Т. И. Есполов ҚР ҰҒА академигі, профессор



Pdf көрінісі
бет9/23
Дата06.03.2017
өлшемі1,69 Mb.
#7943
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23

 
 
«Өмір туралы ғылымдар» басымдығы 
 
Медицина саласындағы зерттеулер (хирургия, пульмонология) 
Хирургия  саласында  2013  жылы  Қазақстандағы  ғалым-хирургтар 
(А. Сызғанов атындағы ҰХҒО) алғаш рет төрт реципиент адамға бір мезетте 
бауырды,  жүректі  және  екі  бүйректі  «мультимүшелік  жинақтау»  әдісі 
бойынша  ауыстыру  операцияларын  жасады.  Бір  донордан  үш  мүшені 
ауыстырып  салу  сериясын  жүзеге  асырып,  тірі  донорлардан  бауырды 
ауыстырып салуды клиникаға енгізілді. Аса қуатты медициналық ресурстар, 
иммуносупрессивтік  препараттардың  қарқынды  қолданысы,  сондай-ақ  – 
пациенттерді 
мұқият 
таңдау, 
әрбір 
жағдайға 
қатысты 
графты 
қалыптастыруға қажетті донор бауырының фрагментін таңдау, қажетті графт 
көлемінің  және  донорда  қалатын  бауыр  фрагменті  көлемінің  нақты 
есептеулеріне  сүйене  отырып  жүзеге  асырылады.  Рецепиентке  сәтті 
операцияны  жасаудың  шартына  рецепиенттің  бауырынан  35%-дан  кем 
болмайтындай  көлемдегі  донор  бауырының  фрагментін  алу  жатады.  Донор 
бауыры  фрагменттерінің  көлемін есептеудің  қазіргі  заманға  сай  нақты  әдісі 
ретінде  донор  бауырының  виртуалдық  үлгісін  құрастыруға  негізделетін 
волюметрия жатады (6.3-сурет).  
 
 
 
6.3-сурет. Донор бауырының сегменттері мен тамырлы құрылымдарын көрсету 
 
Иммуносупрессивтік 
терапияда 
клиникалық 
тәжірибелердің 
көрсеткеніне  байланысты  иммуносупрессивтік  және  иммунокомпетенттілігі 

79 
 
арасындағы  тепе-теңдікті  сақтап  қалу  үшін  Такролимус  және  Микофенолат 
Мофетил (MMF) комбинациясы қолданылады. 
Қарынша  қалқасының  туа  біткен  ақаулары  (ҚҚТБА).  Қарынша 
қалқасындағы  ақауға  окклюдерді  имплантациялау  жұмыс  істеп  тұрған 
жүректе,  кеуде  жасушалары  мен  жүрек  қуысын  ашпай-ақ  эндоваскулярлық 
әдіспен  орындалады,  бұл  әдіс  ашып  жасаған  кездегі  болатын  бірқатар 
асқынулардан  сақтандандырады.  Эндоваскулярлық  әдіс  операция  уақытын 
қысқартып,  пациенттің  стационарда  ұзақ  жатпауына  мүмкіндік  береді. 
Кеселді оперативтік әдіспен түзетуден кейінгі қарынша қалқасына туа біткен 
реканализацияланған ақаулардың проблемасы 28-32%-ды құрайтын болады. 
Резидуалдық  шунтты  жабуда  қолданылатын  окклюдерлік  технология 
қайталап  жасалатын  хирургиялық  килігудің  баламасы  және  тиімді  әрі 
қауіпсіз әдіс болып табылады.  
«Соңын  соңына»  анастомозымен  таңа  отырып  кеңірдекті  циркулярлық 
резекциялау  -  қысқа  мерзім  ішінде  дем  алу  жолдарын  қайта  қалпына 
келтіріп,  зақымдалған  бөлікті  алып  тастап  емдеудің  негізгі  түрі.  Кеңірдекті 
кесіп  алып  тастағаннан  кейінгі  болатын  асқынулар  6,2-28%  құраса,  кейбір 
мәліметтер бойынша сәтсіз операциялар 10% құраған.  
Кеңірдектің  тыртық  салдарынан  қайта  тарылуының  алдын  алу  үшін 
тыртықтарды эксцизиялаған кейін дем алу жолдарына жол ашып тұратын әр 
түрлі  қаңқалы  құрылымдарды  енгізуге  болады.  Ұзақмерзімдік  стенозы  бар 
аурулардың кеңірдегіне жасалатын кезеңдік пластика емдеудің бір ғана әдісі 
болып саналады және де ауру адамдардың 98,8% жазылып кетуіне мүмкіндік 
береді.  
Рестенозацияның  алдын  алу  үшін,  эндоскопиялық  әдіспен  қайта  жол 
ашылған  соң,  кеңірдекке  әртүрлі  эндопротездер  мен  қабырғалық-
протекторлар  орнатылады.  Дұрыс  таңдалып  алынған  уақытша  эндопротезді 
адам  ағзасы  жақсы  қабылдайды,  кеңірдек  қабырғасын  репарациялауға 
қажетті  уақытқа  жетеді.  Пластикалық  операция  нәтижесінде  дем  алу 
жолдарын  айтарлықтай  ашып  болып,  уақытша  қолданылатын  эндопротезді 
алып  тастаған  соң  маңайдағы  ұлпалар  арқылы  пластикалық  жабу  жүзеге 
асырылады.  Кеңірдектегі  күрделі  ақауларды  жою  кезінде  маңайындағы 
ұлпалармен  жай  ғана  жауып  қою  жеткіліксіз  болады,  бұл  жаңа  амалдарды 
қарастыруды талап етеді.  
Кеңірдектегі қолқа тармағы стеноздарының эндоскопиялық анықтаудың 
тиімді  алгоритмі  ұсынылып  отыр,  ол  қажетті  іс-әрекеттердің  реті  мен 
тәртібін 
қамтамасыз 
ететін 
тағайындалған 
ережелерге 
сүйенеді: 
а) диагностикалық  эндоскопия  биопсия  амалына,  консервативтік  немесе 
оперативтік  емдеу  түрін  таңдауға  мүмкіндік  береді;  б) тікелей  биопсия 
міндетті  түрде  морфологилық  верификацияға  арналып  өзгертілген  ұлпаны 
көріп  тұрып  орындалады;  в) патологиялық  үрдістің  жанама  эндоскопиялық 
сипаттарын  анықтау  барысында  (іштен  өсіп  шығуы,  пайда  бола  бастауы, 
деформация,  қабырғаларындағы  ебейсіздіктер)  ісіктің  орналасуын,  көлемі 
мен  құрылымын  анықтау  үшін  кеңірдекті  спиралдық  компьютерлік 

80 
 
томографияға түсіру керек болады; г) стенозды хирургиялық түзету әрекетін 
(трахеофиссура, 
протездеумен 
бірге 
жүзеге 
асырылатын 
ларинготрахеофиссура)  кешенді  түрде  және  ларинготрахеоскопиялық 
бақылау арқылы жүзеге асыру керек.  
Нейрохирургтар  (НҰО,  Астана)  ауру  адамдардың  мүгедектікке  душар 
болуын  төмендетіп,  барынша  еңбекке  қабілеттілігін  сақтап  қалып, 
ауруларды  қайта  қалпына  келтіруді  жүзеге  асырып,  өлімді  азайту 
мақсатында  бас  миы  тамырларының  ауруын  анықтау  мен  емдеудің 
технологияларын өңдеп, жетілдіру үстінде.  
Нейрохирургиялық  цереброваскулярлық  патологиясы  бар  және  
геморрагиялық  инсультпен  ауыратын  адамдарға  жүргізілген  клиникалық 
және  аспаптық  зерттеулердің  кешені  еліміздегі  геморрагиялық  инсульттің 
672-ін анықтаған екен.    
Ғалымдар алғаш рет стенттік және баллондық ассистенцияны қолданып 
тамырларды  мақсатты  түрде  қадағалап  отыратын  эмболизациялау  арқылы 
артериявеналық  мальформацияларды  (АВМ)  емдеудің  эндоваскулярлық  
әдісін енгізді.  Эндоваскулярлық емдеуді мидың алдыңғы артерияларындағы 
аневризмалары  барысында,  вертебробазилярлық  бассейндегі  аневризмалар 
барысында  қолданған  жөн.  Артериявеналық  соустийлерді  эмболизациялау 
кезінде  микроспиральдарды  Onyx  желімдік  композиясымен  бірге  
пайдаланған  кезде  ішкі  ұйқы  артериясын  қайта  құру  мен  каротидтік-
каверналы соустийлерді толықтай өшіруге мүмкіндік береді. 
Қанды  ісікті  хирургиялық  әдіспен  алып  тастаса,  қанды  ісіктің  қаны 
бөлетін  нейропатикалық  заттарға  тосқауыл  жасалып  және  патологиялық 
үрдістердің  қанқасы  шығаратын  ми  ұлпасы  мен  қанды  ісіктің  араласып 
кетпеуіне 
жол  берілмейді.  Геморрагиялық  инсультпен  ауыратын 
адамдардың  өліп  кетуіне  көбінесе  дамып  келе  жатқан  ісік  пен  кейбір  ми 
бөліктерін жылжуы себеп болады (30-40%). Операцияны ауру адамға дұрыс 
тағайындап,  кіші  инвазивтік  оперативтік  килігулерді  жүзеге  асыру  арқылы 
бас  сүйегі  ішіндегі  қан  қысымы  ұлғаюының  алдын  алып,  геморраниялық 
инсультпен  ауратын  пациенттердің  өлімін  азаютуға  және  өлімді  35%-дан 
21,5%-ға дейін төмендетуге болады.  
Жаңа  зерттеулердің  нәтижелері  клиникаға  енгізілді,  соның  ішінде: 
артериялық  тамырлардағы  аневризмалар  мен  бас  миының  артерия-веналық 
мальформациясын 
эндоваскулярлық 
эмболизациялау, 
соустийлерді 
каротидтік-каверналы  эндоваскулярлық  эмболизациялау  және  жабынды 
стендтар  арқылы  бас  миы  тамырларындағы  ауруларды  эндоваскулярлық 
емдеу,  сондай-ақ  бас  миындағы  қан  айналымы  жеткіліксіз  бола  бастаған 
кездегі  қолданылатын  вакуумдық  терапия  және  бульбарлық  синдроммен 
ауыратын адамдарға  Вокастим аппаратын қолдану. 
Бел омыртқа бөлігі сегменттеріндегі тұрақсыздықты интраоперациялық 
жолмен анықтаудың тәсілі мен оны жүзеге асыратын қондырғы жасалынды. 
Ертеректегі  және  операциядан  кейінгі  кезеңдердегі  нәтижелерге  талдау 
жасай  отырып,  омыртқаның  бел-құйымшақ  бөлігіндегі  дегенеративтік 

81 
 
ауруларды  емдеудің  тиісті  алгоритмі  жасалынды.  Зерттеу  нәтижелері  тері 
арқылы  транспедикулярлық  РЕЕК  жүйесін  орнатудың  және  ортаңғы 
белдемелік  кортикалды  бекіту  технологияларын  пайдаланып  операциялық 
үрдіске енгізілді.   
2013  жылы  алғаш  рет  бас  миын  тереңнен  қоздыру  жүзеге  асырылды. 
Паркинсон  мен  дистония  ауруына  шалдыққан  пациенттерге  26  қондырғы 
орнатылды.  Және  де  осының  әсерінен  аурудың  негізгі  симптоматикасы 
басылып, пациенттердің өмір сүру сапасы көтерілді. 
Алынған 
нәтижелер 
«Омыртқаның 
бел-құйымшақ 
бөлігіндегі 
дегенеративтік  ауруларды  анықтау  және  хирургиялық  емдеу»  атты 
әдістемелік 
нұсқауға 
енгізіліп, 
денсаулық 
сақтауды 
дамытудың  
Республикалық  орталығы  мен  ҚР  ДСМ  ғылым  және  адам  ресурстары 
Департаменті қолдап ұсынып отыр.  
Урология саласындағы: 
-
 
скринингтік  зерттеулер  арқылы  андрологиялық  патологияның  жиілігі 
мен құрылымы алғаш рет зерттеліп, ер адамдар мен жасөспірімдердің 81,3%-
да  уроандрологиялық  патология  болатыны  анықталды  және  де  оның басым 
бөлігін  созылмалы  простатит  (42,0%),  ДГПЖ  (24%),МБ  (13%),  қабынатын 
аурулар  (11%),  варикоцеле  (7%),  уретра  структуралары  (3%)  құрайтыны 
көрсетілді.  18-35  жас  аралығында  уроандрологиялық  патология(24%) 
кездеседі  екен.  Балалар  мен  жасөспірімдердегі  андрологиялық  патология 
48,3% -ды құрады; 
-
 
андрологиялық патологияны қабындырып, ушықтыратын соматикалық 
интеркуренттік  аурулардың  жиілігі  мынадай  болады:  уроандрологиялық  
патологиясы бар адамдардың жалпы санының 24%-ы жүрек-қан тамырлары 
жағынан, қант диабетінен – 11%; 
-
 
клиникалық  практикада  варикоцеле  ауруын  анықтау  мен  емдеудің 
жүйелілік пен саралап қарауды ескеретін алгоритмі енгізілген; 
-
 
гипоспадияны  хирургиялық  емдеудің  біркезеңдік  тәсілі  жасалып, 
клиникалық практикаға енгізілді, бұл қуық-жыныс мүшелеріндегі туа біткен 
кеселі бар ауруларды емдеудің  тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді; 
-
 
бездегі  инфекция  ошақтарын  түзетіп,  бездегі  тегіс  бұлшық  еттердің 
электрлік  қоздыруға  қарсы  белсенді  түрде  тартылуына  әсер  ететін  еркектік 
бездің  трансуретралдық  дренажын  жүзеге  асыратын  тиімді  әдіс  клиникаға 
енгізілді;   
-
 
ДГПЖ  хирургиялық  емдеуден  өткен  пациенттерді  операциядан  кейін 
қайта  қалпына  келтіру  кезеңінде  қолданылатын  алдын  алу  мен  емдеу 
шараларының ғылыми негізделген кешені клиникаға; 
-
 
ДГПЖ 
шалдыққан 
аурулардың 
уродинамикалық 
ақауларын 
операциядан  кейінгі  кезеңде  емдеудің  А  типіндегі  ботулиникалық  токсинді 
трансуреталды енгізудің технологиясы жасалынып, практикаға енгізілді, бұл 
несеп  шығарудағы  ақаулары  бара  пациенттердің  төменгі  несеп 
жолдарындағы уродинамиканы айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді; 

82 
 
-
 
СШМП  лазермен  тіліп  алудың  клиникалық  практикаға  енгізілген 
тәсілі  тиімді  әрі  оперативті  килігудің  мерзімін  қысқартады,  интраоперация 
барысындағы 
қан 
жоғалтудың 
көлемін 
азайтып, 
ТУР 
СШМП 
салыстырғандағы жатып емделудің мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді.  
Нәтижелерді  енгізу  қорытындылары:  туабіткен  несепжыныстық  порок 
аурулары және уроандрологиялық аурулардың жоғары мамандырылған және 
мамандырылған  медициналық  көмек  бойынша  42  әзірленімдер  әдісі 
клиникалық-практикаға  енгізілді.  Олардың  ішінде  «академик  Б.  Ө.  Жарбо-
сынов атындағы Урология ғылыми орталығы» АҚ клиникалық бөлімінде 24 
тәсіл (33 енгізу актісі), Қазақстан Республикасының практикалық денсаулық 
сақтау  аймағының  клиникалық  бөлімшелері  және  Алматы  мен  Астана 
қалаларында  18  тәсіл  (25  енгізу  акті).  Соңғы  екі  жылда  (2012–2013  жж.) 
клиникалық құралдың 9 монографиясы және 1 атласы жарияланды. 
Ғылыми  ыңтамақтастық  бойынша  әлемнің  жетекші  орталықтарының 
потенциалдық  серіктестер  болып;  Белград  университеті  медицина 
мектебінің  хирургия  және  урология  орталығы;  Барбали  Росмедтехнология 
урологиясының ҒО; университеттің  клиника (Стэндфорд, АҚШ). 
Туберкулез  мәселелері.  ДДСҰ  деректері  бойынша  Қазақстан  
туберкулез  ауруы  жоғары  деңгейдегі  елдердің  қатарына  жатады.  2006-2015 
жылдарға  арналған  ДОТС  туберкулезге  қарсы  күрес  стратегиясының 
шеңберінде  қолданылатын  туберкулезге  қарсы  терапияның  тиімділігін 
жоғалтуының  басты  себептің  бірі  –  ол  Mycobacterium  tuberculosis  ауруды 
қоздырғыш  бактериясының  қасиеттерінің  өзгеруі.  Мұндай  өзгерістерге 
микобактериялар  геномында  болатын  және  дәрілік  тұрақтылығы  бар 
штамдардың пайда болуына алып келетін мутациялық процестер жатады. 
Мультирезистентті 
туберкулезге 
қарсы 
күрес 
Халықаралық 
туберкулезге  қарсы  бағдарламасының  басымды  бағыттарының  бірі  болып 
табылады. 2007 жылы Қазақстан бойынша КДТ 62,5% құрады. 2009 жылдың 
деректері бойынша аурудың бұл түрі Қазақстан бойынша алғаш анықталған 
аурулардың  ішінде  18,55%,  бұрын  емделгендердің  ішінде  45,5%,  жалпы 
алғанда 63,75% құрайды. 
2013  жылдың  нәтижесі  бойынша  туберкулез  ауруына  шалдығу 
аймақтар  тұрғысынан  көрсетілген.  Аурудың  және  одан  болатын  өлім-жітік 
себептері  –  ол  аймақтардың  климатты-географиялық  ерекшеліктері: 
оңтүстікте  ыстық  және  құрғақ  климат,  микобактериялардың  көбеюіне 
қолайсыз;  солтүстік  және  батыс  аймақтарда  ауа  райы  қолайсыз, 
ылғалдылығы жоғары және температура режимі кең ауқымды болғандықтан 
туберкулезбен  ауру  көрсеткіштері  жоғары.  Ауруға  шалдығудың  басқа 
себептері  тұрмыстық  деңгей  (еңбекақы  көлемі,  материалды-тұрмыстық 
жағдай және т.б.), сондай-ақ экологиялық орта.    
ДДСҰ The Global Plan to Stop TB 2006-2015» стратегиясы туберкулезге 
қарсы  күрес  мәселелерін  шешуге  бағытталған  және  әлемде  КЛУ және  КЛУ 
туберкулездерінің  таралуына  қарсы  күрес  бағдарламаларын,  зерттеулер 
ауруды  анықтау,  емдеу  және  алдын  алудың  тиімді  құралдарын  әзірлеумен 

83 
 
байланыстырады. Туберкулез мәселелері Ғылыми орталығы, М.Ә. Айтқожин 
атындағы  ИМБиБ  және  Назарбаев  Университеті  ғалымдары  M. tuberculosis 
микобактериялар  штамдарының  генетикалық  вариабельділігін  зерттеуді 
жалғастыруда.  
Beijing  тұқымдас  штамдар  Қазақстан  үшін  аса  эпидемиялық  қауіп 
төндіреді,  өйткені  ол  көптік  дәрілік  тұрақтылығы  бар  туберкулез 
жағдайларының  басты  себебі  болып  табылады,  бірақ  бұл  штамдардың 
таралу ошағын анықтау мүмкін емес. Туберкулезге қарсы диспансерлер мен 
пенитенциарлы  мекемелердің  пациенттерінен  бөлінген  штамдар  анализі. 
Бұрын  жүргізілген  зерттеулерде  бір  емес  бір  уақытта  бірнеше  
M. Tuberculosis  штамдарымен  ауру  шақырылған  жағдайларды  анықтады.  
Бұрын 
анықталған 
160 
қазақстандық 
изоляттардың 
генетикалық 
профильдері  жасалған  дерекқордың  негізі  болды  және  молекулалы-
эпидемиологиялық жұмыстар жүргізу кезінде рефернс ретінде қызмет етеді.  
24-MIRU-VNTR  анализінде  қолданылатын  24  вариабельді  локустардың 
ішінде жеке аллелді нұсқалардың кездесу жиілігі туралы алынған  деректер 
негізінде  10  ең  көп  ақпаратты  локустармен  негізделген  типтеудің 
редуцияланған схемасы әзірленді. Бұл комбинацияны қолдану ҚР аумағында 
генетикалық тұқымдарды  және  жеке  генотиптерді  дифференциациялауға  ең 
аз  қажет  локустар  санын  айтарлықтай  азайтуға  мүмкіндік  береді,  бұл 
сондай-ақ  жеткілікті  дискриминациялау  қабілеттілікті  сақтай  отырып, 
анализ жасау жұмыстарының көлемін азайтуға себепкер болады.   
Қазақстанда туберкулезге қарсы үдемелі технологияларды енгізу өзекті 
мәселе  болып  тұр.  ҚР  туберкулез  жұқпасының  таралуын  бақылау  құралы 
ретінде  бірыңғай  кешенді  молекулалы-эпидемиологиялық  мониторинг 
жүйесін іске асыру мақсатында менеджмент жүйесінің ИСО 9001-2009 (2011 
ж.  маусым  айынан)  сәйкес  GLP  сапа  сертификатын  және  Германиядағы 
Борстель 
(БДСҰ 
туберкулез 
орталығы) 
Супранационалды 
лабораториясының  сыртқы  сапаны  бақылау  халықаралық  сертификатын 
алған  МҰО  референс  –  лабораториясы  құрылды.  Қазіргі  күнде  туберкулез 
ауруына  шалдыққандардың  Ұлттық  тіркелімі  және  үнемі  жұмыс  істейтін 
мониторинг  және  республика  бойынша  ТМҒО  өткізілетін  туберкулезге 
қарсы 
іс-шараларды 
бағалау 
жүйесі 
енгізілген. 
Туберкулезді 
диагностикалаудың инновациялы молекулалы-генетикалық экспресс әдістері 
енгізілді  (2  тәулік  ішінде  мультирезистентті  туберкулезді  анықтауға 
мүмкіндік  беретін  HAIN–тест,  2  сағат  ішінде  анықтайтын  Xpert–TB). 
Клапанды бронхоблокациямен бірге силиконды имплантты қолдану арқылы 
өкпенің  туберкулезбен  зақымдалған  жерінің  гиповентиляциясы  мен 
ателектазын  шақыра  отырып  дренаждаушы  кеңірдек  тарамдарын 
оқшаулауға  бағытталған  кең  ауқымды  дәрілік  тұрақтылығы  бар  туберкулез 
ауруларын    хирургиялық  жолмен  емдеудің  жетілдірілген  әдісі  енгізілуде. 
Бұл әдіс дені сау халыққа өте қауіпті болып табылатын кең ауқымды дәрілік 
тұрақтылығы бар ТБ ауруларды емдеп шығаруға және аурулар контингентін 
азайтуға мүмкіндік береді.  

84 
 
ТМҰО  соңғы  2-3  жылдағы  басты  жетістіктері:  өте  ауыр  емделетін 
туберкулездің  мульти-  және  супертұрақты  түрлерімен  ауыратын  ауруларды 
емдеудің жаңа схемасы енгізілді. Дер кезінде тіркеуге және ауырған кезінен 
бастап  диспансерлік  тіркеуден  шыққанға  дейінгі  аурудың  тағдырын 
қадағалауға  мүмкіндік  беретін  туберкулезге  шалдыққандардың  Ұлттық 
тіркелімі енгізілді. 
MTBDR-plus  молекулалы-генетикалық  әдісі  негізінде  алғаш  рет 
Қазақстанның  әртүрлі  аймақтарындағы  туберкулезге  шалдыққандардың 
rpoB, katG, inhA генасындағы туберкулез микобактерияларының ДНК –дағы 
мутациялар ерекшеліктері зерттелді.  
ҚР  азаматтық  және  пенитенциарлық  денсаулық  сақтау  секторларында  
алғаш  анықталған  және  созылмалы  дәрілік  тұрақтылығы  бар  өкпе 
туберкулез  түрлеріне  шалдыққан  аурулардың  rpoB,  katG,  inhA 
геналарындағы  туберкулез  микобактерияларының  ДНК-дағы  мутациялар 
ерекшеліктері зерттелді.  
MIRU-VNTR-анализ  әдісімен  типтелген  M.  Tuberculosis  штамдарының 
молекулалы-генетикалық әртүрлілігін кешенді бағалау жүйесі әзірленді. 
Алғаш  рет  Қазақстанның  азаматтық  секторында  тұратын  өкпе 
туберкулезі 
ауруына 
шалдыққандардан 
бөлінген 
туберкулез 
микобактерияларының 
изоляттарын 
MIRU-VNTR 
типтеу 
негізінде 
генетикалық  тұқымдастықтың  6  түрі  анықталды,  бірақ  Beijing  тұқымдас 
изоляттар басым (82%). 
Алғаш  рет  КДТ  ТБ  ошағында  байланыста  болған  балалар  мен 
жасөспірімдерге  химиопрофилактиканың  тиімділігі  зерттелді  және  оларды 
бақылау  ұсынымдары  берілді.  Туберкулез  гонитінің  экспериментті  үлгісін 
емдеу  үшін  туберкулезге  қарсы  ПИРЭФ  4  препараты  арқылы  теңіз 
шошқасына құйылған наномайды клиникаға дейінгі зерттеу жүргізілді. 
Онкология саласында, обыр (рак) шартты түрде емдеуге болатын  ауру 
саналатынына  қарамастан,  ол  жыл  өткен  сайын  миллиондаған  адамдардың 
өмірін  жалмауда.  Хирургиялық  амалдар,  сәуле  және  химия  терапиясы 
сияқты  ісікке  қарсы  емдеудің  дәстүрлі  әдістері  көбінесе  осы  қорқынышты 
аурудың алдында дәрменсіз болып отыр. 
Қазақстанда  онкологиялық  аурулардан  болатын  өлім-жітім  халықтың 
жалпы  өлім-жітімінде  екінші  орында.  Жыл  сайын  обырдан  17000  адам  көз 
жұмады,  олардың  42%-ы  –  еңбекке  қабелітті  жастағы  адамдар.  Халыққа 
онкологиялық көмек көрсетуді бас ұйым – Қазақ онкология және радиология 
ғылыми зерттеу институты, 17 онкологиялық диспансер (ООД – 13, РОД – 2, 
ГОД  –  2),  2  онкологиялық  бөлімше  (Батыс  Қазақстан  мемлекеттік 
университетінің Ақтөбе МО және Жезқазған өңірлік көпбейінді ауруханасы 
жанында)  жүзеге  асырады.  Жыл  сайын  Қазақстанның  стационарлық 
онкологиялық  ұйымдарында  80  мыңға  жуық  науқас  емделеді  және 
Қазақстанның  шамамен  2,5  миллион  тұрғыны  скринингтік  онкологиялық 
тексерістен өтеді. 

85 
 
Қазақстандағы  клиникалық  онкологияның  негізгі  проблемалары  – 
жалпы  практикада  дәрігерлердің  онкологиялық  ауруларға  жіті  алаңдау-
шылық  білдірмеуі,  осының  салдарынан  аурудың  кең  таралған  кезеңінде 
обырдың  анықталу  дәрежесі  жоғары  (46%)  болып  отыр,  онкологияда 
профилактикалық бағыттылықтың  болмауы,  қатерлі  ісікпен  ауырғандардың 
паллиативті  және  реабилитациялық  терапиядан  өту  деңгейінің  төмендігі. 
Онкологиялық  қызметті  дамытудың  әлеуметтік  маңызын  ескере  отырып, 
«Қазақстан  Республикасының  тұрғындарына  көрсетілетін  онкологиялық 
көмекті  дамытудың»  2012-2016  жылдарға  арналған  Мемлекеттік  бағдарла-
масы қабылданды. Бұл Бағдарлама қатерлі ісіктің алдын алуға және ертерек 
анықтауға,  онкологияда  паллиативті  көмек  пен  реабилитацияны  дамыту 
бойынша  жоғарытехнологиялы  орталықтар  құру,  алдын  алу,  емдеу  және 
диагностикалаудың  жоғары  тиімді  әдістерін  әзірлеу  мен  ендіруге 
бағатталған. 
Қазақ онкология және радиология ғылыми зерттеу институты басқарып 
отырған  республиканың  онкологиялық  қызметінің  ғылыми  бағыты 
онкологиялық науқастарды емдеудің, ауруды ерте анықтаудың, скринингтік 
зерттеулерді  ұйымдастырудың  жоғарытехнологиялық  тиімді  әдістерін  іздеу 
мен  әзірлеуге,  обырдың  алдын  алу  мен  емдеудің  жаңа  әдістерін  енгізуге, 
республиканың  әртүрлі  облыстарының  тұрғындарындағы  онкологиялық 
жаңатүзілімдердің,  олардың  негізгі  түрлерінің  таралу  динамикасын  зерттеу 
және Қазақстанның әртүрлі өңірлерінде қоршаған ортаның  уыттармен және 
канцерогендермен  ластану  деңгейін  анықтау  бойынша  эпидемиологиялық 
зерттеулерге бағытталған.  
Онкологиялық  емдеуде  қолданылатын  ғылыми  түрде  негізделген 
мультимодальды тәсіл және дербестендірілген терапияның замануи қағидат-
тарын  сақтау  иммуногистохимиялық  (ИГХ),  иммуноцитохимиялық  (ИЦХ) 
және  молекулалық-генетикалық  зерттеулер  жүргізуге  қажетті  жағдайлар 
жасалғанда  ғана  мүмкін  болмақ.  ИГХ  және  ИЦХ  емдеу  тактикасын,  ауру 
болжамын  және  дәрі-дәрмек  терапиясына  сезімталдықты  анықтауға 
мүмкіндік  беретін  бірқатар  молекулалық  маркерлердің  экспрессиясын 
анықтауға мүмкіндік береді. 
Қазақ  онкология  және  радиология  ғылыми  зерттеу  институтында 
НЦПФЗОЖ НТП-мен бірлестікте «Темекі шегудің өкпе обырынан сырқатқа 
шалдығуға және өлім-жітімге әсерін әлеуметтік-гигиеналық, морфологиялық 
және  молекулалық-биологиялық  бағалау»  НТП  аясында  зерттеу  жалғасуда. 
Ғылыми зерттеулер темекі шегудің Қазақстанда өкпе обыры науқастарының 
аурушаңдығына және өлім-жітімге әсер ету факторын темекі шегушілер мен 
темекі  шекпейтіндердің  өкпе  обыры  кезінде  ісік  тінін  молекулалық-биоло-
гиялық  (иммуногистохимиялық,  цитогенетикалық,  ДНК-плоидиялығын 
анықтау) жолмен салыстыру негізінде бағалауға бағытталған. 
Қазақ  онкология  және  радиология  ғылыми  зерттеу  институты 
базасында  дәрі-дәрмек  терапиясына  арналған  шетелдік  және  қазақстандық 
ғалымдар әзірлеген препараттармен клиникалық зерттеулер жүргізіледі:  

86 
 
- «Бұрын  доцетаксел  негізінде  режім  алғандарға  қуықасты  безінің 
метастатикалық  гормонды-рефрактерлі  обырымен  ауырғандарға  Каба-
зитаксел  препаратына  ертерек  қол  жеткізуді  қамтамсыз  етуге  бағытталған 
көпорталықты ашық клиникалық зерттеу» (2012-2014 жж.). 
- «ТМД  елдерінде  Her-2-оң  мРМЖ  РН-оеВЕ  емдеу  әдістері:  Ресей 
Федерациясында,  Украинада  және  Қазақстан  Республикасында  репрезента-
тивті, ретроспективті зерттеу» (2013-2014 жж.). 
Сондай-ақ  радиофармпрепараттарға  (Ядролық  физика  институтымен 
бірлесіп),  ісікке  қарсы  терапия  жүргізуге  арналған  реагенттер  мен  ерітін-
ділерге  клиникалық  емдеуге  дейінгі  зерттеу  жүргізілуде:  «Натрия  йодид 
131I,  терапияға  арналған  ерітінді»  (2012-2013  жж.);  «153Sm-ЭДТМФ, 
терапияға арналған ерітінді» (2012-2013 жж.); «МДФ-99mTc, реагент» (2013-
2014 жж.); «Фитат-99mТс, реагент» (2013-2014 жж.); «Натрий о-йодгиппурат 
1311, егуге арналған ерітінді және ДТПА-99mTc, препарат».  
Буындар,  көмей  және  сүт  безі  қатерлі  ісікке  шалдыққанда  эндопротез-
деудің  замануи  технологияларын  ендіру,  соңғы  2  жыл  ішінде  сүйек 
патологиясы  кезінде  буындарға  81  протез,  24  маммологиялық  эндопротез, 
көмей қатерлі ісігіне шалдыққандарға 29 дауыстық протез жасалды. 
2013  жылдан  бастап  гематологиялық  науқастарға  сүйек  кемігіне 
трансплантация  жасау  енгізілді,  сүйек  кемігін  аутопластикалау  бойынша  3 
операция жасалды. 
М.А. Айтхожин  атындағы  Молекулалық  биология  институтының 
қызметкерлерімен  бірге  қазақ  және  орыс  этностық  топтарының  РМЖ 
науқастары  мен  бақылау  топтары  арасындағы  төмендегі  гендердің 
аллельдерінің генотиптері мен жиіліктерін үлестіруге салыстыру жүргізілді: 
TP53  (экзон  4,  интрон  3,  интрон  6),  ERBB2,  MTUS1,  FGFR2  (rs2420946, 
rs2981578,rs1219648 бөліктері).  
Қазақстанда  алғаш  рет  Қазақстанның  екі  этностық  тобында  FGFR2, 
TP53,  ERBB2,  MTUS1  гендері  үшін  генетиптер  мен  аллельдерін  тарату 
бойынша  деректер  алынды,  ауруды  ерте  диагностикалау  және  болжау  үшін 
РМЖ-ның  пайда  болу  қаупі  ретінде  ықтимал  геномды  маркерлер  де, 
протективті  полиморфизді  нұсқалар  маркерлері  де  анықталды.  ПДРФ 
әдісімен  РМЖ-ден  зерттелген  гендердің  тестіленетін  бөліктерінің 
полиморфизмдердің  төмендегі  статикалық  дәйекті  (р<0,05)  тәуекелді 
ассациациялары  анықталды:  орыс  этностық  тобында  TP53  генінің  3 
интронында  қауіпті  нұсқа  D  (OR=2,358  при  CI:  1,178…4,720,  (p=0,013; 
χ
2
=6,155  аллельдік  нұсқасы  болып  табылады,  орыс  этностық  тобында  TP53 
генінің  6  интронында  протективті  фактор  А  (OR=2,923  CI:  1,551…5,509, 
(p=0,0006;  χ
2
=11,771)  аллельдік  нұсқасы  болып  табылады.  Орыс  этникалық 
тобында  РМЖ  қаупіне  қатысты  протективті  сипатқа  ие  ТР53  және  ERBB2 
гендерінің  вариабельді  бөліктерінің  аллельдер  мен  генотиптердің  сегіз 
комбинаторлық  ассаоциациясы  анықталды.  Қазақ  этностық  тобында  РМЖ 
қаупіне  қатысты  протективті  сипатқа  ие  FGFR2  генінің  вариабельді  үш 

87 
 
аллельдер  мен  генотиптердің  алты  комбинаторлық  ассоциациясы  және 
қауіпті сипатқа ие бес комбинаторлық ассоциациясы анықталды. 
Обырды  диагностикалаудың  барынша  ақпараттық  әрі  дәл  әдісі  қазіргі 
кезде Астана қаласындағы ННМЦ базасында ғана жүргізілетін позитронды-
эмиссиялық  томография  (ПЭТ)  болып  табылады.  Мемлекет  басшысының 
тапсырмасына  сәйкес  қазіргі  кезде  Алматы  қаласында  КазНИИОиР 
базасында  және  Семей  қаласында  РОД  базасында  ПЭТ-орталық  құру 
жұмысы  жалғасуда,  мұнда  радиологиялық  орталықтың  ІІІ  блогының 
құрылысы аяқталуға жақын. 
Қазақстанда  ИГХ  әдісі  2011  жылы  енгізілді,  алайда  2006  жылға  дейін 
мұндай зерттеулер КазНИИОиР зертханасында ғана, ал 2006 жылдан бастап 
Семей  қаласындағы  өңірлік  онкологиялық  диспансер  базасында  жүргізілді. 
ҚР  Денсаулық  сақтау  министрлігінің  бұйрығымен  КазНИИОиР,  Семей 
қаласындағы  өңірлік  онкологиялық  диспансер  және  Қарағанды  облыстық 
онкологиялық  диспансер  базасында  3  референс-орталық құрылды.  Басқа  10 
онкологиялық  диспансерде  ИГХ  зертханалары  ашылды.  Имуноцито-
химиялық  және  молекулалық-генетикалық  диагностикалау  әдістері  қазіргі 
кезде КазНИИОиР-де жүргізіледі. 
Ғылыми зерттеулердің нәтижелері –  ісікалды ауруларын және сүт безі, 
жатыр  мойны,  ащы  ішек,  қуықасты  безі,  өңеш  және  асқазан  обырын  ерте 
анықтау бойынша онкологиялық қызмет мамандарына арналған әдістемелік 
нұсқаулық  өңірлерде  медициналық  ұйымдардың  жұмыстарында  пайдалану 
үшін енгізілуде.  
2013  жылы  Шеберлік-сыныптар  аясында  диагностикалау  мен  емдеудің 
15 тәсілі, соның ішінде бауыр резекциясы, бауыр артерияларын химиоэмбо-
лизациялау,  бүйрек  кистасы  қабырғасын  лапароскопиялық  резекциялау 
саласында диагностикалау мен емдеудің 2 кезеңдік хаттамасы ғылыми түрде 
негізделіп, әзірленді және енгізілді. 
Қазақ  НИИОиР  Қазақстанда  (2012  ж.)  адам  папилломасы  вирусының 
(ВПЧ)  таралуын  анықтау  бойынша  эпидемиологиялық  зерттеу  жүргізілді. 
Алматы,  Астана,  Ақтөбе  қалаларында  және  ШҚО-да  тұратын  18-65  жас 
аралығындағы  3726  әйелге  жасалған  популяциялық  кросс-зерттеу  28,3% 
жағдайда  ВПЧ  жұқтырғандығын  анықтады.  Зерттеу  нәтижелері  алғаш  рет 
2013 жылғы 24 сәуірде Алматы қаласында өткен «Вакциналар және иммуно-
профилактиканың тиімділігі» атты халықаралық конференцияда баяндалды. 
Медицина  саласының  2011-2013  жылдардағы  дамуын  талдау  негізінде 
ғылыми-зерттеу 
жұмыстарын 
жүргізуге 
және 
инновациялық 
технологияларды  клиникаға  енгізуге  қажет  мүмкіншіліктердің  тиісті 
деңгейден  төмендігі  анықталды.  Зерттеу  нәтижелері  ғылыми  зерттеу 
әдістерінің,  технологиялары  мен  техникалық  құралдарының  жетіле 
түскендігін  көрсетеді.  Дегенмен  оларды  тәжірибеге  енгізілу  жағы  артта 
қалып келеді. 
Ғылымды  жоспарлаудың  халықаралық  стандарттары  мен  ұстанымдары 
бойынша  ғылыми  орталықтарда  ғылыми  зерттеулер  менеджменті  бөлімін 

88 
 
құру  қажет.  Ол  ғылыми-әдіснамалық  және  кеңес  беру-әдістемелік  көмек 
көрсету  (патенттік-ақпараттық,  математикалық-статистикалық  құралдар 
арқылы),  халықаралық  және  республикалық  ғылыми  гранттардың 
дереккөзімен  қамтамасыз  ету,  зерттеудің  сауатты  дизайнын  жасау,  ғылыми 
әдіснамалық  негізді  қалыптастыру,  осы  орайда  заманауи  GSP  (Good 
Scientific  Practice)  стандарттары  бойынша  материалды  өңдеу  тәсілдерін 
қолдану сынды қызметпен айналысады. 
Ғылымды  стратегиялық  жоспарлау  және  басқару  мақсатында  бұл  – 
ғылыми зерттеулердің сапасын арттыру үшін аса маңызды кезең: 
- ірі  ғылыми  ортталықтарда  біртұтас  ғылыми  кеңістік  қалыптастыру, 
ғылыми бәсекеге қабілеттілікті кеңейте отырып, пәнаралық және салааралық 
кооперацияға дем беру; 
- зерттеу  және  білім  беру  үдерістерінің  интеграциясы,  жұмыс  сапасына 
қойылатын талаптарды күшейту; 
- заманауи  медициналық  ғылым  мен  денсаулық  сақтау  саласын 
дамытудың  технологиялық  базасы  ретінде  биомедициналық  зерттеулердің 
басым бағыт ретінде дамуы; 
- «идея – зертхана – өндіріс – клиника» біртұтас инновациялық тізбегін 
қалыптастыруға  бағытталған  трансляциялық  медицина  механизмдерін 
дамыту. 
Елімізде  кадр  мәселесі  аса  өзекті  мәнге  ие.  Бұл  мәселе  ғылыми 
зерттеулер  менеджменті  саласындағы  мамандардың,  биостатистиктердің 
және  медицина  ғылымының  жаңа  бағыттары  бойынша  мамандардың 
жоқтығына байланысты туындап отыр. 
Қазіргі  таңда  биомедицина  ғылымдары  саласында  бәсекеге  қабілетті 
ғылыми  орта  қалыптастыру  аса  маңызды.  Мұндай  ортада  елдің  денсаулық 
сақтау  саласына  қажет  жаңашыл  іргелі  және  қолданбалы  зерттеулер 
бойынша озық білім мен идеялар жасақталатын болады. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет