Байланысты: 189 СП РК 1.04-110-2017 «Обследование, оценка технического состояния
10.2 Кірпішті және кіші блокты көтеруші қабырғаларды күшейту 10.2.1 Кірпіш ғимараттарда көтеруші қабырғаларды ажырата білу керек, әдетте - бұл
бойлық қабырғалар, оларға жабын және төсем конструкциялары сүйенеді, және
перпендикуляр бағыттағы – өзін көтеруші қабырғалар; сейсмикалық күштемені
қабылдауға екеуі де жұмыс істейді.
- бойлық және көлденең қабырғалардың түйістіру аймағында олардың әртүрлі
жүктемесіне байланысты кернеуі жоғарылайды,
сезіну үшін
қабырғалар арасындағы
байланысы сенімді болуы қажет;
сондықтан қабырғалардың қиылысу түйіндерін күшейту
үшін сейсмикаға төзімді ғимараттар мен құрылыстарда қалауды көлденең арматуралауды
күшейту енгізіледі; бұл қызметті сейсмикалыққа қарсы белдіктер де атқарады;
- жабыны мен төсемі тұтас құймалы темірбетонды объектінің конструктивтік
шешімдерімен бойлық және көлденең қабырғалар көтеруші болуы мүмкін;
- сыртқы қабырғаларда ойықтардың саны көп болады, сондықтан аралық
қабырғалар жоғары көлденең күштерді қабылдайтын элементтер болып табылады, ал
маңдайшалардың сүйенетін жерлері - табиғи кернеулердің шоғырлану аймақтары. Бірінші
жарықтар тап осы жерде пайда болады;
- кірпіш ғимараттарының жабындары диафрагмалардың қызметін атқарады, оның
кеңістіктік қаттылығын қамтамасыз етеді. Қабырғаларды байланыстыра және біріктіре,
олар бір бағыттағы қабырғалар арасындағы көлденең сейсмикалық күштерді таратады
және басқа бағыттағы қабырғаларға негіз ретінде қызмет етеді, сондықтан сейсмикаға
төзімді ғимараттардың жабындары тұтас құйылып және қабырғалармен сенімді қосылған
болуы тиіс.
10.2.2 Тас ғимараттар мен құрылыстарда жер сілкінісі кезінде келесі зақымдар орын
алады:
- ғимараттардың сыртқы бойлық қабырғаларының көлденең қабырғалардан бөлінуі,
оған дәлел жанасқан жерлердегі тік жарықтар;
- сыртқы және ішкі қабырғаларда қиғаш және крест тәрізді жарықтар;
- аралық қабырғаларда жарықтардан бөлек қалаудың қабаттарға бөлінуі жиі болады,
ал маңдайша маңындағы бұрыштарда жарылмалар және қалаудың опырылып құлауы;
- металл және темірбетон конструкцияларының (жабын арқалықтары, байламдар,
баспалдақ элементтері және лифт шахталары) тас қалаумен түйіскен жерлерінде әр түрлі