02.mp3 Хан Тәңірі Шыңның мұнар басында мәңгі мұз күнге шағылысып, алып айнадай жылтырайды.
«Япырай, «Тәңірі» десе дегендей-ақ!» Әйгілі Әулиешоқы – қасиетті Хан Тәңірі тұтас бойы
аппақ қар, сірескен көк мұз, әр-әр жері қара ала тас нобайлары. Бұлт баяу қозғалып шыңның
ар жағына айналып кетіп жатыр. Суық ызғар сезілетіндей. Сәл төменірек аппақ қар бетінен
тозаңытып сырғыма қырау көшкіні байқалады. Шыңның әр жерінен буалдырлана мұңартып
бу көтерілгендей болады. Ұшар басында ызғар сезілген Хан Тәңірінің күнгей жағында
жаймашуақ жаз секілді. Қарақоңыр қорым тастарға күн шуағы еркін төгіліп, бетінде
перделеніп сағым ойнайды.
(Тұрдыбек Мәмесейіт )