256
16.mp3
Ұлыстың ұлы күні
Бұл түні ауыл бойжеткендері өздері ұнатқан жігіттерге арнап соғымның соңғы етін
уызға салып пісіріп, «ұйқыашар» деп аталатын ерекше дәм дайындайды. Ал жігіттер мен
бозбалалар болса, қыздардың қолақысының қарымтасына айна, тарақ, иіссудан тұратын
«селт еткізер», «дір еткізер» сыйлықтарын ұсынады.
Алтыбақан басында жастар түнімен түрлі халықтық ойындар ойнайды, айтысады. Таң
ата көпшілік биіктеу төбенің басына шығып, таңды қарсы алады. Күлімдеп көрінген Күнге
иіліп сәлем беріп, «құт дарысын» деп, айнала төңірекке ақ бүркіп, үйлеріне тарасады.
Ал дәл мереке күні бүкіл ел болып таң шапағын қарсы алғаннан кейін, «Бұлақ көрсең,
көзін аш» деп, қаумаласқан жігіттер айнала төңіректегі бастаулардың көзін ашса,
«Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын!», «Бір тал кессең, он тал ек!» деген қариялар бұлақ
басына тал егеді. Әйелдер атып келе жатқан Күнге тәу етіп, «Армысың, қайырымды Күн-
Ана!» деп иіліп сәлем береді, «Кеудесі түкті Жер-Ана, құт дарыт, жарылқа!» деп ашылған
бұлақ көзіне май құйып, жаңа егілген ағаштарға ақ бүркеді.
(http://www.inform.kz/kz/nauryz-zhanaru-2758216)
Достарыңызбен бөлісу: