгімен көрсетуге болмайтын ұғым, оның алуан қырлы сипатын айқын көреміз. Белсенділік адамның әрекетке қатынасын өз бетінше әрекет етуге дайын болудан, ұмтылыстан, алға қойылған мақсаттарға жету үшін оңтайлы жолдарды таңдай білуден көрініс табатын жеке тұлғаның сипаты ретінде айқындалады. Оқушының танымдық белсенділігі өз кезегінде қабылдау, есте сақтау, ойлау, қиялдау үрдістері мен зейіннің тұрақты күйін қажет етеді.


Ұжымдық-танымдық іс-әрекет - әлеуметтік тәжірибені игерудегі, өз мүмкіндіктерін жүзеге асырудағы, өзіндік танымдық қажеттіліктерін іске асырудағы қиындықтарды жеңе отырып, қарым-қатынас жасау біліктеріне ие болу сияқты субьект позицияларын қалыптастыру мүмкіндігімен әрбір оқушыны қамтамасыз ететіндей мұғалім ұйымдастырған білімдік диалогтың барысындағы оқушылардың біріккен іс-әрекеті.
Оқушылардың ұжымдық-танымдық іс-әрекеті адамдық танымның әр түрлілігімен және оқыту процесінің қарама-қайшылығымен сипатталады. Қарама-қайшылықтарды шешудің мәні әрбір балаға қоршаған ортаны танып-білуіне, өзінің тұлғалық ресурстарын іске асыруына, өзін-өзі танытуына көмектесуінде. Сондықтан мұғалім оқушыны оқу барысында туындаған қиынщылықтарды, кедергілерді жоюға саналы түрде ұмтылдыра отырып, осы қарама-қайшылықтарды шешудің тәсілдерін айқындауда және оларды қолдана білуде жетекші роль атқарады.
Оқыту процесінің субьектілерінің қарым-қатынасы мен өзара әрекеттестігінің феномені педагогикалық әдебиеттерде және мектеп тәжірибесінде ұжымдық-танымдық іс-әрекет ретінде түсіндіріледі.
Қазіргі педагогикалық әдебиеттерде ұжымдық жұмыс ұғымын көп жағдайда фронтальдық жұмыс ұғымымен қатар қояды.
Ұжымдық-танымдық іс-әрекет - әлеуметтік тәжірибені игерудегі, өз мүмкіндіктерін жүзеге асырудағы, өзіндік танымдық қажеттіліктерін іске асырудағы қиындықтарды жеңе отырып, қарым-қатынас жасау біліктеріне ие болу сияқты субьект позицияларын қалыптастыру мүмкіндігімен әрбір оқушыны қамтамасыз ететіндей мұғалім ұйымдастырған білімдік диалогтың барысындағы оқушылардың біріккен іс-әрекеті.
Зерттеулерге қарағанда, жеке жұмыстарда оқу материалының 60-70%, ал ұжымдық жұмыста 89% меңгертіледі. Сапалы ұйымдастырылған ұжымдық оқу іс-әрекеті өз бетінше ойлауды дамытуға барынша қолайлы жағдай жасайды.
Ұжымдық-танымдық іс-әрекет оқытудың тәрбиелік тиімділігін арттырады, тұлғааралық қатынастарды қалыптастыруға оң әсер етеді, сыныпта қолайлы жағдай орнатуға, ұжымдық психологияның қалыптасуына көмектеседі. Ұжымдық жұмыс барысында оқушыларда достық, жолдастық, ұжымдық сезімдер қалыптасады.
Ұжымдық-танымдық іс-әрекеттің әртүрлі формаларына топтық жұмыс және оның түрлері жатады. Топта бес оқушының болғаны тиімді. Өйткені, үш оқушының талқылау жүргізу үшін қажетті пікірлері мен ұсыныстары жеткіліксіз, төрт және алты адамнан құралған топта жіктелу пайда болуы мүмкін, ал жеті оқушыдан құралған топта әрбір баланың өз пікірін айтуға мүмкіндігі болмайды. Топта оқушылардың бір-біріне қарсы отырғанда олардың арасында барынша белсенді байланыс орнайтындығын көрсетті.
Топтық жұмыстың түрлері: жұптық жұмыс, топтық сауалдар, топпен оқу тапсырмаларын талқылау, дөңгелек үстел, диалогтар, жоба қорғау, проблемалық пікірталастар, т.б.
Ұжымдық оқу жұмыстарын ұйымдастырудың психологиялық-педагогикалық мағынасы әрбір оқушыны іс-әрекет субьектісі ретінде, өзін өзі көрсетуіне көмектесуінде.
А.П.Карповтың пікірінше мектептегі оқушының танымдық іс-әрекеті - оны өмірге даярлаудағы қажетті кезең. Танымдық іс-әрекет құрылымы жағынан іс-әрекеттегі ұқсас, кез келген басқа әрекеттермен бірлікте болады.
Г.Н.Щукина танымдық іс-әрекеттің субъектісі оқушы болуға тиісті деп есептейді. Олай болса, әлеуметтік- педагогикалық негізі бар оқып-үйренудің де «қайнаған ортасында» оқушы, оның жеке басының тұлғасы, оның санасы, танылуға тиісті және танылу үстіндегі айнала қоршаған дүниеге қатынасы, таным процесіне қатынасы және танымдық іс әрекетке қатысушы - оқушыларға, оқып-үйрену ісін ұйымдастырушы және бағыт беруші мұғалімдерге қатынасы, көзқарасы болады. Әрі бұл оқып үйренудің әлеуметтік мақсатқа, оны мұғалімнің ұйымдастырумен бағыт беруіне тәуелділікте болатындығын және соған қарамастан өзінің субъективтік - тұлғалық негізін жоғалтпайтынын ұмытпауға тиіспіз. 
Т.С.Сабыровтың пікірінше, танымдық іс-әрекеттің ерекшелігінің біріне оның оқу құрылымы жатады. Оның құрылымына да кез келген іс-әрекеттің құрылымына жататынын компоненттер енеді. Алайда, бұл іс-әрекеттің мақсаттық және бағдарламалық сипаты міндетті түрде біліммен, білікпен, дағдылармен қамтамасыз ететін жүйелікті, бір ізділікті талап етеді, әдіс тәсілдермен, оның ұйымдастыруымен шектеледі. Осы мағынада алғанда, танымдық іс-әрекеттің әрбір құрылымдық компоненті бүкіл оқыту процесінің құрылымына тәуелді болып шығады, осылармен шектеледі. 
Оқушылардың оқу үрдісіндегі танымдық іс-әрекеттерін қалыптастыру үшін С.Жақыпов өз еңбегінде "сабаққа әр түрлі бейнелі көрнекіліктерді, логикалық сызбаларды, шартты - графикалық құралдарды қолдану керек. Бұл оқушылардың оқу үрдісіндегі танымдық іс-әрекетін жандандырып өз бетімен жұмыс жасауға және оны меңгеруге төзімділігін арттырудың бірден - бір тәсілі болып табылады" деп көрсетті.
Шығармашылық таным мен белсенділіктің маңызды көрсеткіші оқушының өз бетінше ізденіп, сұрақ қоя білуінде. Сабақта меңгерілген теориялық заңдылықтарды өмірде пайдалана білу - жаңаша танымның көрсеткіші. Шығармашылық іс-әрекетке баулу қабілетін арттыру үшін мұғалім мен оқушының шығармашылық ізденулері өзара ұштасуы тиіс.
Өз бетінше жасайтын жұмыстардың ішіндегі ерекше орын алатындардың қатарына шығармашылық сипаттағы жұмыстар жатады. Шығармашылық жұмыс - оқушының өз бетінше жасайтын жұмыстары және олардың белсенділігінің дамуындағы қажетті кезең. Өз ізденісінің және шығармашылық жұмысының жемісін сезінген оқушылар педагогтардың еңбегін бағалай біледі және оқуға деген ынтасы арта түседі.


Бақылау сұрақтары:
1. Оқытудағы белсенділікті қалай түсенесіз?
2. Белсенділіктің қандай түрлері бар? Оларға сипаттама беріңіз.
3. Дидактикалық ойынның мәні мен мазмұны неде?
4. Нақты ситуацияны талдау дегеніміз не?
5. Пікір сайыстың мәні мен маңыздылығын анықтаңыз.
6. Дебаттың пікір сайыстан айырмашылығын көрсетіңіз.


Әдебиеттер
1. Педагогика. Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университет. Дәрістер курсы. - Алматы “Нұрлы әлем” 2003.
2. Хмель Н.Д. Жалпы білім беретін мектептегі педагогикалық процесс. –Алматы “Ғылым” 2002.
3. Щукина Г.И. Активизация познавательной деятельности в учебном процессе. – М.:Просвещение., 2000.
4. Моделирование педагогических ситуаций. Проблема повышения качества и эффективности общепедагогической подготовки учителя. Под ред. Ю.Н.Кулюткина, Г.С.Сухобской. – М.:Педагогика, 2000.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет