Т. Н. Ермекова К.Ә. Бертілеуова



Pdf көрінісі
бет3/483
Дата06.01.2022
өлшемі3,07 Mb.
#11337
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   483
Байланысты:
6-сынып, қазақ тіліМұғалім кітабы

ОҚУ МАҚСАТТАРЫНЫҢ ЖҮЙЕСІ 
 
1)  тыңдалым және айтылым: 
 
1. Болжау 
6.1.1.1 – мәтіннің атауын талқылау және  алғашқы бөлігін тыңдау 
арқылы көтерілетін мәселені  болжау. 
2. Әртүрлі жанрдағы 
мәтіндерді талдау  
 
6.1.2.1 
–  әлеуметтік-мәдени,  ресми-іскери  тақырыптарға 
байланысты  диалог,  монологтердегі  (нұсқаулық,  құттықтау, 
хабарландыру,  өмірбаян,  жаңалық,  сұхбат)  көтерілген  мәселені 
талдау. 
3. Мәтіннен 
ақпаратты анықтау  
6.1.3.1  –  тыңдалған  мәтіннің  мазмұнын  түсіну,  детальді 
ақпаратты  анықтау. 
4. Негізгі ойды 
анықтау 
6.1.4.1  –  мәтіннің  құрылымдық  ерекшелігіне  назар  аудара 
отырып, жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау.   
5. Тыңдалым 
материалы бойынша 
жауап беру және 
бағалау  
6.1.5.1  –  тыңдалған  мәтін  мазмұны  бойынша  жалпы  және  нақты 
сұрақтарға  жауап  беру,  мәтіндегі  ақпаратты  шынайы  өмірмен 
байланыстыру. 
6. Сөйлеу мәдениетін 
дамыту 
 
6.1.6.1 – коммуникативтік жағдаятқа сай 
ресми сөздер мен тіркестер, дайын тіркестер мен терминдерді  
орынды қолданып, диалогке қатысу, ойын анық жеткізу. 
 
2)  оқылым: 
 
1. Ақпаратты түсіну   6.2.1.1  –  мәтіннен  негізгі  және  қосымша,  детальді  ақпаратты 
анықтау, түсіндіру. 
2. Мәтіннің стильдік 
ерекшелігін тану 
6.2.2.1  –  ауызекі  сөйлеу  және  көркем  сөйлеудің  стильдік 
ерекшеліктерін  қолданылған тілдік құралдар  арқылы тану. 
3. Мәтіннің жанрлық 
ерекшелігін ажырату  
6.2.3.1  –  ауызекі  сөйлеу  этикеттері  мен  көркем  сөйлеудің 
құрылымдық және жанрлық ерекшеліктерін ажырату.  
4. Мәтіндерге 
салыстырмалы 
анализ жасау 
6.2.4.1  –  ауызекі  және  ресми  стильдегі  мәтіндердің  тақырыбын,  
мазмұнын,  тілдік ерекшелігін  салыстыру. 
5. Мәтін бойынша 
сұрақтар құрастыра 
білу 
6.2.5.1  –  мәтіннен  негізгі  және  қосымша  ақпаратты,  көтерілген 
мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастыру. 
6. Оқылым 
стратегияларын 
қолдану 
6.2.6.1  –  оқылым  стратегияларын  қолдану:  комментарий  жасау,  
іріктеп оқу, рөлге бөліп оқу.   
7. Әртүрлі ресурс 
көздерінен қажетті 
ақпарат алу  
6.2.7.1  –  энциклопедия,  сөздік,  балаларға  арналған  газет-
журналдардан қажетті ақпараттарды алу, авторына сілтеме жасау. 
 
3)  жазылым: 
 
1. Жоспар құру 
6.3.1.1 – Әртүрлі жанрдағы мәтіндерді жазу үшін құрылымын 
ескере отырып, қарапайым жоспар құру. 
2. Әртүрлі жанрда 
мәтіндер құрастыру 
6.3.2.1  –  жанрлық  және  стильдік  ерекшеліктеріне  сай 
құрылымын  сақтай  отырып,  мінездеме,  құттықтау,  өмірбаян 
құрастырып жазу.   
3. Жазба жұмыстарын 
6.3.3.1  –  ұсынылған  тақырып  бойынша  деректер  жинақтай 



 
әртүрлі формада ұсыну  
отырып,  графиктік  мәтін  (диаграмма,  кесте,  сызба)  түрінде 
құрастыру. 
4. Эссе жазу 
6.3.4.1 – эссе тақырыбынан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі 
құрастырып,  көтерілген  мәселе  бойынша  келісу-келіспеу 
себептерін айқын көрсетіп жазу. («келісу, келіспеу» эссесі) 
5. Оқылым және 
тыңдалым материалдары 
негізінде жинақы мәтін 
(компрессия) жазу 
6.3.5.1  –  оқылым  және  тыңдалым  материалдары  бойынша 
негізгі  ойды  білдіретін  сөйлемдерді    іріктей  отырып,  жинақы 
мәтін жазу. 
6. Мәтіндерді түзету 
және редакциялау 
6.3.6.1  –  мәтіндегі    орфографиялық    және  пунктуациялық 
қателерді  сөздіктерге,  емле  ережелеріне  сүйеніп,  түзету, 
редакциялау. 
 
4)  әдеби тіл нормаларын сақтау: 
 
1. Орфографиялық 
норма  
6.4.1.1  –  тақырып  бойынша  жеке  сөздер,  бірге,  бөлек  және 
дефис  арқылы    жазылатын  сөздерді  орфографиялық  нормаға 
сай жазу. 
2. Орфоэпиялық норма   6.4.2.1  –  екпіннің  түрлерін  (сөз  екпіні,  тіркес  екпіні, 
логикалық екпін) сөз және сөйлем ішінде орынды қолдану. 
3. Лексикалық норма 
6.4.3.1  –  көнерген  сөз,  эвфемизм,  дисфемизм,  неологизм, 
термин, диалект сөз, кәсіби сөз, табу сөздердің қолданыс аясын 
түсіну және ажырата білу. 
4. Грамматикалық 
норма  
6.4.4.1  –  сөйлемдегі  есімдіктің  қызметін  түсіну,  есімдікті  зат 
есім, сын есімнің орнына қолдану.  
6.4.4.2  –  етістіктің  етіс  түрлері  мен  салт-сабақты  етістіктердің 
тіркесімдік  мүмкіндігін  ауызша  және  жазбаша  тілдесім 
барысында қолдану.  
6.4.4.3  –  үстеудің  мағыналық  түрлерін  ажырату,  синонимдік 
қатарларын түрлендіріп қолдану. 
5. Пунктуациялық 
норма  
6.4.5.1  –  қазақ  тіліндегі  тыныс  белгілерінің  түрлері  мен 
қызметін (даралаушы) түсіну, дұрыс қолдану. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   483




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет