13.mp3 Халықты шаттыққа бөлеген қазақ спортшыларының ғажап жеңісі Арқасында «Қазақстан» деген жазуы бар көк байрақ түстес костюмімді шаттана киіп,
баспасөз орталығына қарай құстай ұшып келемін. Екінің бірі қолымды қысады. Екінің бірі
«Kazakhstan! Boxsing! О-kei!» деп бас бармағын көрсетеді. Сиднейдің көшесіндегі сеңдей
соғылысқан халықтың тайлы-таяғына дейін қазақты білетініне, бір адамдай мойындай-
тынына дәл қазір бәс тігуге бармын. Ерсілі-қарсылы ағылған халық Бекзат, Ермахан, Болат,
Мұхтархандардың әр жекпе-жегін жыр қылып айтатындай көрінеді маған. Бауырларымның
ұлт тарихын өрге сүйреген ерлігі, алтынның буы көңіл шіркінді осылай асқақтатады.
...Боксшыларды қарсы алуға Алматы әуежайына таңғы төртте төрт мыңдай жанкүйер
жиналды. Қазақ арқа-жарқа. Халық шын қуанышты, нағыз жеңісті әбден сағынған екен.
Елдің аузында – батыр боксшылардың теңдессіз ерлігі. Өзіміз көзбен көрген жекпе-жектерді
мың құбылтып, түрлендіріп айта жөнелгенде, аузың ашылып қалады. Кей тұсын ертегіше
суреттейді. Ғажап! Халықтың жыр бесігінде баяғының батырлар жырындай болып,
боксшылар жыры тербеліп жатқандай әсерге бөлендік. Елдің рухы оянғаны, әр жүректе
намыс оты алаулай жанғаны төбемізді көкке жеткізгендей болды. Ұшақ табалдырығынан
Ермұханы мен Бекзатын, Болаты мен Мұхтарханын тік көтеріп әкеткен халықтың
махаббатына тау-тау алтының өлшем бола алмайды.
Қазақты шаттыққа бөлеп, қанын қыздырған, жанын нұрландырған – қазақ
спортшыларының ғажап жеңісі еді.
(Қыдырбек Рысбекұлы)