Т. Жакетаева



Pdf көрінісі
бет31/36
Дата14.10.2023
өлшемі1,71 Mb.
#114244
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36
Байланысты:
httpg.engime.orguploaddownloadid38061

Ауылшаруашылық 
өндірістік 
нысандарының 
гигиеналық 
сипаттамасы.
 
Ауылдық мекендердің өндірістік аймағы –
технологиялық 
процестермен және санитарлық
-
техникалық жабдықтармен байланысты 
өндірістік 
мақсаттағы 
құрылыстар 
мен 
қондырғылар 
орналасқан 
территориясының бөлігі. Өндірістік кешендердің құрамы мен сипаты берілген 
шаруашылықтағы өндірістің саласына, көлемі мен ұйымдастырылуына 
байланысты.
Өндірістік
кешендерге жатады: малшаруашылығы, құсшаруашылығы 
және аң өсіретін фермалар; мал азығын дайындау мен ауылшаруашылық 
өнімдерін алғашқы өңдеу бойынша кешендер; ауылшаруашылық өнімдерін 
қайтадан 
өңдеу 
бойынша 
зауыттар; 
жөндеу
-
механикалық 
алаңдар 
(ауылшаруашылық машиналарын жөндеу мен сақтау бойынша кешендер); 
құрылыс материалдары мен конструкцияларын дайындау бойынша кешендер; 
қойма бөлмелері; шаруашылық аулалар.
Ауылшаруашылық өндірістік нысандарын гигиеналық сипаттау үшін 
атмосфералық ауаның, су қоймасының және топырақтың ластануын зерттеу 
нәтижелері, сонымен қатар осы нысандарға жақын тұратын тұрғындарға 
жүргізілген сауалнама нәижелері қолданылады. Су нысандары
мен топыраққа 
неғұрлым қауіпті туғызатын малшаруашылығы қалдықтары екендігі 
белгіленді. Малшаруашылығы кешендері атмосфералық ауаны органикалық 
заттармен және 20 астам химиялық қосылыстармен ластайтын көз болып 
табылады, сонымен қатар атмосфералық ауаның микроағзалармен барынша 
ластануы да анықталған. Ластанудың таралу қашықтығы нысанның 
қуаттылығына, оның жұмысының технологиялық тәртібіне және санитарық 
жағдайын байланысты және 1000 метрден 5000 м дейін жетуі мүмкін.
Жоғары қарқында дамып жатқан ауылшаруашылығын химияландыру 
топырақ пен табиғатқа тұтасымен әсер ететін антропогенді факторлардың 
қатарында соңғы орында емес.
Тыңайтқыштарды кеңінен қолдану нәтижесінде 
көптеген химиялық элементтер табиғи ортада таралып, заттар айналымының 
бұзылуына әкеледі.
Азот тыңайтқыштарының өнеркәсіптік синтезі мен олардың жер бетіне 
таралуы биогеохимиялық айналымға үлкен өзгерістер енгізеді. Адам іс
-
әрекеті 


42 
есебінен табиғи ортаға азот мөлшерінің көбеюі –
қауіпті құбылыс, өйткені 
артық мөлшерде енгізілген нитраттар толығымен нитритсізденбейді, ал бұдан 
нитриттелу мен нитритсіздендіру процесі арасындағы тепе
-
теңдік бұзылады. 
Жыл сайын нитраттардың артық мөлшері 9 млн. астам болады. Олар 
гидросферада, өсімдіктерде, одан әрмен тағам өнімдерінде жиналып, ауыр 
уланулар туғызады

Азоттан фосфордың айырмашылығы аз қозғалуында, ол топыраққа толық 
бекініп, оны байытады. Сонымен бірге, фосфор тыңайтқыштары адам мен 
жануарлар үшін улы фтор түрінде жиналып кері құбылыстар туғызуы мүмкін.
Ұқсас құбылыстар калий тыңайтқыштарын пайдалану кезінде де 
байқалады. Олардың құрамында хлор көп мөлшерде болады да, көбіне 
топырақта жиналып, оның агрофизикалық қасиетіне кееңсіз әсер етеді. 
Топырақта мырыш пен фтор мөлшерінің елеулі жоғарлауы құрамында осы 
элементтер бар фосфор тыңайтқышың қолданумен байланысты.
Минералдық тыңайтқыштардың қосымша енгізілуі жануарлардың азығы 
арқылы адам тағамына түсетін ауыр және улы металдармен топырақтың 
ластануына әкеледі. Сонымен, ластаушы заттар тура (өнімнің бұзылуы мен 
азаюы) және жанама (бұл заттардың топырақта, жануарлар ағзасында және 
тағам өнімдерінде жиналуы) әсер етеді.
Ауылшаруашылығында 
қолданылатын 
пестицидтер 
органикалық 
қосылыстардың әртүрлі кластарына (хлорорганикалық, фосфорорганикалық,
симметриялы триазиндер, гетероциклді қосылыстар және басқа) жатады. Олар 
зиянды ағзаларға улы болумен қатар, адамдар мен жануарларға, қоршаған 
ортаға да қауіп төндіреді. Барлық пестицидтерге тән экологиялық 
қасиеттерінің жиынтығынан олардың әсері ешқашан бір бағытта болмайды:
1.
Пестицидтер өсімдіктер түріне де, жануарлар түріне де кең спектрлі 
улы әсер етеді. Инсектицидтер, фунгицидтер, гербицидтер аталуы да осыдан.
2.
Пестицидтер
жануарлар мен адам үшін өте улы

