Сүзбені өндірудің гигиенасы және санитариясы. Сүзбені ветеринариялық санитариялық сараптау. Технологиялық үрдіс келесі операциялардан құрылады



бет1/3
Дата26.12.2023
өлшемі18,09 Kb.
#143817
  1   2   3
Байланысты:
Сүзбе ВСС


Сүзбені өндірудің гигиенасы және санитариясы.
Сүзбені ветеринариялық санитариялық сараптау.
Технологиялық үрдіс келесі операциялардан құрылады:
Сүтті қабылдау және әзірлеу

Сүтті сепаратордан өткізу

Нормаланған сүттің қоспасын құрастыру

Пастерлеу

Ашыту

Ұйытқыны бөлшектеу

Сарысуды бөлу және ұйытқыны бөліп құю

Ұйытқыны өзіндік сығымдау және сығымдау

Сүзбені салқындату

Орау және буып – түю.

Сүзбе – ақуызды сүт қышқылды өнім. Құрамында толық құнды ақуыздардан басқа минералды заттар бар Оның құрамына ақуыз – 14-17%, май – 3-18%, минералды заттар –1-1,5% кіреді. Сүзбе қарт адамдарға, сонымен қатар өкпе және сүйек туберкулезінде, асқазан, бүйрек ауруларына пайдалы. Сүзбе өндірісінде пастерленген және пастерленбеген сүт қолданылады. Пастерленген сүттен алынған сүзбені тікелей тамаққа қолдануға және одан сүзбе өнімдерін дайындауға қолданылады. Пастерленбеген сүттен алынған сүзбе тек жартылай фабрикаттарды (сырниктер, варениктер), балқытылған сырларды және қолданар алдында термиялық өңдеуді қажет ететін сүзбе өнімдерін өндіруде қолданылады.
Сүзбе қышқыл-мәйекті және қышқылды әдістермен өндіріледі. Сүзбені қышқыл-мәйекті әдіспен өндіргенде сүтті пастерлейді, суытады да, сүт қышқылды бактериялар және мәйекті ферменттен тұратын ашытқы қосады, алынған ұйытындыны текшелерге кесіп сығымдайды.
Сүзбені қышқылды әдіспен өндіргенде сүтті сүт қышқылды ашытқымен ашытады, ұйытындыны кеседі, ал сарысудың бөлінуін тездету үшін қыздырады. Бұндай әдіспен майсыз сүзбе алынады.
Бастапқы шикізат түріне байланысты сүзбе майлы, жартылай майлы және майсыз деп бөлінеді.
Сүзбе сапасына қойылатын талаптар. Майлы, жартылай майлы және майсыз сүзбе жоғары және І сұрыпқа бөлінеді. Қалған сүзбе түрлері сұрыпқа бөлінбейді. Сүзбе жұмсақ болу керек; біртексіз консистенция, ал майсыз сүзбе үшін – сәл сарысуы бөлінген шашыраңқы консистенциялы болу рұқсат етіледі. Емдәмдік сүзбе нәзік, сәл жағылғыш консистенциялы, бөтен дәм мен иіссіз, ал І сұрыпты сүзбе үшін сәл жем татымы, ыдыс татымы және әлсіз ашқылтым болуы рұқсат етіледі. Сүзбе түсі ақ крем реңді немесе сәл сарғыш болу керек. Физико-химиялық көрсеткіштерден стандартпен майлылығы, ылғал мөлшері, қышқылдылығы нормаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет