Т. Жакетаева


Адамның ауылшаруашылық әрекетінің табиғаттағы экологиялық



Pdf көрінісі
бет30/36
Дата14.10.2023
өлшемі1,71 Mb.
#114244
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   36
Байланысты:
httpg.engime.orguploaddownloadid38061

Адамның ауылшаруашылық әрекетінің табиғаттағы экологиялық 
тепе
-
теңдікке әсері.
 
Ауылшаруашылық дақылдарының таралуы жер 
экожүйесіне өте қатты әсер етті. Ауқымды территорияларда ормандарды жою, 
қалыпты және тропикалық аймақтардағы жерлерді ұтымсыз пайдалану тарихи 
қалыптасқан экожүйені бұзды. Табиғи биоценоздар, экожүйелер, ландшафтар 
орнына агросфералар, агроэкожүйелер, агроценоздар, аграрлы ландшафтар 
пайда болды.
Агросфера –
адамның ауылшаруашылылық әрекетіне ұшыраған Жердің 
барлық территориясын біріктіретін жаһандық жүйе.
Агроэкожүйелер 

ауылшаруашылылық өндірісі процесінде адамның 
өзгерткен экожүйесі. Бұл ауылшаруашылылық далалар, бақшалар, бақтар, 
виноградники жүзім алқаптары, егіс қорғайтын орман жолақтары және т.б.
Агроэкожүйенің негізі агроценоздар болып табылады.
Агроценоздар –
адам үнемі қолдайтын биотикалық
қауымдастық, 
экологиялық сенімділігі төмен, бірақ өсімдіктер мен жануарлардың бір немес 
бірнеше таңдаулы түрлері жоғары өнім беретін ауылшаруашылық өнімдерін 
алу 
мақсатында 
ауылшаруашылыққа 
пайдаланылатын 
жерлердегі 
биоценоздар.
Аграрлы ландшафт –
ландшафттың (далалық, тайғалық және басқа) 
ауылшаруашылық өзгеруі нәтижесінде қалыптасқан экожүйе (степного, 
таежного и т.д.).


41 
ХIХ 
ғасырға 
дейін 
аграрлық 
өркениет 
процесінде 
алғашқы 
консументтердің бір вегетациялық кезеңі барысында жиналған, сонымен қатар 
көптеген жылдар барысында ағаштармен жиналған энергиялар қолданылды. 
Сонымен аграрлық өркениеттің қалыптасуында адам экожүйесінің гомеостазы 
жоғары денгейде болды. Антропогенді өзгерістердің немесе экожүйенің 
ауысуына қарамастан адам іс
-
әрекеті биогеохимиялық айналымға енсе де, 
биосферадағы энергия ағымын өзгерткен жоқ. 
Ауылшаруашылық өндірісі әсерінен Жердегі биосфераның қайтымсыз, 
жаһандық өзгерістері ХХ ғасырда күрт жоғарлады. ХХ ғасырдың 70
-90 
жылдары қарқынды технологияны енгізу (монодақылдар, жоғары өнімді, бірақ 
қорғалмаған сорттар, агрохимикаттар) су және жел эрозиясына, екінші реттік 
тұздануға, топырақтың тозуы
мен деградацияға ұшырауына, ормандардың
азаюына, жыртылған жерлердің көбеюіне әкелді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет