96
3-жаттығу. Шумер әліпбиін көне түркі әліпбиімен салыстыры-
ңыздар. Ұқсастықтарды түсіндіріңіздер. Бұл жайында айтылған
ғалымдардың пікірлеріне сілтеме жасаңыздар.
4-жаттығу. Қазақтың ру таңбаларын көне түркі әліпбиімен
салыстырып, өзара ойбөліске түсіңіздер.
5-жаттығу. Шумер тілінің лексикасы деп танылған сөздерді
көне түркі және қазақ тіліндегі көне сөздермен салыстырыңыз-
дар да, тұжырым жасаңыздар.
6-жаттыгу. Диалект сөздікпен жұмыс істеп, сөздіктегі көне
сөздерді тайпа тілінің қалдықтары екенін дәлелдеңіздер.
7-жаттығу. С.Аманжоловтың қазақ тілінің тарихына қатысты
пікірлерін ой елегінен өткізіп, өз топшылауыңызбен талдау
жасаңыз.
8-жаттығу. Қазақстандағы жер-су аттарының көнелігін көне
түркі тілінің заңдылығына сәйкес дәлелдеп, баяндама жазыңыз-
дар.
9-жаттығу. Орта ғасыр жазба мұраларының грамматикалық
құрылымын қазақ тілі грамматикасымен салыстырып, ереже
шығарыңыздар.
10-тапсырма. Ә.Қайдардың «Қаңлы» еңбегіндегі түркі тайпа-
ларының байланыс жайындағы ой-пікірлерді талдаңыздар.
Қаңлы сөзінің этимологиясы жайындағы пікірлердің шындыққа
сәйкестігін тілдік фактілермен дәлелдеңіздер.
11- тапсырма. Тарихи сөздердің этимологиясын талдау арқылы
тарихи атаулардың қай дәуірде пайда болып орныққанын эти-
мологиялық еңбектерге сүйеніп түйіндеңіздер.
Достарыңызбен бөлісу: