ҚР ЕЖ 2.03-102-2012
13
Жабық дренажда сүзгіш және сүзгіш шашпа ретінде құм-малтатастық қоспаны,
керамзитті, қожды, полимерлік және басқа материалдарды қолдану керек.
Дренаждық суларды траншеялар мен арналар бойынша ӛзіндік ағыспен бұру керек.
Қотарудың сорғыш станциялары бар сужинағыш су қоймаларын орнату қорғалатын
аумақтың бедерінің белгілері қорғалатын аумақтан жоғары ағыс бұрылуы керек жақын су
объектісінің деңгейінен айтарлықтай тӛмен болған жағдайда орнату мақсатқа сай келеді.
4.2.50 Дренаждық
құбырлар ретінде керамикалық, асбестцементтік, бетон,
темірбетондық немесе поливинилхлоридтік құбырларды, сонымен қатар борпылдақ
бетоннан немесе борпылдақ полимербетоннан жасалған құбыр сүзгіштерді қолдану керек.
Бетон, темірбетон, асбестцементтік құбырларды, сонымен қатар борпылдақ бетоннан
жасалған құбыр сүзгіштерді бетонға қатысты басқыншылықты емес топырақтар мен суда
ғана қолдану керек.
Тұрақтылық шарты бойынша құбырларды сүзгіш шашпамен және траншеяларды
топырақпен құю арқылы орналастырудың рұқсатты максималдық тереңдігі 3-кестеде
кӛрсетілген.
3-кесте – Дренаждық құбырлардың диаметрі және орналастыру тереңдігі
Құбырдың түрі
Құбырдың диаметрі,
мм
Құбырды орналастыру тереңдігі,
м
керамикалық
дренаж
150 – 200
3,5
сол сияқты
300
3,0
кәріздік
150
7,5
сол сияқты
200
6,0
сол сияқты
250
5,5
сол сияқты
300
5,0
бетондық
200
4,0
сол сияқты
300
3,5
Құбыр сүзгіштерден жасалған дренаждарды орналастырудың шекті тереңдігін [11]
талаптарына сәйкес қиратушы жүктеме бойынша анықтау керек. Қалалық аумақтар мен
ӛнеркәсіптік алаңдардың дренаждық имаратын жобалаудың мысалы Е қосымшасында
берілген.
4.2.51 Асбестцемент, бетон және темірбетон құбырлардың үстіндегі суқабылдағыш
ойықтардың саны мен ӛлшемін ойықтың су жіберу мүмкіндігі мен есептеумен
анықталатын дренаждық шығынына байланысты анықтау керек.
Дренаждық құбырлардың маңайында құбырлардың диаметрі 300 мм дейінгі құм-
малтатастық шашпалар түріндегі сүзгіштерді немесе үлкен диаметр кезіндегі жасанды
талшықты материалдардан жасалған орамаларды қарастыру керек Құм мен малтатастың
қалыңдығын және түйіршік метрикалық құрамын [9] талаптарына сәйкес есептермен
жинау керек.
4.2.52 Дренаждық суды су объектісіне (ӛзенге, арнаға, кӛлге) жіберуді жоспарда
ағын ағысының бағытына қарай сүйір бұрыш астына орналастыру, ал оның сағалық
бӛлігін бетондық жақтаумен жабдықтау немесе тастық қалаумен, не нобаймен бекіту
керек.
Егер жауындық кәріздің мүмкіндігі дренаждық жүйеден түсетін судың қосымша
шығындарының есебімен анықталса, онда дренаждық суларды жауындық кәрізге
лақтыруға жол беріледі. Бұл жерде дренаждық жүйенің тіреуішіне жол берілмейді.
ҚР ЕЖ 2.03-102-2012
14
Дренаждық шолу құдықтарын дренаждың тік сызықты телімдерінде, сонымен қатар
дренаждық құбыр еңістерінің бұрылу, қиылысу және ӛзгеру орындарында 50 метрден
сирек емес етіп орнату керек. Шолу құдықтарын тұндырғышы бар темірбетондық
сақиналардан (тереңдігі кемінде 0,5 м) және МемСТ 8020 бойынша бетондалған
түптермен құрамдап қолдануға рұқсат беріледі. Мелиоративтік дренаждардағы шолу
құдықтарын [8] бойынша қабылдау керек.
4.2.53 Құбырлардың диаметрі 50 және 63 мм кезінде барлық дренаның орташа нақты
құламасы кемінде 0,0025 болуы керек.
Жабық коллекторлар мен диаметрі 100 мм және одан да асатын дреналардың орташа
нақты еңісі жобалық еңістен минус 0,0005 аса айырмашылықта болмауы керек. Дрена мен
ұзындығы 10 метрге дейінгі коллекторлардың телімінде дренаждық құбырдың ішкі
диаметрінің жартысынан аспайтын шектегі белгілерден нӛлдік немесе терім ауытқуларға
жол беріледі. Дренадағы немесе коллектордағы мұндай телімдердің саны екіден аспауы
керек.
4.2.54 Траншея түбінің немесе орналастырылған дренаждық құбырлардың бетінің
белгілерін тексеруді: дренаждың 0,005 дейінгі еңісінде – 3 м кейін, үлкен еңіс кезінде – 5
м кейін; дренаждық құбырларды траншеясыз дрена қалаумен қалау кезінде – еңіске
тәуелсіз 5 м кейін жүргізу керек.
4.3 Бақылау-ӛлшеу құралын орнату
4.3.1 І-ІІІ класының бӛгеттерінің жобаларында, құрылыс салу процесімен қатар
пайдалануға беру кезеңін қоса, имараттар мен олардың іргесінің жұмысына және күйіне
кӛзбе-кӛз қадағалауды жүргізу үшін бақылау-ӛлшеу аппаратурасын орнатуды, осы
қадағалаулардың нәтижесінде объектінің сенімділігін бағалау, ақауларды дер кезінде
анықтау, жӛндеу шараларын белгілеу, апаттардың алдын алу және пайдалануға беру
жағдайларын жақсарту үшін пайдалануды қарастыру керек. Кӛзбе-кӛз қадағалаулар
бақылаушы және арнайы болуы мүмкін.
4.3.2 Бақылаушы кӛзбе-кӛз қадағалауды бӛгет пен іргесінің жұмыстарының негізгі
параметрлерін зерттеу олардың жағдайын кешенді саралау және пайдалануға беру
сенімділігін бағалау мақсатында жүргізу керек. Бақылаушы қадағалаудың құрамы мен
кӛлемін
бӛгет
класына,
оның
контруктивтік
ерекшеліктеріне,
геологиялық,
геокриологиялық, гидрогеологиялық, климаттық сейсмикалық жағдайларына, сонымен
қатар құрылыс салу жағдайлары мен пайдалануға беру талаптарына байланысты белгілеуі
керек.
Бақылау кезінде, әдетте:
- тӛменгі және жоғарғы бьефтердегі су деңгейінің белгісін;
- бӛгеттер мен жағалардың денесіндегі депрессиондық үстінің күйін;
- дренаждың және сүзуге қарсы құрылғылардың жұмыстарының сапасын;
- бӛгет және оның іргесі арқылы, сонымен қатар бӛгеттің бетондық имараттарға
жанасу орындарында сүзілетін судың шығынын;
- сүзілген судың лайлығын, температурасын, қажет болған жағдайларда, оның
химиялық құрамын;
- бӛгет денесі мен іргенің саздық элементтеріндегі жыныстық қысымды;
- бӛгет денесінің, ірге мен жағалық жанасудың шӛгіндісін;
- жотаның, берманың және сүзуге қарсы құрылғылардың горизонталь жылжуын;
- бӛгет денесіндегі, сүзуге қарсы құрылғылардағы, сондай-ақ іргедегі кернеу мен
деформацияны;
- сейсмикалық ауытқуларды;
- мұздардың әсер етуін анықтау керек.
ҚР ЕЖ 2.03-102-2012
15
Бақылаушы қадағалаудың құрамына бекітулер мен құламалардың жергілікті
деформацияларының жағдайларына, бӛгет жотасының, сулақтырғыш жоталардың күйіне,
сүзілген сулардың шығуы пайда болуына, құламалар мен жағалардың шайылуына,
қызылсу мұзының, лайдың пайда болуына және дренаждық траншеялардың шӛп басып
кетуіне жүйелі визуалдық қадағалауды ендіруі керек.
4.3.3 IV кластың бӛгеттері мен олардың іргелері үшін кешенді визуалдық
қадағалауларды қарастыру керек. Аспаптық қадағалауларды, әдетте, жылжып кетуді,
шӛгіндіні, депрессиондық беттің күйі мен сүзгіштік шығындарды қадағалаумен шектеу
керек. Тиісті негіздеме бар болған жағдайда, аспаптық қадағалауды жүргізбеуге жол
беріледі.
4.3.4 Арнайы кӛзбе-кӛз қадағалау тиісті негіздеме бар болған кезде, есеп пен
модельдік зерттеулердің әдістері мен нәтижелерін нақтылауға деректер алу,
конструктивтік шешімдер мен жұмыс ӛндірісінің әдістерін негіздеу, бӛгеттерді
пайдалануға беру жағдайларын жақсарту мақсаттарында жүргізіледі.
4.3.5 Кӛзбе-кӛз қадағалау жобасына:
- бақылау-ӛлшеу аппаратурасының мақсаттары, тапсырмалары, құрамы, кӛлемі,
мерзімдерін кӛрсету арқылы әдістемелері, номенклатурасы мен техникалық сипаттамасы
баяндалған қадағалау бағдарламасы;
- бӛгеттегі, іргедегі, жағалық жанасу мен жеке элементтердегі, сым желілерінің
аралығы мен коммутациясындағы және ӛлшеу пульттарының құрылғыларындағы
бақылау-ӛлшеу аппаратурасын орналастыру мен монтажының жалпы схемалары мен
жұмыс сызбалары;
- бақылау-ӛлшеу аппаратурасын орнатуға арналған тӛсеу бӛлшектердің және
монтаждық жабдықтардың жұмыс сызбалары;
- орнатылатын бақылау-ӛлшеу аппаратурасының, екіншілік аспаптардың, қосалқы
жабдықтардың, сымдардың айрықшылығы;
- бақылау-ӛлшеу аппаратурасын орнату, сымдық желілерді тӛсеу мен пульттарды
жабдықтау жӛніндегі нұсқаулық;
- аспаптардың, қосалқы жабдықтардың, сымдық ӛнімнің сметасы, қадағалауды
жүргізу, нәтижелерді ӛңдеу мен сараптау кіруі керек.
Номенклатураны, аспаптың саны мен олардың бӛгет денесінде, іргеде, жағалық
жанасу мен имараттың жеке элементтерінде орналасуын қадағалау мен зерттеулердің
тапсырмасының және кӛлемінің құрамынан шыға белгілеу керек. Бұл жерде барлық
қадағалауларды автоматтандыруға тырысу керек.
4.3.6 Жобаға, құрылыс салу кезеңімен пайдалануға беру кезеңін қоса, имараттың
жұмысы мен оның іргесінің жағдайына кӛзбе-кӛз қадағалауды жүргізудің, ӛңдеу мен
жүйелендірудің жүйелілігі бойынша талаптар кіргізілуі керек.
4.3.7 Барлық
кластың бӛгеттерін есептеген кезде кӛзбе-кӛз қадағалаумен
бақыланылатын бӛгеттер мен олардың іргелерінің жағдайының параметрлерінің шекті
рұқсатты мәндері белгіленуі керек.
Жеке кесте түріндегі шекті рұқсатты параметрлердің мәндері жобаға енгізіледі.
4.3.8 Бӛгет жағдайының параметрлерінің шекті рұқсатты мәндері жүктемелердің
негізгі және ерекше үйлесіміне арналған есептік мәндеріне тең етіп қабылданады,
сонымен қатар құрылыс салу мен пайдалануға беру процесінде нақтылануы мүмкін.
4.4 Санитарлық-гигиеналық және табиғатты қорғау іс-шаралары
4.4.1 Инженерлік қорғау жүйелерін жобалау кезінде Қазақстан Республикасы
Экологиялық кодексінің, СанЕжН мен басқа қолданыстағы нормалардың талаптарына сай
«Қоршаған ортаны қорғау» бӛлімін әзірлеу керек.
ҚР ЕЖ 2.03-102-2012
16
4.4.2 Аумақты су басу мен судың деңгейі кӛтерілуден инженерлік қорғау жобасында:
- арналардың, жағалардың, сонымен қатар, су ағысының қорғау бӛгетшелерімен
және жағалық бекітулермен қысылуынан пайда болған қорғау имараттарының
бекітілмеген жағамен түйісу телімдерінің қауіпті шайылуының алдын алуды;
- қорғалатын аумақта қалдырылған суқоймаларының маңында ағаш-бұта және
шабындық ӛсімдіктерінің, отырғызылған ағаштардың сақталуын;
- қорғалатын аумақта су эрозиясымен күресу бойынша агротехникалық, шабындық-
орман мелиоративтік және гидротехникалық шаралардың кешенін жүзеге асыруды;
- елді мекен аумақтарының, ӛнеркәсіптік объектілердің, мелиоративтік телімдердің
ж.т.б. қорғалатын бӛлігін кӛгалдандыруды;
- топырақтың, су қоймаларының, рекреация үшін пайдалынатын қорғаудағы ауыл
шаруашылық жерлері мен аумақтарының жұқпалы аурулардың қоздырғыштарымен,
ӛнеркәсіптік ӛндірістің қалдықтарымен, мұнай ӛнімдерімен және улы химикаттармен
ластанудың алдын алуды;
- қорғалатын аумақ шекараларында жануарлардың кӛшуінің табиғи жағдайларын
сақтауды;
- жайылма кӛлдердің, ескі арналардың және суы таяз суқоймаларының құрғап кету
нәтижесінде жойылып кеткен уылдырық шашу орындарын сақтауды немесе жаңасын
жасауды;
- инженерлік қорғау объектілерінде балықтардың қырылуы мен жарақаттануының
алдын алуды;
- қорғалатын аумақта қорғалған жануарлардың табиғи ӛмір сүру жағдайын
сақталынуын;
- қорғалатын аумақта суда жүзетін жыл құстары пайдаланатын су-саз батпақ
жерлердің тәртібінің кӛшу уақытында сақталынуын қарастыру керек.
4.4.3 Инженерлік қорғау имараттары мен құрылыстық базаны орналастыру кезінде
ауыл шаруашылығына жарамайтын жерлерді, немесе тӛменгі сапалы ауылшаруашылық
жерлерін таңдау керек. Мемлекеттік орман қорының жерлерінде имараттарды салу үшін
орманды емес алаңдарды, немесе бұталар немесе аса қымбат емес кӛшеттер отырғызылған
алаңдарды таңдау керек.
Ерекше ғылыми немесе мәдени құндылығы бар қорықтар мен табиғи жүйелердің,
соның ішінде қорықтардың маңайындағы қорғалатын аймақтардың шегіндегі табиғат
кешендерін бұзуға жол берілмейді.
4.4.4 Шашпалар мен әртүрлі ойпаңдары бар алаңдардың іргелеріндегі топырақтың
құнарлы қабаты, негізгі жер жұмыстары басталғанға дейін, құрылыс салу ұйымының
жобасымен белгіленген ӛлшемдерде түсірілуі және топырақ құнарлығын қалпына келтіру
немесе аз ӛнімді жерлердің құнарлығын кӛтеру кезінде оны ары қарай пайдалану үшін
үйіндіге салынуы керек.
Құнарлы қабатты:
- құнарлы қабаттың қалыңдығы кемінде 10 см кезде;
- саз батпақта, шалшықталған және суландырылған телімдерде;
- МемСТ 17.5.3.04 сәйкес тӛмен құнарды топырақтарда;
- траншеяның тӛбе бойынша 1 м және одан да кем енін әзірлеу кезінде алмауға жол
беріледі.
Алынатын құнарлы қабатты алу қажеттілігі мен қуаттылығы қолданыстағы
стандарттардың талаптарына сәйкес құнарлық пен табиғи аймақтың деңгейінің есебімен
құрылыс салу ұйымының жобасында белгіленеді.
4.4.5 Құнарлы қабатты алу мен қондыруды топырақ қатпаған күйде болғанда жүргізу
керек.
ҚР ЕЖ 2.03-102-2012
17
4.4.6 Топырақтың құнарлы қабатын бӛгеттер мен шашпалардың, басқа тұрақты және
уақытша жер имараттарының құрылғылары үшін пайдалануға тыйым салынады.
4.4.7 Жер жұмыстарының ӛндірісі кезінде археологиялық және палеонтологиялық
объектілер табылған жағдайда, сол телімдегі жұмыстарды тоқтатып, табылған жайлы
жергілікті атқарушы органдарға хабарлау керек.
4.4.8 Суастылық жер жұмыстары ӛндірісінің мерзімдері мен әдістерін жұмыс
ӛндірісі аймағындағы экологиялық жағдай мен табиғи биологиялық ырғақтардың
(балықтардың уылдырық шашуы, кӛшуі ж.т.б.) есебімен белгілеу керек.
4.4.9 Инженерлік қорғау объектілерін ауылшаруашылық жерлерде және құрылыс
салынған аймақтарда жасау кезінде табиғи жүйелердің функциясына дұрыс әсер ететін
биогеохимиялық айналым процесі бұзылмауы керек.
4.4.10 Санитарлық-сауықтыру шараларын елді мекендердің даму келешегінің
есебімен жобалау керек. Елді мекендердің маңайында суы таяз аймақтардың, сонымен
қатар уақытша су басу және қатты су астында қалу аймақтарының пайда болуына жол
беруге болмайды.
Су қоймаларынан тұрғын және қоғамдық ғимараттарға дейінгі қашықтық әрбір жеке
жағдайда санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарымен белгіленуі керек.
4.4.11 Инженерлік қорғаудың барлық жобаларында су басу мен судың деңгейі
кӛтерілу әсерлерінен пайда болатын геодинамикалық, гидрологиялық, гидрохимиялық,
геотермикалық, биологиялық сынды табиғи процестер динамикасының болжамынан
негізделетін қоршаған табиғи ортаға техногендік әсерлердің ықтимал салдарын бағалау,
сонымен қатар паразиттік жағдайлардың ӛзгеруінің болжамдары болуы керек.
4.4.12 Қорғау имараттарын орнату кезінде құрылыс материалдары ретінде
топырақтар мен қоршаған табиғи ортаны ластамайтын ӛндіріс қалдықтарын пайдалануға
жол беріледі.
Топырақты бӛгетшелерді ӛсіруге арналған қорғаныс имараттарының жармасынан
тӛмен қазуға жол берілмейді.
Су қоймалары мен су ағындарындағы суды қорғау аймақтарында еңістерді кесуге,
жергілікті материалдардың карьерлерін ӛңдеуге жол берілмейді.
4.4.13 Инженерлік
қорғау
объектілерінің
құрылысын
салу
жобаларында
қолданыстағы гигиеналық талаптардың есебімен қорғалатын елді мекендерді
орталықтандырылған сумен жабдықтау мен кәрізін қарастыру керек.
4.4.14 Қорғалатын аумақтарда орналасқан шаруашылық-ауыз су мақсаттағы су
кӛздерінің маңайында Қазақстан Республикасы Су кодексінің талаптарына жауап беретін,
қорғаудың санитарлық аймақтарын құру керек.
4.4.15 Инженерлік қорғау имараттарының (таулы арналар, нығайту бӛгетшелер
ж.т.б.) жануарлар кӛшу жолдарымен түйіскен жерлерде:
- мал айдауларын орналастыру;
- имаратты кӛшу жолының шекарасынан шығару;
- жер имараттарының еңістерін жануарлардың кедергісіз жүруін қамтамасыз ететін
бекітусіз де орналастыруды орындау;
- жануарлардың ӛтуіне қауіп тӛндіретін жылдамдықты ағысы бар арна телімдерін
құбыр жолдарына ауыстыру керек.
4.4.16 Инженерлік қорғау объектілерін құру кезінде бұзылған аумақтардың
құнарлығын қалпына келтіру мен абаттандыруды МемСТ 17.5.3.04 талаптарының
есебімен әзірлеу керек.
4.4.17 Рекреация үшін ӛзендер мен су қоймаларының қорғалатын су басатын және
судың деңгейі кӛтерілетін жағалық аймақтарын пайдалануды табиғатты пайдалану мен
ӛзендерде су шаруашылық кешендерін құрудың басқа түрлерімен бірдей қарастыру керек.
ҚР ЕЖ 2.03-102-2012
18
Аумақты су басу мен судың деңгейі кӛтерілуден инженерлік қорғауды жүзеге асыру
кезінде қорғалатын аумақтар мен іргелес акваторийдің рекреациялық келешегін
тӛмендетуге жол берілмейді.
Рекреациялық мақсаттар үшін пайдаланылатын, қорғалатын аумақтарда орналасқан,
бақтың жас кӛшеттерімен үйлескен су қоймалары Қазақстан Республикасы Су кодексі мен
МемСТ 17.1.5.02 талаптарына жауап берулері керек. Инженерлік қорғау жобасында
гигиеналық талаптарға сәйкес жаз мезгілінде – су алмастыру нормалары, қыс мезгілінде –
санитарлық рұқсаттар қарастырылуы керек.
4.4.18 Саз батпақталған және су астында қалған аумақтарды жою кезінде
магистралды арналардың трассаларының бойына МемСТ 17.1.5.02 сәйкес елді
мекендердің маңайында рекреациялық су қоймаларын құруға жол беріледі.
ҚР ЕЖ 2.03-102-2012
19
А ҚОСЫМШАСЫ
(ақпараттық)
Су қоймаларындағы инженерлік қорғауды техника-экономикалық негіздеу
А.1 Инженерлік қорғаудың экономикалық мақсатқа сай келуін салыстырмалық
тиімділік әдісі бойынша анықтауға кепілдеме беріледі. Күрделі қаржылық салымдардың
салыстырмалық тиімділігінің кӛрсеткішіне берілген шығындардың кӛлемі жатады.
Салыстырмалық тиімділік қатарынан минималдық берілген шығындары бар нұсқа
таңдалады.
А.2 Ауыл шаруашылық жерлерін, елді мекендерді, ӛнеркәсіптік және басқа
кәсіпорындарды бір уақытта қорғау кезінде З
з
берілген шығындарды тӛмендегі формула
бойынша анықтауға кепілдеме беріледі:
З
з
= Е
н
К
з
+ И
з
(А.1)
мұнда Е
н
– 0,12 кӛлемінде қабылданатын тиімділіктін нормативтік коэффициенті;
К
з
– су басқан жерлерді, елді мекендерді, ӛнеркәсіптік және басқа кәсіпорындарды
инженерлік қорғау имаратының құрылысын салуға салынған қаржы;
И
з
– су басқан жерлерді, елді мекендерді, ӛнеркәсіптік және басқа кәсіпорындарды
инженерлік қорғау имаратының құрылысын салу бойынша жыл сайынғы ұсталымдар.
А.3 Баламалық Зальт нұсқасы бойынша берілген шығындар тӛмендегіні құрайды:
Зальт = Е
н
(Кальт.с + Кальт.п + Фост.п - Фреал) + Иальт.с + Иальт.п,
(А.2)
мұнда Кальт.с – ауыл шарушылығы бойынша баламалық нұсқаның қаржылық
салымы;
Кальт.п – жаңа жерде оларды қорғаумен алмастыру үшін аталған ӛнеркәсіптік және
азаматтық имараттардың құрылысын уақытылы салудың қаржылық салымы;
Фост.п – инженерлік қорғаудың құрылысын салу кезеңіне су басу аймағында тұрған
ӛнеркәсіптік кәсіпорындардың, елді мекендердің ғимараттары мен имараттарының, темір
және тас жолдардың қалдық баланстық құны;
Фреал – қалдық қорларды іске асыру сомалары;
Иальт.с – ауыл шарушылығы бойынша баламалық нұсқаның жыл сайынғы
ұсталымдары;
Иальт.п – жаңа жерде оларды қорғаумен алмастыру үшін аталған имараттардың
жұмысы бойынша жыл сайынғы ұсталымдар.
Кальт.с кӛлемін ауыл шаруашылық ӛндірісін белсендіру үшін жаңа жерлерді
иеленуге шығындарды есептеу негізінде анықтауға кепілдеме беріледі, ол үшін су басқан
жерлер оларды белсенді пайдаланған кезде берген ауыл шаруашылық ӛнімінің кӛлеміндей
кӛлемді алу үшін су басқан аймақтан тыс аландарды пайдалану керек.
Егер су басқан жерлердің орнына игерілетін жерлер алдын-ала белгілі болса, онда
Кальт.с кӛлемі тікелей есеппен анықталады. Басқа жағдайда Кальт.с кӛлемін жерді
мелиорациясына салыстырмалық капитал салу нормативтері бойынша, немесе кеңестік
республикалардың
министр
кеңестерімен
бекітілген,
ауылшаруашылық
емес
қажеттіліктер орнына алынатын жерлерді игерудің нормативтері бойынша анықтауға
кепілдеме беріледі.
Иальт.с кӛлемі су басқан жерлер үшін орнын толтыру ретінде соғылатын
мелиоративтік жүйелерді күтуге кететін жыл сайынғы шығындарды сипаттайды. Егер
алынатын жерлердің орнына құнарлықты қалпына келтіру немесе мәдениеттелінген
ҚР ЕЖ 2.03-102-2012
20
жерлер енгізілетін болса, онда Иальт.с кӛлемін қайтадан иеленетін жерлердің ауыл
шаруашылық мәдениетінің ӛндірісін кӛзделген деңгейге дейін жеткізуге қажетті жыл
сайынғы қосымша шығындардың кӛлемі бойынша анықтауға кепілдеме беріледі.
А.4 Инженерлік қорғаудың ірі объектілерін жүзеге асыру, әсіресе, тиісті баламалық
нұсқаларды уақытылы даярлау бірқатар жылдар ішінде жүргізілуі мүмкін. Бұл жағдайда
экономикалық тиімділіктің есептері уақыт ықпалын ескеруі керек. Осы жерде әртүрлі
жылдардың шығындарын қандай болса да бір базистік жылға әкелуге кепілдеме беріледі.
А.5 Инженерлік қорғау, бірқатар жағдайларда, аумақтардың немесе объектілердің
(ерекше бағалы ауылшаруашылық жерлері немесе жаңа жерде орнына келтіру тіпті
мүмкін емес айрықша объектілер, ж.т.б.) сақталуын қамтамасыз ететін жалғыз ықтимал
шара болып табылатындығын есепке алу керек. Бұл жағдайда, инженерлік қорғаудың
экономикалық тиімділігін капитал салудың жалпы (абсолюттік) әдісі бойынша негіздеуге
кепілдеме беріледі.
А.6 Елдің табиғи аймақтарының әртүрлі жағдайларында инженерлік қорғаудың
оңтайлы нұсқасын анықтауға қатысты техника-экономикалық есептерді:
- қоршаған ортаның ӛзгеруінің;
- жер, ӛсімдік жамылғылары мен жануарлар әлеміндегі ӛзгерістердің;
- іргелес
аумақтардың табиғи жағдайларының ӛзгеруі мен ресурстарын
экононмикалық бағалаудың;
- су қоймаларының әсер ету салдарының;
- табиғи жүйелерді орнына келтіруге бағытталған орнын толтыру шараларының
есебімен орындау керек.
А.7 Іргелес аумақтардың табиғи жағдайларындағы ӛзгерістерді табиғи, экологиялық,
технологиялық және экономикалық бағалаудың есебімен анықтау керек.
Табиғи бағалау белгіленген (экологиялық, климаттық, гидрологиялық, ботаникалық,
топырақ және басқалар) ӛзгерістердің сол кӛрсеткіштермен тұрақты немесе уақытша
ӛзгерістерімен салыстырудан тұруы керек.
Экологиялық бағалауды бір кӛрсеткіштердің (желдің жылдамдығы, топырақтың
ылғалдылығы, атмосфералық шӛгінділер ж.т.б.) ӛзгерістерін екіншісінің (шабындық пен
орман ӛсімдіктерінің биологиялық және шаруашылық ӛнімділігімен) ӛзгерістерімен
салыстыру жолымен орындау керек.
Технологиялық бағалау сол ӛзгерістерді шаруашылықтың, ӛндірістердің және адам
қызметінің түрлерінің (ауыл, балық, орман және аңшылық шаруашылық, рекреация ж.с.с.)
әртүрлі салаларының замани және келешек талаптарының тұрғысынан қарауды
қарастыруы керек.
Экономикалық бағалау іргелес аумақтардың ауылшаруашылық жерлерінің,
шабындықтары мен ормандардың биологиялық ӛнімділігінің тӛмендеуінен болатын
зияндардан (немесе кӛтерілуден болатын ықпалдан) тұрады.
А.8 Энергетикалық мақсаттағы су қоймаларын құру кезінде, жағалық аумақтарды
инженерлік қорғаудың айтарлықтай оңтайлы схемасын су қоймаларының жағалық
аумақтарға ықпал етуінің барлық түрлері мен масштабтарын есепке алуда анықталатын,
жер пайдаланушылардың шығындары мен ауылшаруашылық ӛндірісінің зияндарын ӛтеу
қажеттілігінен шыға, таңдау керек.
Су қоймаларын жасау және кӛзделген шаралардың әртүрлі нұсқалардың тиімділігі
жағдайында ауыл шаруашылықтың оңтайлы қайта құруын негіздеу кезінде бірінші
кезектегі жұмыстардың түрлері ретінде:
- қайта иеленетін жерлерде топырақтың құнарлығын мәдениеттеу мен кӛтеруді;
- құрғату мен суландыруға қатысты жұмыстарды, сонымен қатар мәдени-техникалық
шараларды жүргізу есебі арқылы бұталармен, шауып алумен, саз батпақпен және басқа
|