Т. Жакетаева


Қалалық ортаны сауықтырудың гигиеналық мәселелері



Pdf көрінісі
бет29/36
Дата14.10.2023
өлшемі1,71 Mb.
#114244
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   36
Байланысты:
httpg.engime.orguploaddownloadid38061

Қалалық ортаны сауықтырудың гигиеналық мәселелері.
Қалаларда 
сыртқы ортаны сауықтыру мәселесі ұлттық мәселеден халықаралыққа өтіп
дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тұрақты назарының
нысанына 
айналды

Қалаларда, одан соң тұтас ғаламшарда қоршаған ортаның ластану 
мәселелеріне қызығушылық Лондонда (1948
-
1950 ж.), Нью
-
Йорке (1962
-1964 
ж.), Долверде (1948 ж.) және басқа қалаларда асқынулардың күрт 
жоғарлауымен қатар, бронх
-
өкпе аппаратының созылмалы сырқаттарынан 
өлім санының өсуіне әкелген улы (фотохимиялық) тұмандардың пайда 
болуынан туды. Фотохимиялық тұмандардың табиғаты ауаға автокөліктерден 
шығатын
 
газдармен бірге органикалық заттардың түсуімен, одан соң олардың 


40 
күннің ультракүлгін сәулесінің әсеріне ұшырап, көздің, мұрынның, жоғары 
тыныс алу жолдарының шырышты қабықшаларын, өкпені тітіркендіретін улы 
заттардың түзілуімен байланысты. Бұған өнеркәсіп шығарыстары да үлесін 
қосады. 
Метеорологиялық 
факторлардың 
белгілі 
бір 
жағдайында 
(температуралық инверсия), барлық ауалық ластанулар улы тұмандардың 

"тұмшалардың" түзілуіне әкеледі. 1950 жылы Лондонда болған улы тұманның 
салдарынан созылмалы бронх
-
өкпе сырқаттары бар мыңнан астам адам бір
күнде қайтыс болды. 70 жылдардың басында қоршаған ортаны қорғау туралы 
ғылым –
экология
дабыл қаға бастады. Дегенмен, экология, жалпы зерттеу 
нысаны –
қоршаған орта болғанмен гигиенамен байланысы шамалы. Егер 
гигиена адамның қоршаған ортадағы жағдайын, яғни басқа сөзбен айтқанда
қоршаған ортаның оның денсаулығына әсерін зерттесе, экология керісінше 
адамның қоршаған ортаға әсерін зертейді. 
Бүгінде қоршаған ортаны қорғау мәселелері, әсіресе қалаларда өзекті 
мәселе болып отыр. Тұрғындардың көп бөлігінің шектеулі тұрғын массивтерде 
шоғырлануы жоғары эпидемиологиялық қауіпті, тұрғындарға медициналық 
қызмет көрсетуді ұйымдастыруда қиындықтарды туғызады. Бұл көбінесе 
селитебті аймақ шегіндегі атмосфералық ауаның, топырақтың, судың 
ластануымен байланысты.
Урбанизацияның адамға келеңсіз әсерінің азаюы байланысты:

табиғатты қорғау заңдылықтарымен;

қала
құраушы
факторлар есебімен;

қала
құрылысының
ұтымды принциптерін жасаумен;

елді мекендерді ұтымды жоспарлаумен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет