Т. Н. Ермекова К.Ә. Бертілеуова



Pdf көрінісі
бет25/483
Дата06.01.2022
өлшемі3,07 Mb.
#11337
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   483
Байланысты:
6-сынып, қазақ тіліМұғалім кітабы

§6. Сауыр-Тарбағатай 
 
Бұл  тақырып  бойынша  оқушылар  Қ.Жұмаділовтің  «Қаздар  қайтып  барады» 
шығармасында  берілген  үзіндідегі  Сауыр-Тарбағатай  өлкесімен  танысады.  Ойтүрткі 
сұрақтары арқылы тілдің көркемдік ерекшелігін ашады. Өз ойларын жеткізуге талпынады.   
Әдеби  тіл  нормалары  бойынша  тапсырмада  оқушылар  дефис  арқылы  жазылатын  сөзге 
байланысты  тапсырмаларды  орындайды.  Тапсырманың  қорытындысы  ретінде  оқушыларға 
автордың  сипаттауы  бойынша  Тарбағатайдың  суретін  салу  беріледі.  Автордың  сөзбен 
суреттеген бейнесін өздері салған сурет бейнесімен салыстырып таныстырады.  
Суретпен  жұмыс  жасауда  оқушыларға  табиғат  өрнектері  мен  адамзат  танымының 
арасындағы  сабақтастық,  адамзат  фантазиясының  дамуына  табиғи  құбылыстардың  ықпалы 
қандай екені туралы ой тастайтын тәсілдер берілгені жөн.  


26 
 
Деңгейлік  тапсырма  арқылы  алдыңғы  тақырып  пен  осы  тақырыпты  қорытындылайды. 
Білген, үйренгендері бойынша тапсырмаларды орындайды.  
«Артық  болмас  білгенің»  айдарында  Сауыр-Тарбағатай    атауының  шығуы  туралы 
мәлімет  алады.  Берілетін  атаулардың  өзіндік  этимологиясымен  танысады.  Өз  есімдерінің 
немесе өздері туған өлкесінің этимологиясын қарастыруға  беруге болады. 
Үй тапсырмасына көркем шығармалардан дефис арқылы жазылатын сөздердің әр түріне 
мысал келтіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   483




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет