§6. Ұшқан ұя Оқулықтағы оқылым мәтіні арқылы оқушылар отбасы құндылықтарымен танысады.
Бұрынғы білгендері мен жаңа ақпаратты салыстырады. Отбасындағы әженің рөлі, оны
сыйлау туралы түсінік алады. Туыстық атаулармен танысып, олардың туыстық
байланыстарын айтады.
Әдеби тіл нормалары бойынша мәтіндердегі әжесі мен немересінің диалогін екпін
қойып оқиды. Берілген тіркестер арқылы екпіннің ерекшеліктерін түсіндіреді.
Қарттар мерекесіне арнап әжелеріне құттықтаухат жазады.
Үй тапсырмасынада қазақ тіліндегі екпінге бағынбайтын қосымшаларды қатыстырып,
төрт-бес сөйлем құрап жазады.