Сюжеттік-рөлдік ойындар негізінде мектепке дейінгі жастағы балалардың шығармашылық белсенділігін дамыту



Дата06.01.2022
өлшемі37,19 Kb.
#13082
Байланысты:
Жоба




Сюжеттік-рөлдік ойындар негізінде мектепке дейінгі жастағы балалардың шығармашылық белсенділігін дамыту
Жоспары:

I. Кіріспе


Мектеп жасына дейінгі балалардың сюжеттік-рөлдік ойын әрекетінде шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру ерекшеліктері
II.Негізгі бөлім
III.Қорытынды

Жобаның көкейкестілігі:

Жобаның нысаны:

Жобаның пәні:

Жобаның мақсаты:

Жобаның міндеті:

Мектепке дейінгі ұйымдарға сәйкес заманауи білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі - әрбір баланың қабілетін ашу,креативті ойлауға,жоғары ақпараттық технологиялық қоғамға дайын тұлғаны тәрбиелеу болып табылады. Баланы креативтілікке тәрбиелеу барысында ойынның алар орны ерекше. Ойын - оқудың маңызды бір түрі,әдісі. Ойын ұғымына түсінік бере кетсек - бұл адамның мінез құлқын өзі басқарумен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар негізіндегі іс-әрекеттің бір түрі. Ойын-адам өмірінің алғашқы баспалдағы. Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып, білімін жетілдіреді.Ойын әдісі мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту барысында ерекше орын алады. Олар: көрсету, түсіндіру, нұсқау беру,сұрақтар қою,ынталандыру, мадақтау секілді тәсілдермен ойын әрекетінің құрамдас бөліктерін үйлестіре отырып пайдалануды көздейді. Ойынның да өзіне тән мотивтері бар. Мысалы, мазмұндық, рөлдік ойындар баланың зейінін,есін,ойлауын дамытуда зор маңыз атқарады. Ойын әсері арқылы бала өз қасиетін қалай қанағаттандыра алатынын,қандай қабілеті бар екенін байқап көреді. Ойын өздігінен пайда болмайды. Оның пайда болуы үшін үш жағдай қажет:

1) қоршаған ортаның әсері;

2) түрлі ойыншықтар мен тәрбие құралдарының болуы;

3) баланың ересектермен жиі қарым-қатынасы.

Бір мезгілде ересектердің қызметі бала үшін тек объективті ғана емес, субъективті түрде үлгі болуына байланысты, оның алдында алғаш рет ересек адамдардың өмірі мен қызметінің әлемі ашылады. Баланың дербестікке және ересектермен бірге өмір сүруге қарама – қайшы үрдістері негізінде іс-әрекеттің жаңа түрі - сюжеттік-рөлдік ойын туады. Онда бала ересек адамның орнына өзін қоя алады және оның өмірін, қызметін және басқа адамдарға қарым-қатынасын сезініп, сол арқылы онымен ортақ өмір сүреді.

Сюжеттік-рөлдік ойындарда балалар ойын мазмұнын түсінікті етіп жеткізуге тырысады, оған қажетті құрал-жабдықтарды табуға талпынады,оларды дайындау үшін еңбектенеді. Ал еңбек - іс-әрекетті біріктіреді, балалардың қарым-қатынасын реттеп, шығармашылық іс-әрекетке бағыттайды. Бала алған рөліне сәйкес кейіпкердің киімін киіп, қимылын,дауыс ырғағын жеткізуге тырысады, көркемдік (сабақтардан ән,саз,бейнелеу өнері) алған білімдерін қолданады. Мәселен, қуыршақты ұйықтату керек болса, бесік жырын айтады, немесе бейнелеу өнерінен жасаған ыдыстарды ойынға пайдаланады. Бейнелі ойынның ерекшелігі: оны балалардың өздері жасауында, ал ойын қызметі шығармашылыққа және еңбекке толы болады. Бала ойынсыз өсе алмайды, және бұл өмір заңдылығы. Еңбек үстінде баланың көптеген ерекшеліктері дамып, өмір сүру барысында ол түрлі жолмен жарыққа шығады. Мысалы, ересектер өздеріне тән ерекшеліктерін еңбектену барысында көрсетсе, ал мектеп жасына дейінгі балалар оқу-таным әрекетінде немесе ойын үстінде көрсетеді. Еркін сюжетті-рөлдік ойын-мектепке дейінгі жастағы балалар үшін ең қызықты іс-әрекет. Оның тартымдылығы-ойнай отырып, бала субьективті еркіндікті сезінеді, тәжірибелік туынды іс-әрекеттегі қарсылықтарға тап болып, қиынға түсетіндердің барлығы - заттардың, әрекеттер және қарым-қатынастардың оған тәуелді екенін сезінеді. Ойын- кез келген әрекет сияқты бей-берекет пайда болмайды, ол ересектер тарапынан қалыптастырылады. Балалар ойнай алу үшін олардың саналарында эпизод-әрекеттердің жиынтығы тұрақалуы тиіс. Балалар қандай әрекеттерді орындау керек екенін білулері қажет және меңгерген білімдерінен тек осындай лайық сәттерді таңдай біліп, оларды қиялдан құралған жаңа сәттер ойлап таба білулері тиіс. Сондықтан тәрбиешінің бала ойынын ұйымдастыру технологиясын дұрыс меңгеруі аса маңызды рөлге ие. Мектепке дейінгі балалық шақ - 3 тен 6-7 жасқа дейінгі жас - мүлде айрықша кезең болып табылады. Дәл осы жаста ішкі психикалық өмір және жүріс-тұрысты іштей реттеу пайда бола бастайды. Бұл ішкі өмір жалпы түсініктер бойынша әрекет ету қабілетінде, баланың қиялында, ерікті жүріс-тұрысында, ересектер және құрдастар арасындағы мазмұнды қарым-қатынаста танылады.

Рөлде балалардың қиялына тән қасиеттер анық көрінеді:

- әмбебаптық, кез келген рөлді сезімталдықпен қабылдай алу қабілеті;

- өз мінез-құлқы мен кейіпкердің бойындағы қасиеттердің қарама-қайшы келмей бірігуі, эмоцияларының айқын бейнеленуі.

- көпфункционалдылық, яғни рөлдік ойында тек өзінің кейіпкерімен ғана емес, сонымен қатар ойынның басқа қатысушыларымен қажетті қарым-қатынасты қамтамасыз ете отырып, рөлді дамыту қабілеті.

Осы маңызды қасиеттер мен қабілеттердің барлығы, ересектермен әңгімелесуде,мамандар сабақтарының барысында емес, сюжеттік-рөлді ойында туындайды. Осындай ойында балалар ересектердің рөлдерін ойнап, өздері арнайы құрастырған ойын жағдайларында,қиялдан шығарған жағдайларда ересектердің іс-әрекеттерін және олардың арасындағы қарым-қатынасты қайта орындайды немесе модельдейді.

Сюжетті ойын бала тарапынан шынайы,сезінетін өнімді талап етпейді,бұл ойында барлығы шартты,барлығы әзіл сияқты. Бала елестеткен шегені ойыншық балғамен соға алады, бірақ шын мәнінде шегені соға алмайды, дәрігер болып ауру қуыршақтарды емдей алады, ал шын мәнінде бұл ересектердің мамандығы бала үшін алшақ жатыр; шын өмірде ешқашан болмаған толғандыратын оқиғаларға енеді, өзін өзі ойдағыдай таныта алмай қалған жағдайларды қайтадан бастан кешіп жатады.



Сюжетті ойынның осындай мүмкіншіліктерінің барлығы мектеп жасына дейінгі баланың тәжірибелік әлемін кеңейтіп, оған ішкі эмоционалдық жайлылықты қамтамасыз етеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет