Байланысты: 189 СП РК 1.04-110-2017 «Обследование, оценка технического состояния
5.5 Көтеруші (жүктемелі) ағаш қабырғалары бар ғимараттардың техникалық жағдайын бағалау.
5.5.1 Көтеруші (жүктемелі) ағаш қабырғалы ғимараттарды тексеру кезінде
мүмкіндігінше назар аудару керек:
- сызаттар (жарықтар), сылақтың құлауы, қаптаулар мен қаптамалардың
зақымдануы;
- түйісудің бұзылуы, ғимараттар конструкциясының жалпы қиғаштануы және
қалдық ақаулар, шатыр элементтерінің жылжуы және деформациялары (ақаулары);
-
қабырғалардың түйісуіндегі (жапсарындағы), сондай-ақ
төбелер мен
қабырғалардың, қатты элементтері бар қабырғалардың (пештер, түтіндіктер және т.б.)
жарықтары (сызаттары) мен зақымданулары;
- жабындардағы ауытқулар.
5.5.2 Ағаш конструкцияларында ағаштың жай-күйін анықтау керек (шірік,
қоңыздармен зақымданулар), ағаш және тас конструкциялар арасында суды оқшаулаудың
болуы;
- кесінді бөрене мен тәж арасындағы шегендеу, кесу байланыстарының жағдайы;
- ғимараттардың іргелікпен (цоколмен) жылжуы.
5.5.3 Зерттелетін объектілердің техникалық жай-күйі 4-тараудың 4.16-тармағының
ережелеріне сәйкес бағаланады.