4-тапсырма. Жазылым. «Диктоглас» әдісі. Қаламдарыңызды қойып, мұғалімнің оқыған
сөйлемін тыңдаңыздар. Естігендеріңізден есте қалған сөздердің барлығын қағаз бетіне
түсіріңіздер. Мейлінше дұрыс сөйлем құрап, сөйлемдерді салыстырып, тақтаға дұрыс
сөйлемді жазыңыздар. Өзге сынып оқушылары сөйлемге өзгерістер енгізуі тиіс. Соңында
мұғалім нұсқасымен салыстырыңыздар. Осылайша мәтіндегі әрбір сөйлеммен жұмыс
жүргізіңіздер.
4-тапсырма. Жазылым. «Бестармақ» тәсілі арқылы «Әлем және қауіпсіздік» тақырыбы
бойынша ойларыңызды тиянақтап, өзіндік түсініктеріңізді нақты сөздермен келтіріңіздер.
1. Бірінші тармақ (жол) 1 зат есімнен тұрады.
2. Екінші тармақ 2 сын есімнен тұруы керек.
3. Үшінші тармақта 3 етістіктің болуы шарт.
4.Төртінші жол кез келген сөз таптарынан тұратын 4 сөзден тұрады.
5. Бесінші жол (әдетте зат есім) тағы да бір сөзден тұрады.