Свод правил республики казахстан



Pdf көрінісі
бет2/9
Дата06.03.2017
өлшемі1,28 Mb.
#7890
1   2   3   4   5   6   7   8   9

ҚР ЕЖ 2.03-102-2012

 

4.1.17 Аумақ  үстін  су  басудан  жасанды  түрде  кӛтеруді  жобалау  кезінде  судың 



есептік  деңгейіне  ӛзендегі  немесе  су  қоймасындағы  су  деңгейінің  белгісін  4.2.5 

тармағының талаптарына сәйкес қабылдау керек. 

4.1.18 Жасанды  еселеуді  құрғату  қажеттілігі  іргелес  аумақтың  гидрогеологиялық 

жағдайларымен және ірге мен еселеу топырақтарының сүзгіш қасиеттерімен анықталады. 

Уақытша  су  ағындарын,  су  қоймаларын  және  жерастылық  суларды  жүктеу 

орындарын  еселеу  кезінде  есепке  сәйкес  талап  етілуші  шығынға  су  шығыстарының 

құрылғыларын қарастыру керек. 

4.1.19 Аумақ  үстін  топырақпен  еселеу  немесе  шаю  жолымен  жасанды  кӛтеру 

бойынша жұмыс технологиясын таңдау кезінде тұрғылықты жағаның немесе алқаптың су 

баспайтын  телімдерінен  топырақтық  массаны  су  басатын  телімдерге  ауыстыруды 

қарастыру керек. Топырақтың тапшылығы кезінде кеме жүргізу, ескі арналарды, ағындар 

мен қорғалатын аумақта немесе оның маңайында орналасқан басқа су қоймаларын тазалау 

мен  абаттандыру  мақсаттары  үшін  ӛзен  арналарын  тереңдетуде  пайдалы  шұқырларды 

пайдалану керек. 



 

4.2 Су басудан және су астында қалудан қорғайтын имараттар 

 

4.2.1 Инженерлік қорғау имаратының жобасы: 



- қорғаныс  қимараттарының  сенімділігін,  олардың  пайдалануға  беру  шығындары 

кезінде пайдалануға берудің үздіксіздігін; 

- имараттар  мен  жабдықтардың  жұмысына  және  жағдайына  жүйеленген  бақылау 

жүргізу мүмкіндігін; 

- су лақтыру имараттарын пайдалануға берудің оңтайлы тәртібін; 

- жергілікті  құрылыс  материалдары  мен  табиғи  ресурстарды  максималды 

пайдалануды қамтамасыз етуі керек.  

Инженерлік  қорғау  имаратын  таңдау  нұсқалары  теңестірілетін  нұсқалардың 

кӛрсеткіштерін техника-экономикалық салыстыру негізінде жүргізілуі керек. 

Гидротехникалық имараттарды [7, 10] сәйкес жобалау керек. 

4.2.2 Инженерлік  қорғау  имаратының  кластары,  әдетте,  экономика  объектілерінің 

мәндеріне  байланысты  қорғалатын  объектілердің  кластарынан  тӛмен  емес  етіп 

белгіленеді. 

Әртүрлі  кластың  объектілері  орналасқан  аумақтарды  қорғау  кезінде,  инженерлік 

қорғау имаратының класы әдетте, қозғалатын объектілердің басым кӛпшілігінің  класына 

сәйкес  келуі  керек.  Осы  жерде  класы  айтарлықтай  жоғары  жеке  объектілер,  аумақтың 

инженерлік қорғау имараты үшін белгіленген класқа қарағанда, жергілікті түрде қорғалуы 

мүмкін.  Осындай  объектілердің  кластары  мен  олардың  жергілікті  қорғауы  бір-біріне 

сәйкес келуі керек. 

Егер  техника-экономикалық  негіздемемен  жергілікті  қорғаудың  мақсатқа  сай 

келмейтіндігі белгіленсе, онда аумақтың инженерлік қорғау класын бірлікке кӛтеру керек. 

4.2.3 Су 

тарату  типтес  инженерлік  қорғаудың  тұрақты  гидротехникалық 

имараттарының  кластарын  [7]  талаптарына  сәйкес  және  осы  ережелер  жинағының 

міндетті  Д  қосымшасы  бойынша  қорғалатын  аумақтың  сипаттамасына  байланысты 

белгілеу керек.  

4.2.4 Су таратушы емес типтегі (ағынды реттеуші және ағысты реттеуші, дренаждық 

жүйелер  ж.т.б.)  қорғау  имаратының  кластарын  конструкцияны  жобалау  кезінде 

ғимараттың, имараттың жауапкершілік дәрежесіне сәйкес белгілеу керек.  

Жобалауға  арналған  есептік  шарттар  қабылданған  класқа  сәйкес  [7]  бойынша 

қабылданады. 


ҚР ЕЖ 2.03-102-2012

 

4.2.5 Су  ағындарының  және  су  қоймаларының  жағаларында  инженерлік  қорғауды 



жобалау кезінде есептік деңгей ретінде негізгі есептік жағдайға арналған  [7] талаптарына 

сәйкес  инженерлік  қорғау  имаратының  класына  байланысты  судың  кӛтерілу  мүмкіндігі 

бар максималдық деңгей қабылданады. 

 

ЕСКЕРТПЕ  1  Ауылшаруашылық  аумағының  100  мың  га  аса  ауданын  қорғайтын,  І  класты 



имараттарға арналған судың есептік деңгейі кӛтерілу мүмкіндігі 0,5 % тең; сауықтыру-рекреациондық және 

санитарлық-қорғау мақсаттағы аумақтарды қорғайтын IV класты имараттар үшін – кӛктемгі су тасқынының 

10 % тең етіп қабылданады.  

ЕСКЕРТПЕ  2  Судың  тексермелі  есептік  деңгейі  кезінде  қалалық  аумақтағы  инженерлік  қорғау 

имаратының жотасы арқылы судың асуына  [7] сәйкес жол берілмейді. Қалалық аумақтар мен жеке тұрған 

ӛнеркәсіптік кәсіпорындар үшін тексермелі есептік жағдайға тең қамтамасыз етуі бар сел жүру жағдайына 

ұйымдастыру-техникалық шаралардың жоспары әзірленуі керек. 

4.2.6 Су  астында  қалудан  қорғау  имараттарының  кластарын  құрғату  нормаларына 

және  жерастылық  сулардың  деңгейін  есептік  түсіруге  байланысты 2-кесте  бойынша 

белгілеу керек. 

4.2.7 Аумақтарды  су  басудан  қорғау  кезінде  қорғалатын  аумақты  оның  табиғи 

үстінің  тӛмендетілген  белгілерінің  ұзын  бойына  үюдің  жалпы  схемасын  Қазақстан 

Республикасы  құрылыс  істері  жӛніндегі  комитетпен  бекітілген  немесе  келісілген 

республикалық  және  ведомстволық  нормативтік  құжаттардың  және  стандарттардың 

талабының  есебімен  нұсқаларды  техника-экономикалық  салыстыру  негізінде  таңдау 

керек.  


 

2-кесте – Жерастылық сулардың деңгейін есептік тӛмендетудің және 

құрғатудың нормалары 

 

Құрғату 



нормалары, м 

Имараттың кӛрсетілген кластарына арналған жерастылық сулардың 

деңгейін есептік тӛмендету, м 

II 



III 

IV 


15 дейін 

5 жоғары 

5 дейін 



3 жоғары 



3 дейін 





2 дейін 

 

4.2.8 Қалалық аумақтардың және ӛнеркәсіптік аудандардың жоғарғы суларын реттеу 



және  бұру  бойынша  имараттарды  [5]  аумақты  инженерлік  дайындаудың  талаптарына 

сәйкес әзірлеу керек. 

Ӛнеркәсіптік  және  азаматтық  құрылыс  салу  аумақтарында  жабық  типті  дренаждық 

жүйені  қарастыру  керек.  Ашық  су  бұру  құрылғыларын  (арықтар,  жыралар,  науалар) 

қолдануға  1-2-қабаттық  имараттары  бар  аудандарда,  саябақ  аумақтарында  және 

кӛшелермен,  жолдармен,  ӛтпе  жолдармен  және  тротуарлармен  қиылысу  орындарында 

кӛпірше немесе құбыр қондырғысы бар демалу аймағында –  [3, 4] автомобиль және темір 

жолдарын жобалау нормаларының талаптарына сәйкес жол беріледі. 

4.2.9 Ағын  реттеуші  және  арна  реттеуші  имараттар  мен  реті  жоқ  орташа  және 

кішкентай  ӛзендерге  жанасқан  ауылшаруашылық  аумақтарын  су  басу  мен  су  астында 

қалудың  кӛтерілудің  алдын  алу  бойынша  шараларды,  сонымен  қатар  пайдалы 

қазбалардың ашық және жерастылық тау қыртыстарын және автожолдың астындағы ӛтпе 

жолдар,  кеме  жүрісі  имараттарына  баратын  ӛтпелер  сияқты  жеке  халық  шаруашылық 

объектілерін қорғауға арналған шараларды:  

- аумақты су басу масштабы мен уақытына; 

- табиғи ықпалдар – су астында қалу мен су эрозиясына; 



ҚР ЕЖ 2.03-102-2012

 

- қорғалатын объектілердің аумағындағы жерлердің су басу мен су  астында қалуды 



күшейтетін техногендік ықпалдарға байланысты қолдану керек. 

4.2.10 Қорғалатын  аумақтағы  ағын  реттеуші  имараттар  жоғарғы  ағынның 

гидрографиялық желіге немесе су қабылдағыштарға бұрылуын қамтамасыз етуі керек. 

Жоғарғы  суларды  ұстап  қалу  мен  бұру  таулық  арналарға  үйлесімді  қоршау 

үймелерін қолдану арқылы жүзеге асырылуы керек. 

 

ЕСКЕРТПЕ  Пайдалы  қазбалардың  аумағын  қорғау  кезінде  ағыс  реттеуші  имараттардың  жобасы  [9] 



талаптарымен байланысты болуы керек. 

 

4.2.11 Қорғалатын  аумақтарда  орналасқан  су  ағындарындағы  ағын  реттеуші 



имараттар  судың  есептік  деңгейі  кезіндегі  су  тасқынына  кететін  судың  шығынына, 

аумақтың  су  баспауын  қамтамасыз  етуге,  ӛзен  арнасының  есептік  суландыруына  және 

еленген  аумақтардың  құрғап  кетуін  болдырмауға  есептелінуі  керек.  Сонымен  қатар,  бұл 

имараттар  қолданыстағы  арналарға  су  толтыру  шарттарын  бұзбауы,  ағынның  қатты 

ағысын, сондай-ақ мұз бен шуганы жіберу тәртібін ӛзгертпеуі керек.  

4.2.12 Су қабылдағыштар ретінде іргелес су жинағыштан жоғарғы және жерастылық 

сулар жіберілетін су ағындары, кӛлдер, су қоймалары пайдаланылады. 

4.2.13 Су қабылдағыштар аумақты дреналаудың маңызды элементі болып табылады, 

сол  аумақтың  жағдайына,  іргелес  жерлердің  жоғарғы  және  жерастылық  суларының 

деңгейіне байланысты болады. Жерлерді су басу мен су астында қалу су қабылдағыштың 

қанағатсыз жағдайымен шарттасады. 

4.2.14 Су қабылдағыш ағысының тұрақсыз жағдайы: 

- бір жерлерде типті шаю және басқа жерлерде оның лайлануының бар болуымен;  

- еңістерді шаюмен, жуумен;  

- түптер  мен  жағаларды  шӛп  қаптаумен  және  судың  барлық  шығындары  бойынша 

шектердің ӛсуіне әкелетін ағынға судың еркін ағуына кедергі жасаумен сипатталады. 

4.2.15 Су қабылдағышты реттеу келесі әдістермен жүргізіледі:  

-  кӛлбеу  ӛлшемдері  олардың  табиғи  еңісінде  тазалаумен,  тереңдетумен  немесе 

түзету  имараттарын  салумен  үйлесімі  бар  есептік  шығынды  жіберуді  қамтамасыз 

етпейтін, ӛзен арнасының таңдамалы түзетуі;  

-  кӛлбеу  ӛлшемдері  су  деңгейінің  табиғи  еңісінде  есептік  шығынды  жіберуді 

қамтамасыз  етпейтін  жеке  телімдердегі  батпақты  ӛзен  арналарының  шешімді  түзетуі; 

Мұндай  су  ағындарының  трассалары  жер  үстінің  айтарлықтай  тӛмен  белгілерімен 

шымтезек терең орналасқан  жерлерге тӛселінеді;  

- су  сақтағыштарда,  су  қоймаларын,  жүк  түсіру  және  лақтырмалы  арналардың 

құрылысын салу арқылы судың ағысын және деңгейін реттеу;  

- ӛзен  арналарының  бифуркациясы  (ӛзен  арнасын  бірнеше  ӛзіндік  су  ағыстарына 

бӛлу); 


 - қорғау құралдарын абаттандыру арқылы арна түптері мен жағаларын бекіту.  

4.2.16 Кӛпірлер,  шлюздер,  құбырлардың  маңында  ағынның  кӛлбеу  ағу  қалпының 

және  кӛлбеу  пішінінің  ӛзгеру  және  су  қабылдағышқа  түсетін  басқа  арналармен  түйісу 

орындарында  арынды  жоғалтуды  азайту  және  арнаны  шайылу  мен  лайланудан  сақтау 

үшін еңістің және су қабылдағыштың арнасы тұратын топырақтар үшін жол берілмейтін 

кӛлбеу  жылдамдық  кезіндегі  түптің  қажетті  жерлерінде  бекіту  арқылы  бірқалыпты 

кескіндердің ӛтпелі телімдерін орналастыру керек. 

4.2.17 Су 

қабылдағыштың  реттеу  әдісі  техника-экономикалық  есептердің, 

пайдалануға 

беру 

шығындары 



мен 

шаруашылық 

салаларының 

қажеттілігін 

қанағаттандыру есебі бар су кӛзінің табиғи ерекшелігі есебі негізінде таңдалады. 

4.2.18 Арналарды реттеу тапсырмасына ағыстың қалыптастырушы қызметін тоқтату 

кірмейді,  ал  керекті  бағыттағы  ағын  жасаушы  процеске  назар  аудару  алға  қойған 


ҚР ЕЖ 2.03-102-2012

 

мақсаттарды қанағаттандыратын, тиісті ӛлшемді жасау  арқылы қажетті жіберу қасиетіне 



қол жеткізу үшін орындалады.  

4.2.19 Мелиоративтік жүйелердің су қабылдағыштарын [8] бойынша жобалау керек.  

4.2.20 Аумақтарды  минералданған  сулармен  техногендік  су  басудан  жұтқыш 

ұңғымалар мен құдықтардың кӛмегімен қорғауды тек ерекше жағдайларда және ҚР «Жер 

қойнауы  және  жер  қойнауын  пайдалану  туралы»  заңының  талаптары  мен  шарттарын 

сақтаған  кезде,  Денсаулық  сақтау  министрлігі  мен  техникалық  реттеу  саласындағы 

мемлекеттік  бақылау  және  қадағалау  органдарымен  келісу  бойынша  Қазақстан 

Республикасы Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің Геология және жер 

қойнауын пайдалану комитетінің рұқсатымен жүзеге асыруға жол беріледі. 

4.2.21 Су астында қалған аумақтардағы қорғау имараттарының құрамын су астында 

қалудың  сипатына  (тұрақты,  маусымдық,  эпизодтық)  және  оның  әкелген  зиянының 

кӛлеміне  байланысты  белгілеу  керек.  Қорғау  имараттары  4.1.12  және  4.1.13 

тармақшаларының  талаптарына  сәйкес  су  астында  қалудың  негізгі  себептерін  жоюға 

бағытталған болуы керек. 

4.2.22 Дренаждық имараттардың жүйелерін таңдау кезінде дреналауды талап ететін 

аумақтың  қалпы  мен  ӛлшемі,  жерастылық  сулардың  әрекетінің  сипаты,  геологиялық 

құрылым, су тасушы қыртыстың сүзу қасиеті мен сыйымдылық сипаттамасы, жерастылық 

сулардың  қоректену  және  жүктеу  жағдайының  есебімен  су  тасушы  қабаттардың  таралу 

облысы  есепке  алынып,  жерастылық  сулардың  балансын  құрайтын  сандық  кӛлем 

анықталуы, жерастылық сулардың деңгейінің  кӛтерілуінің және оның қорғау шараларын 

жүзеге асыру кезінде тӛмендеуінің болжамы жасалуы керек.  

Су  баланстық,  сүзу,  гидродинамикалық  және  гидравликалық  есептердің,  сонымен 

қатар  нұсқаларды  техника-экономикалық  салыстыру  негізінде  аумақтарды  дреналаудың 

соңғы  жүйелерін  таңдауды  орындау  керек.  Осы  жерде  су  астында  қалудан  таңдалған 

қорғау  шаралары  құрылыс  салынған  аумақтарды  немесе  оларға  іргелес  жатқан 

аймақтарды  4.1.12  және  4.1.13  тармақшаларында  кӛрсетілген  залалдарға  әкеп  соқпауы 

керек. 

4.2.23 Су астында қалудан инженерлік қорғау жүйелерін негіздеу үшін келесі негізгі 



есептерді орындау керек: 

- аумақтың  ықтимал  су  астында  қалу  дәрежесі  мен  ықтимал  залал  объектілерін 

бағалаумен су астында қалудың болжамы; 

- гидрогеологиялық және гидрологиялық есептер; 

- дренаждық сулардың кӛлемінің есебі; 

- гидравликалық дренаждық құбырлар мен коллекторлар; 

- жерастылық  сулардың  бетондық,  темірбетондық  және  металл  конструкцияларға 

қатысты басқыншылығының бағалары; 

- инженерлік  қорғау  жүйелерінің  топырақтың  құрылыстық  қасиеті  мен  қорғалатын 

аумақ  үстінің  деформациясының  ӛзгеруіне,  сонымен  қатар  санитарлық-гигиеналық 

жағдайлардың ӛзгеруіне әсер етуін бағалау. 

4.2.24 Дренаждық  жүйелерді  есептеу  кезінде  4.1.12  және  4.1.13  тармақшаларының 

талаптарын  сақтау  және  олардың  оңтайлы  орналасу  орны  мен  қорғалатын  аумақта 

жерастылық  сулардың  нормативтік  тӛмендеуін  қамтамасыз  ететін  тереңдікті  анықтау 

керек. 

4.2.25 Қолданыстағы 



су  астында  қалудан  инженерлік  қорғау  жүйелерін 

реконструкциялау  мен  күшейту  кезінде  қолданыстағы  дренаждық  құрылғылармен  қол 

жеткізетін құрғату әсерлерін есепке алу керек. 

4.2.26 Бӛгетшелердің су ағынының бойына немесе су қоймасын түгендеу аймағында 

елеулі  созылу  кезінде  жота  белгісін  салыстырмалық  деңгей  кезіндегі  судың  бос  үстінің 

кӛлбеу еңісіне сәйкес ағын бағытына түсіру керек. 



ҚР ЕЖ 2.03-102-2012

 

10 


Конструктивтік ерекшеліктер бойынша екі типтегі: сығылған және керіліп жайылған 

пішінді топырақтық бӛгетшелерді қолданады. 

4.2.27 Қоршау бӛгетшелердің типін таңдауды табиғи жағдайлардың; топографиялық, 

инженерлік-геологиялық,  гидрологиялық  және  климаттық  жағдайлардың,  аудан 

сейсмикалығының, 

сонымен 


қатар 

жергілікті 

құрылыс 

материалдарының, 

жабдықтарының;  жұмыс  ӛндірісін  ұйымдастыру  схемасының  бар  болуының,  құрылыс 

мерзімі мен пайдалануға беру шарттарының, ауданды дамыту болашағының, 4.4-бӛлімнің 

табиғатты қорғау талаптарының есебімен жүргізу керек. 

Қорғау  бӛгетшелерінің  типін  таңдау  кезінде  жергілікті  құрылыс  материалдарын 

және олар осы мақсаттарға жарамды болса, пайдалық ойықтар мен ӛндіріс қалдықтарынан 

жасалған  топырақтарды  пайдалануды  қарастыру  керек.  Үю  бӛгетшелерін  жобалауды  [6] 

талаптарына сәйкес жүргізу керек. 

Жартастық  емес  іргелердегі  топырақтық  материалдардан  жасалған  бӛгетшелерді 

арынды  фронттың  қатаң  телімдері  үшін  қарастыру  керек.  Жартастық  емес  іргедегі 

бетондық  және  темірбетондық  бӛгеттерді  су  лақтырғыш  имараттар  ретінде  ғана  қарау 

керек.  

Кӛшкіндік  немесе  нағыз  кӛшкіндік  телім  бойынша  бӛгетшелердің  трассаларын 

жасау кезінде кӛшкінге қарсы іс-шараларды әзірлеу керек. 

4.2.28 Бӛгетше  трассаларын  4.2.13-тармақшасының  талаптарының  ескере  отырып, 

құрылыс салудың топографиялық және инженерлік-геологиялық жағдайларына, аумақтың 

нақты  телімінің  халық  шаруашылығына  деген  мәніне  байланысты,  су  ағынының 

гидрологиялық  тәртібінің  минималды  ӛзгерісі  мен  опырылған  аумақты  максималды 

пайдалану есебімен таңдау керек.  

Уақытша  бүйір  су  ағысы  кезінде  су  қоймасының  немесе  су  ағынының  суды  кесу 

бойына бӛгетшелерді үздіксіз трассалауды қолдану мақсатқа сай келеді. Тұрақты бүйір су 

ағысы  кезінде  опырылу,  әдетте,  ағын  арасындағы  телімдер  бойынша  орындалады  және 

негізгі су ағыны мен оның тармақтарының жағаларын опыру бӛгетшелерінен тұрады. 

Аспалы  бӛгетшелермен  опыру  кезінде  барлық  қорғау  имараттары  су  тасқыны 

кезеңінде су басуға жол беруі керек. 

Ауыл  шаруашылығына  арналған  жерлерді  қорғау  үшін  бӛгетшелерді  трассалау 

кезінде [8] талаптарын ескеру керек. 

Қала  шегіндегі  опыру  бӛгетшелерін  трассалауды  қорғалатын  аумақтарды  құрылыс 

салуға пайдалану есебімен қарастыру керек. 

4.2.29 Су  қоймасындағы  немесе  су  ағынындағы  судың  максималдық  деңгейінің 

есептік деңгейден асуын: 

- су  баспайтын  бӛгетшелер  үшін  –  имарат  класына  байланысты  [7]  талаптарына 

сәйкес; 


- аспалы бӛгетшелер үшін – [8] бойынша қабылдау керек. 

4.2.30 Инженерлік  қорғау  жобаларын  әзірлеу  кезінде  автомобиль  және  темір 

жолдарын  тӛсеу  үшін  опыру  бӛгетшелерінің  жоталарын  пайдалануды  қарастыру  керек. 

Бұл  жағдайда  жота  бойынша  бӛгетшенің  енін  және  қисық  радиусын  [3,  4]  талаптарына 

сәйкес  қабылдау  керек.  Барлық  басқа  жағдайларда  бӛгетше  жотасының  енін  жұмыс 

ӛндірісінің шартынан және пайдалануға беру ыңғайынан шыға, минималды етіп белгілеу 

керек. 

4.2.31 Бӛгетшелердің пішіні (керіліп жайылған немесе сығылған) жергілікті құрылыс 



материалдарының, жұмыс ӛндірісі технологиясының, жоғарғы еңістегі және  сүзгіш ағын 

шығысындағы – тӛменгі, жел толқуының жағдайының есебімен таңдалады.  

 

ЕСКЕРТПЕ Қолайлы бӛгетшелерге еңістерде биологиялық бекітулері бар керіліп жайылған пішіндегі 



бӛгетшелер жатады. 

 


ҚР ЕЖ 2.03-102-2012

 

11 


4.2.32 Бӛгетшелерді қабылдау кезінде олардың параметрлерін бӛгетше ұзындығынан 

15 % кем емес жалпы ұзындықта әртүрлі телімдерде таңдамалы түрде жүргізу керек. 

4.2.33 Құрғақ  аудандарда  бӛгетшелерді  салу  кезінде  топырақтың  маусымдық 

ылғалдануын  максималды  түрде  пайдалану  керек.  Осы  жерде  топырақты  шӛгінділермен 

қарқынды  ылғалдандырғаннан  кейін  үйіндіні  жасау  үшін  оны  ӛңдеуді  тікелей  жүргізу 

керек. 


Топырақтың  20  %  оңтайлы  ылғалдылығы  кезінде  топырақтың  келесі  отыруының 

есебімен оның биіктігін ұлғайту арқылы үю жасауға жол беріледі. 

Үйменің  соңғы  габариттері,  әдетте,  топырақты  тығыздау  бойынша  тәжірибелік 

жұмыстар  жүргізілгеннен  және  оларды  салудың  технологиясын  толықтырғаннан  кейін 

белгіленуі керек. 

4.2.34 Топырақ  материалдардан  жасалған  ағыстық  бӛгетшелерді  есептеуді  [6] 

талаптарына сәйкес орындау керек. 

