Байланысты: SWI-Prolog бағдарламалау тілінде интеллектуалды жүйені құрастыру Жанибектен
SWI-Prolog бағдарламалау тілінде интеллектуалды жүйені құрастыру
Интеллект (латынның intellectus - таным, түсіну, ақыл) - ойлау қабілеті, ұтымды білім. Интелектуалды жүйенің табиғи мысалы - адам. Адам өзінің практикалық іс-әрекетінде ойлау негізінде шешетін тапсырмалар – интеллектуалды болып табылады. Адамның іс-әрекеті, әсіресе интелектуалды (шығармашылық),әлі жеткілікті зерттелген жоқ, оның принциптері мен әдістері екі жақты түсіндіріледі. Интеллект құбылысын практикалық мақсаттар үшін түсінуге және қолдануға көптеген талпыныстардың тартымды перспективалары бар және олар барған сайын нақты бола түсуде.