Қорытынды бағамдау Тапсырмаларды уақыт мөлшеріне қарай таңдау, топтағы қарым-қатынасты
бақылау. Жекелеген білім алушыларды топтық жұмыстарға тарту.
Сабақтың тақырыбы: §8. Ұл – ұлт болашағы, қыз – ұлт намысы Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Сынып: 6 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: Оқу мақсаттары 6.4.2.1 – екпіннің түрлерін (сөз екпіні, тіркес екпіні, логикалық екпін)
сөз және сөйлем ішінде орынды қолдану.
Сабақ мақсаты Оқушылардың барлығы орындай алады: Екпіннің түрлерін
ажыратады.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Пунктуациялық
қателіктерін түзетеді.
Оқушылардың кейбірі орындай алады: жағдаяттық тапсырманы
талапқа сай орындайды.
Тілдік мақсат Негізгі сөздер мен тіркестер: отбасы, ұлт намысы, ұл мен қыздың орны. Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: меніңше, болуы мүмкін, өзгелердің пайымдауынша, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні. Алған ақпаратты топ ортасында еркін талқылайды.
Жазылым бойынша ұсыныстар: мәтінде берілген мәліметті қорытып,
ойды жалғастырып айтады, зат есім мен сын есімнің орнына
жұмсалатын есімдіктерді қолданады.