МАҚСАТЫ: топтың ұйымдастырылуы, қиялдың дамуы, бірлесе жұмыс істей алулары.
Уақыт: 20 минут.
Нұсқау. Өзеріңе ұнаған кез-келген түсті таңдап алыңыздар. Мен әуенді қосқан кезде ң кез-келген суретті сала бастайсыз. Әуен тоқтаған кезде сурет пен қарандашты сол жақтағы адамға бересіз, ол адам суретті толықтыра түседі. Осылай сурет өз иесіне қайта оралғанша жалғаса береді.
Анализ
Суреттеріңіз өзіңізге ұнады ма?
Қандай сезімде болдыңыз?
Басқа адамның суретін жалғастыру қиын ба?
«Сиқырлы доп» ойыны
Мақсаты: қарым-қатынас жасау үрдісінде өздерінің аты-жөндерін нақты, өздерінің есімдерінің мәнді екендерін сезіммен айта білуге үйрету.
Мына доп өте сиқырлы. Ол сіздердің есімдеріңді білмейді. Сондықтан да қазір мен кімнің қолына сиқырлы допты берем, сол нақты және дауыстап өз атын айтады.
Саусақтар гимнастикасы Мақсаты : кіші моториканың дамуы.
Енді қағаздарыңызды нөмірмен белгілеп қойыңыздар. Мен оқимын және ол кім деп сұрақ қойған кезде сіздер өз жауаптарыңды айтып, табуға тырысасыздар.
Жаттығу «Сен не істеп жатырсың?» Мақсаты: өздерінің қоршаған ортаның өзінің қалауын істеуі.
Оқушылар шеңбер жасап тұрады да көршісіне «Сен не істеп жатырсың?» деп сұрақ қояды. Көршісі мен секіріп жатырмын десе, ол сұраған адам секіру керек.
Жаттығу «Құпия» Уақыты : 25 мин.
Қағазға оқушылар өздерінің құпияларын жазуға ұсынылады. Оны сол қолына ұстап, көршісінің оң қолына беру қажет. Әрбір қатысушы басқа адамның құпия қағазын ұстап тұр.
Пікірлер:
Сенің құпия қағазын басқа адамда екенін біле тұра өзіңді қалай сезініп тұрсың?
Сіздің қолыңызда бөтен адамның құпиясы тұрғанын біле тұра өзіңіз қандай сезімдесіз? Не істегіңіз келіп тұр?
Жаттығу «Құпия бойынша сәлемдесу» Кез келген қатысушы параққа сәлемдесу жазады. Бірақ өзінің аты-жөнін жазып көрсетпейды. Оны сиқырлы бас киімге салып, қатысушылар таңдап алады да өзінің сәлемдесуі ретінде айтып береді.