3.40 Сейсмикалық төзімді құрылыс, сейсмикаға қарсы құрылыс: Жер сілкінісі
кезінде пайдалану сапасын сақтайтын, сейсмикалық әсерге төтеп бере алатын ғимараттар
мен құрылыстардың құрылысы.
3.41 Сейсмикаға төзімділік: Ғимараттардың немесе құрылыстардың пайдалану
сапасын жоғалтпай сейсмикалық әсерге төтеп беру қабілеті. 3.42 Құрылыс: Табиғи немесе жасанды кеңістік шекаралары бар және өндірістік
процестерді орындауға, материалдық құндылықтарды орналастыруға және сақтауға
немесе адамдарды, жүктерді уақытша орналастыруға (орын ауыстыруға), сондай-ақ
жабдықтарды немесе коммуникацияларды орналастыруға (төсеуге, жүргізуге) арналған
Жасанды жасалған ауқымды, тегістікті немесе желілік объект (жер үсті, аулалық және
(немесе) жер асты, су асты). Құрылыс көркемдік-эстетикалық, сәндік-қолданбалы немесе
мемориалдық мақсатта да болуы мүмкін.