Байланысты: 189 СП РК 1.04-110-2017 «Обследование, оценка технического состояния
8 ТЕКСЕРІЛЕТІН ҒИМАРАТТАР МЕН ҚҰРЫЛЫСТАРДЫҢ СЕЙСМИКАЛЫҚ ТӨЗІМДІЛІГІН ЕСЕПТІК-АНАЛИТИКАЛЫҚ БАҒАЛАУ 8.1 ҚР ЕЖ EN 1998-1: 2004/2012 «Сейсмикаға төзімді конструкцияларды жобалау».
1-бөлім: Жалпы ережелер, сейсмикалық әсер және ғимараттардың ережелері»-не сәйкес
сейсмикалық әсер анықталады [3].
8.2 Құрылыс бөліктерінің сейсмикалық қауіптілігін жергілікті сейсмотектоникалық,
инженерлік-геологиялық және топографиялық жағдайдың жер бетінің тербелістері
параметрлеріне әсерін ескере отырып құрастырылған сейсмикалық шағын аймақтандыру
карталарынан анықтау керек.
Сейсмикалық шағын аймақтандыру картасы болмаған жағдайда, құрылыс алаңының
сейсмикалық қауіптілігі мен есептелген сейсмикалық әсер параметрлерін инженерлік
және геологиялық іздестіру жұмыстарының нәтижесінде анықталған, сәйкес құрылыс
аймағының сейсмикалық қауіптілігінен және құрылыс алаңындағы топырақ түрлерінің
жағдайының сейсмикалық қауіптілігінің негізінде жалпы сейсмикалық аймақтарды бөлу
карталарымен немесе елді мекендер тізімімен алуға болады [4].
8.3 Инженерлік-геологиялық зерттеулер нәтижелерінің негізінде, ҚР НТҚ-08-01-
2012, 3.2.1.1-тармағының 3.1-кестесіне сәйкес құрылыс алаңдарындағы сейсмикалық
қасиеттерімен топырақ жағдайларын жіктеу.
8.4 Серпімді реакциялардың S e
(T) есептік спектрлері көлденең және тік
компоненттерге сейсмикалық әсер ету ҚР НТҚ-08.01.2012 3.3.2.5-тармағының
ережелеріне сәйкес анықталады [4].