4.2.35 Таулы  арналардың  гидравликалық  есебі  арқылы  олардың  кезінде  судың 

есептік  жылдамдығы  рұқсатты  шаюдан  аз  және  арналар  лайланғаннан  артық  болатын 

кӛлбеу қиылыс параметрлерін анықтау керек. 

4.2.36 Таулы  арналардың  еңістерін  орналастыруды  ұқсас  гидрогеологиялық  және 

геологиялық  жағдайларда  болатын,  қолданыстағы  арналардың  тұрақтылығы  туралы 

деректердің  негізінде  қабылдау  керек;  ұқсас  жағдайлар  жоқ  болған  кезде,  5  метрден 

асатын тереңдікті шұңқыры бар арналарын еңістерін геотехникалық есептердің негізінде 

қабылдау керек. 

4.2.37 Судың есептік шығынын жіберу үшін таулы арналардың кӛлбеу қиылысының 

қалпын  гидрогеологиялық  тәртіп  пен  қорғалатын  аумақтың  құрылысын  салу 

тығыздығының есебімен қабылдау керек. 

Бекітілмеген  түп  пен  құламалардың  арналардың  еңістері  0,3-0,5  м/сек  аспайтын 

жылдамдық кезінде судың минималды шығынын жіберуді қамтамасыз етулері керек. Киім 

жоқ  кезде  арналардың  айтарлықтай  рұқсатты кӛлбеу  еңістерін  0,0005–0,005  тең  етіп  алу 

керек. 


Арна қисығының радиусының минималдық кӛлемі судың есептік шығыны кезіндегі 

оның  кемері  бойынша  арнаның  екі  еселік  енінен  кем  болмауы  керек.  Гидравликалық 

есептелмеген  арналарға  арналған  бұрылыстың  минималдық  радиустары  25  метрге  дейін 

және гидравликалық есептелген арналар – 2-ден 10 b дейін (мұнда b – арнаның су кемері 

бойынша ені, м) болады. 

50  м


3

/сек  асатын  шығыны  бар  арналарға  арналған  судың  рұқсатты  шайылмайтын 

жылдамдығын зерттеулер мен есептердің негізінде қабылдау керек. 

4.2.38 Тереңдігі  5  метрге  және  су  шығыны  50  м

3

/сек  дейінгі  таулы  арналарды, 



сонымен қатар дюкерлер мен акведуктарды [8] сәйкес жобалау керек. 

4.2.39 Сорғыш  станциясы  имаратының  құрамын,  құрастыруы  мен  конструкциярын 

су  тарту  кӛлемінің  үлкендігі  мен  шоғырландыру  сыйымдылығын  жасау  мүмкіндігіне 

байланысты орнату керек. 

Сорғыш станциялары мен олардың жабдықтарының типін, класы мен қуаттылығын: 

- судың есептік шығынының, беру биіктігі мен жиегінің тербелуінің; 

- сорғыштардың  пайдалы  әрекетінің  оңтайлы  коэффициентін  қамтамасыз  ету 

есебімен белгілеу керек. 

4.2.40 Сорғыштардың типі мен саны судың есептік шығыны мен ағысының, тӛменгі 

және  жоғарғы  бьефтердегі  жиектердің  тербелу  амплитудасының  есебін  есептеу  арқылы 

белгілейді. 

Резервтік агрегатты қолдану қажеттілігі  [8] құрғату  сорғыш станцияларын жобалау 

нормаларына сәйкес жобамен негізделуі керек. 


ҚР ЕЖ 2.03-102-2012

 

12 


4.2.41 Сужинағыш  имарат  пен  сорғыш  станция  біріктірілген  немесе  бӛлек  типте 

орындалуы мүмкін. 

Сужинағыш имараттар: 

- су беру кестесі мен су кӛзіндегі су деңгейінің есебіне сәйкес судың жиналуын;  

- пайдалануға берудің қалыпты тәртібі мен жабдықты жӛндеу мүмкіндігін; 

- оларға балықтардың түсіп кетуінен қорғауды қамтамасыз етулері керек. 

4.2.42 Сорғыш  станциялардың  сужинағыш  имараттары  судың  су  объектілеріне 

қалыпты жіберілуін қамтамасыз етіп, судың кері тогы мүмкіндігіне жол бермеуі керек. 

4.2.43 Аумақтарда  су  астында  қалудың  алдын  алу  немесе  жою  үшін  дренаждық 

жүйелерді жобалау кезінде МҚН 2.03-02, сонымен қатар [8, 9] талаптарын орындау керек. 

4.2.44 Дренаждық жүйелерді жобалау кезінде суды ӛзіндік ағыспен бұру дренаждық 

жүйелерін  таңдаған  жӛн.  Суды  күшпен  шығарудың  дренаждық  жүйелері  қосымша 

негіздеуді талап етеді. 

Гидрогеологиялық  жағдайларға  байланысты  горизонталь,  вертиаль  және  аралас 

дренаждарды қолдану керек. 

4.2.45 Дренаждық  жүйе  қорғау  шарттары  бойынша  талап  етілетін  жерастылық 

сулардың  деңгейлік  тәртібін:  елді  мекендердің  аумағында  –  МҚН  2.03-02  талаптарына 

сай, ал ауылшаруашылық жерлерінде – [8] сәйкес, қамтамасыз етуі керек. 

4.2.46 Дренаждық  жүйені  қолдануды  жерастылық  сулардың  су  балансын,  ал  қуаң 

аймақтар үшін – тұз балансын қоса зерттеумен негіздеу керек. 

Бір  сатылық  жобалау  кезінде  су  астында  қалудың  себептері  мен  залалдарының 

есептері  мен  сараптамасын  жүргізу  керек.  Екі  сатылық  жобалау  кезінде,  бірінші  сатыда 

қорғалатын аумақтың құрылысын салу сипаты мен иелену келешегінің есебімен алынған 

геологиялық  және  гидрогеологиялық  іздеулер  мен  зерттеулердің  қорытындыларының 

деректерінің  негізінде,  дренаждық  желінің  жоспарда  орналасуын,  орналасу  тереңдігін 

және жеке дренаждық сызықтардың ӛзара түйіндесуін анықтау керек. 

Дренаждардың таңдалған схемаларына арналған гидрогеологиялық есептері: 

- олардың  дебитінің  минималдық  мәнінің  шартынан  бӛгетшелерге  немесе 

іргетастардың  шекараларына  қатысты  жағалық,  бас  және  басқа  дреналардың  оңтайлы 

жағдайын;  

- дреналарды  орналастырудың  қажетті  тереңдігі  мен  олардың  арасындағы 

қашықтық, дренаждық сулардың, соның ішінде қотарылатындардың да, шығынын; 

- қорғалатын аумақтағы депрессиондық қисықтың күйін белгілеуі керек. 

4.2.47 Горизонталь  дренажды  ашық  траншеялы  және  траншеясыз  әдіспен  орындау 

экономикалық  мақсаттылықпен  анықталады.  Жер  бетінен  4  м  дейін  ашық  горизонталь 

дренаждарды  орнату  кезінде  топырақтың  қату  тереңдігін,  сонымен  қатар  олардың  шӛп 

басып кету мүмкіндігін ескеру керек. 

4.2.48 Вертикаль  дренажды  қолданудың  барлық  жағдайларында,  оның  су 

қабылдағыш бӛлігін жоғары су сіңіргішті топырақтарда орнату керек. 

4.2.49 Ашық  дренаждық  арналар  мен  траншеяларды  аз  тығыздылықты  бір-екі 

қабаттық  имараты  бар  аумақтардың  аудандары  бойынша  айтарлықтай  құрғату  талап 

етілген  жағдайда  орнату  керек.  Сонымен  қатар,  оларды  жерүстілік  кӛліктік 

коммуникацияларды су астында қалудан қорғау үшін де қолдануға болады. 

Ашық (траншеялық) кӛлбеу дренажды есептеуді оны таулы арнамен немесе су бұру 

жүйесінің  коллекторымен  біріктіру  есебімен  жүргізу  керек.  Бұл  жағдайда,  траншеялық 

дренаждың  пішінін  аумақты  ӛзідік  ағыспен  құрғату  кезіндегі  судың  жоғары  ағынының 

есептік шығыны бойынша жинау керек. 

Ашық  дренаждық  және  траншеялардың  құламасын  бекіту  үшін  бетондық  немесе 

темір бетондық тақталарды, немесе тас нобайды пайдалану керек. Бекітілген құламаларда 

дренаждық ойықтарды қарастыру керек. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет