Т. Н. Ермекова К.Ә. Бертілеуова


mp3  Мектептегі спорт секциясы



Pdf көрінісі
бет473/483
Дата06.01.2022
өлшемі3,07 Mb.
#11337
1   ...   469   470   471   472   473   474   475   476   ...   483
Байланысты:
6-сынып, қазақ тіліМұғалім кітабы

07.mp3 
Мектептегі спорт секциясы 
«Секция» деген сөзге Тоқмолда түсінбеді. Дәптердегі қым-қиғаш жазуларға тайғанақтай 
қарап отырды да: 
– Бұл не? – деп сұрады. 
Николай  Трофимович  айтып,  түсіндіре  бастады.  Жеңіл  атлетика,  волейбол,  футбол 
ойындарының секцияларын құрғысы келетінін ұғындыруға тырысты. 
Спорт  секцияларына  жиырма  шақты  ғана  ер  бала  жазылды.  Қыздардан  ешкім  жазыла 
қоймады.  Олар  денешынықтыру  сабағының  өзіне  амалсыздан  қатынасып  жүргендер  ғой. 
Бұндай «пәлеге» аяқтарың баса ма? 
Николай  Трофимофич  бұған  абыржымады.  Секцияға  жазыл  деп  ешкімді  қыстап, 
қолқалаған  жоқ.  «Барымен  базар»  деді  де,  әлгі  жиырма  шақты  баламен  жұмыс  жүргізуге 
кірісті. 
Әуелгі  сабақты  ол  спорт  жайлы  әңгіме  түрінде  өткізді.  Балалар  үшін  бұл  ертегідей 
қызық, соны болып естілді де, бірден баурап алды. 
– Спортпен шұғылданған адамдардың дені таза, жаны сергек, төзімді болады. Шынығып, 
шыңдалудың нәтижесінде оны-мұны кеселдерге бой бермейтіндей дәрежеге жетеді. Сендер 
жассыңдар.  Осы  бастан  спортпен  мықтап  айналыссаңдар,  әлі  талай-талай  тамаша 
спортшылар сендердің араларыңнан да шығуы мүмкін. Болашақ чемпиондар дайын күйінде 
аспаннан  салбырап  түспейді.  Сендер  тәрізді  қарапайым  адамдардан  шығады.  Спортпен 
айналысқанның бәрі бірдей атақ-даңққа ие болады екен, спорт тек сол үшін қажет екен деп 
ойлау  және  қате.  Адамның  денсаулығын  күшейтіп,  шынықтыруда  спорт  –  таптырмайтын 
құрал.  Олай  болса,  спортпен  шұғылданбайтын  оқушы  болмауға  тиіс.  Біздің  мектепте 
ұйымдастырылып отырған спорт секциялары, мінекей, осы мақсатты көздейді. 
(Бердібек Соқпақбаев) 
 


252 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   469   470   471   472   473   474   475   476   ...   483




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет