Топырақты санитарлық қорғау бойынша шаралар жүйесі. Топырақты
қорғау бойынша барлық шараларды келесі топтарға бөлуге болады:
1.
Технологиялық –
аз қалдықты және қалдықсыз технологиялық тізбекті
құру. Өндірістерде жаңа технологияны, материалдарды, жабдықтарды енгізу
жолымен құнды компоненттерді алуды жоғарлату. Техногенді кен
орындарынан (үйінділерден) құнды компоненттерді алу технологиясын және
қалдықсыз технологияны жасау мен енгізу. Қалдықтарды зиянсыздандыру
технологиясын жақсарту
.
2.
Санитарлық - техникалық –
топырақты ластайтын қалдықтарды жинау
,
шығару
,
зиянсыздандыру мен жою
.
Тиімсіз кен орындарын консервациялау
мен жою
.
3.
Жоспарлау –
тазалау қондырғыларында
СҚА шамаларын (санитарлық
қорғау аймағы)
сақтау.
Тазалау қондырғыларына жер учаскесін таңдау.
4.
Заңдылықты, ұйымдастыру, әкімшілік – өндіріс және қолданылған
қалдықтар саласында әлемдік тәжірибеде жалпы
қабылданған мемлекеттік
саясат қағидаларын енгізу. Қалдықтармен байланысты салада мемлекеттік
органдар қызметін реттеу, халықаралық стандартқа сай қазіргі жіктелуі
негізінде қалдықтарды бірыңғай есепке алуды жүргізуді ұйымдастыру.
Қалдықтарға байланысты нормалау мен экологиялық
талаптардың неғұрлым
қарапайым және тиімді жүйесін және адам денсаулығы мен қоршаған ортаға
зиянды әсердің алдын алу мен жою үшін қажет құқықтық алғышарттарды
құратын басқа да нормаларды енгізу.
5.
Қатты қалдықтарды зиянсыздандыру әдістері
:
-
Биотермиялық
–
қоқыс тастайтын жер, жырту алаңдары
,
жинау
полигондары, компосттау алаңдары, биотермиялық
компосттау зауыттары
.
-
Термиялық
–
қоқыс жағу, пиролиз.
-
Химиялық
-
гидролиз.
-
Механикалық
–
құрылыс блоктарын дайындау
,
қоқысты жоятын
зауыттар
.
Сұйық тұрмыстық қалдықтарды зиянсыздандыру топырақ әдістерімен
жүргізіледі
: 1)
жуынды
-
шайынды қоқыстарды зиянсыздандыру ретінде
жүргізілетін және ауыспалы егіс айналымы негізінде ауылшаруашылық
дақылдарын егетін ассенизациялау алаңдары
; 2)
жуынды
-
шайынды қоқыстар
зиянсыздандырылатын ауылшаруашылығы мақсатында қолдануға болмайтын
жырту алаңдары
.
Топырақты ластанудан қорғау және оның мониторингісі. Мониторинг
жүйесіне мынадай негізгі қызмет кіреді
: -
бақылау нысандарын бөліп шығару.
-
топырақ ластану нысанын зерттеу –
тексеру.
-
бақылау нысаны үшін ақпараттық модель құрастыру.
-
топырақ сапасын зерттеулерді жоспарлау.
-
топырақ күйін бағалау.
-
топырақ сапасын болжамдау.
-
Ақпаратты қолдануға ыңғайлы түрде көрсетіп ұсыну және оны
тұтынушыға жеткізу.
37
Топырақ мониторингінің негізгі мақсаты оның сапасын зерттеу,
антропогендік әсерін табу және
оның бағалануы болады.
1
кесте
-
Адам ағзасына кейбір химиялық заттардың рұқсат етілген
тәуліктік жүктемесі
.