Ауаның температурасы. Терморегуляция деп дам денесінің температурасын тұрақты мөлшерде сақтау үшін, сыртқы ортаның арасындағы жылу алмасуын іске асыратын организмнің физиологиялық қабілеттілігін айтады. Терморегуляция адамның ой-сезімімен байланыспай, өздігінен орындалады. Бірақ метеорологиялық параметрлердің өзгерісі шектен шығып кетсе, адамның терморегуляциясы бұзылып, дененің қызуы немесе тоңуы басталды.
Ауаның жоғары температурасында, дененің беткі қбатында қан тамырлары кеңейіп, қан ағысы ұлғаяды. Сондықтан, денеден жылу шығу процесі күшейеді. Бірақ ауаның температурасы t≥+35°C болса, онда жылу беру процесі тоқталады. Бұл жағдайда жылу беру процесі тердің булануы арқылы жүреді.
Ауаның төмен температурасында адам организмінің реакциясы басқаша: қан тамырлары жіңішкеріп, қанның ағсы бәсеңдеп, жылу шығу процесі азаяды.
Санитарлық нормаға сәйкес жұмыс орындарында ауаның температурасының мөлшері, ауаның жылы мезгілінде (сыртқы ауаның температурасы >+10°С) 18-25 °С, ауаның суық мезгілінде (сыртқы ауаның температурасы <+10°С) 16-23 °С-қа болу керек.
Ауаның дымқылдығы. Осы параметрді анықтау үшін келесі ұғымдар қабылданған:
максималды (жоғары) дымқылдығы – белгілі бір температураның ауадағы максималды су буларының жоғары деңгейдегі өлшері;
абсолюттік дымқылдылық – белгілі бір температураның ауадағы фактілік у буларының мөлшері г/м3;
салыстырмалы дымқылдылық – абсолюттік ылғалдылықтың максималды ылғалдылыққа проценттік қатынасы %;
салыстырмалы дымқылдық санитарлық нормаларда көрсеткіш ретінде қабылданған. Ауаның жоғары дымқылдығы (85% жоғары) тердің шығуын азайтып, терморегуляцияны қиындатады. Ауаның өте төмен дымқылдылығы (20% төмен) да организмге жағымсыз әсерін тигізеді. Бұл жағдайда адамның жоғары тыныс жолдарының шырышты қабығын кептіреді.
Санитарлық нормаға сәйкес ауаның дымқылдығы 40-60 %шамасында болу керек.
Ауаның қозғалыс жылдамдығы. Ауаның қозғалыс жылдамдығы өндіріс жағдайында адам организміне әртүрлі әсерін тигізеді. Ыстық жағдайда ауаның қозғалысы денеден жылу шығу процесін ұлғайтады, ал суық кезде адам денесін тондырады. Норма бойынша ауаның қозғалыс жылдамдығы, жылы мезгілде 0,2-0,5 м/с, ал суық езгілде 0,2-0,3 м/с болуы керек.
Бөлмелердің жұмыс зоналарында, оптималды немесе шектелген метеорологиялық жағдайлар, санитарлық нормалар және ережелермен белгіленген. Олар келесі жағдайларда ескеріледі:
Жылдың мезгілі – суық және өтпелі кезеңде, сыртқы ауаның орташа температурасы +10°С төмен, жылы кезеңі +10°С жоғары.
Жұмыс категориясы. Барлық жұмыстар ауырлығы бойынша үш категорияға бөлінеді:
бірінші категорияға жеңіл жұмыстар жатады – энергия шығыны 172 Дж/с дейін (немесе 150 ккал/сағ);
екінші категорияға орта салмақты физикалық жұмыстар жатады – энергия шығыны 172-293 Дж/с (немесе 150-250 ккал/сағ);
үшінші категорияға ауыр физикалық жұмыстар жатады - энергия шығыны 293 Дж/с жоғары.
Сондықтан жұмыс орындарында қолайлы микроклимат жасау керек. Ондай жағдайлар өндірістік жарақаттар мен кәсіби ауруларды азайтып, еңбек өнімділігін жоғарлатады.