3.
Қорғану 
шараларын 
жүргізу 
кезінде 
пестицидтер 
арқашан 
популяцияға қарсы бағытталған

4.
Пестицидтер әсері популяция тығыздығына байланысты емес, бірақ 
оларды зиянкестер популяциясы саны көбейген кезде ғана қолданады

5.
Пестицидтерді зиянкестерді жоюға қажет шамадан артық қолданады

егу алаңдарын артық мөлшерде өңдеу
оның «сенімділігімен» 
түсіндіріледі

6.
Пестицидтер қолданылатын алаңдар жүздеген миллион гектарларды 
құрайды

7.
Көптеген пестицидтер топырақта бірнеше айдан 2
-
3 жылға дейін, ал 
кейде одан да көп ұзақ уақыт сақталады

Пестицидтердің тұрақтылығы әртүрлі салдарымен қауіпті болғандықтан 
ластанудың бұл түрімен байланысты мәселелерді одан да қиындатады

Пестицидтер қолданылатын агроэкожүйеден алысқа таралады

Тіпті ең 
төмен ұшпалы компоненттерді қолданған жағдайда белсенді заттардың 
50% 
астамы әсер ету кезінде атмосфераға түседі

Тамақ өнімдерін пестицидтермен ластаушы көз ретінде топырақ қауіпті 
болып табылады. Топыраққа пестицидтер әртүрлі жолдармен түседі: оларды 


43 
топырақта мекендейтін зиянкестерді, арам шөптерді жою үшін тікелей 
енгізгенде, уланған тұқымдармен, далалық дақылдарды вегетациялау 
уақытында 
егісті
өндейтін 
препараттарды 
қолданғанда, 
химиялық 
препараттармен 
әртүрлі 
операцияларды 
абайсыз 
орындауда 
(қаптағанда,жұмысшы ерітіндіні дайындағанда, тасымалдағанда және т.б.), 
жауын
-
шашынмен, суару, коллекторлық
-
дренажды және іркінді сулармен, жел 
эрозиясы кезінде топырақ бөлшектерімен түседі.
Пестицидтер оларды топыраққа арнайы енгізгенде немесе кездейсоқ 
түскенде қоршаған ортада келесі өзгерістерді туғызады:

ауылшаруашылық 
дақылдары 
ауруларының 
қоздырғыштарын, 
зиянкестерін арам шөптерді жояды немесе өсімдіктердің өсу және даму 
процесін өзгертеді, ал одан соң әртүрлі уақыт ішінде минералданады;

қажетсіз әсерлер
туғызады (мысалы, дақылдардың химиялық 
құрамының кері жағына өзгеруі).
Ауылшаруашылығында пестицидтерді қолданғаннан кейін олардың көп 
бөлігі
топырақтан суға өтеді. Олар тұщы судың дәмін, түсін және исін 
нашарлатуы мүмкін. Көптеген пестицидтер сулы ортада тұрақты және 
жануарлардың кейбір мүшелерінде жиналады. Қолданылатын пестицидтердің 
25% дейінгісі су экожүйесіне түсетіні анықталған.
Балықтардың оннан астам түріне талдау жасағанда мүшелері мен 
тіндерінде препараттар мен олардың метаболиттері табылған. Пестицидтердің 
қолданылуы биоценоз структурасында биологиялық тепе
-
теңдіктің бұзылуы 
сияқты қайтымсыз жағдайлар туғызады. Кейде керісінше жоюға
бағытталған 
популяция санының өсуі байқалады. 
Осыған байланысты ауылшаруашылығында пестицидтердің қолданылуы 
қатал түрде реттелуі керек

кесте 

Әлемнің
негізгі аймақтарындағы қала тұрғындарының санының 
өсу динамикасы
1950-2010 
жж
.
Аймақтар
Қала
тұрғындарының саны 
(%%) 
1950 
ж

2010 
ж

Бүкіл әлем
28 
51 
Дамыған аймақтар
51 
79 
Дамушы аймақтар
16 
44 
Европа
51 
77 
Шығыс
Азия
15 
45 
Оңтүстік Азия
16 
36 
Африка
14 
43 
Солтүстік
Америка
63 
80 
Латын
Америка
40 
75 
Австралия және
Океания
62 
83 
 


44 

кесте

2025 жылға Жер бетіндегі тұрғындар санының болжамы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет