Т. Н. Мҧхажанова


Сҧрақтар:  1.  Музейдің ашылу тарихынан не білесіз?  2.  Антика дҥниесінің қандай мҥсіндері сақталған?



Pdf көрінісі
бет28/63
Дата06.01.2022
өлшемі1,93 Mb.
#15475
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   63
Байланысты:
Музей тарихы

Сҧрақтар: 
1.  Музейдің ашылу тарихынан не білесіз? 
2.  Антика дҥниесінің қандай мҥсіндері сақталған? 
 
 
 
16 - т а қ ы р ы п   
 
Германия. Дрезден галереясының тарихы 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
  
 
 
 
Барлық  Еуропа  мемлекеттері  сияқты  Германия  да  жеке  
коллекциялардың кӛбеюіне байланысты бір мекемеге жинақтала 


Әлем музейлерінің тарихы 
 
88 
бастайды. Дрезден галереясы – Еуропаның ХV-ХVІІІ ғ.ғ. жата-
тын  кӛркем  шығармалар  жиынтығының  орталығы.  Қҧрылысы 
ҥш қабаттан тҧратын музей. 
ХVІІ  ғ.  басында  Дрезден  тамаша  кӛркемсурет  орталығына 
айнала  бастайды.  Ірі  коллекционерлер  ішінен  (1694-1733  жж.) 
Фридрих  І  Август  Польша  тағын  иеленіп,  Польшада  ІІ  Август 
атымен (1697-1706 жж.) танымал болған. Ол 1722 ж. Юденхофта 
екінші қабатта арнайы жабдықталған «Конюшен» деп аталатын 
мекемеде  кунсткамералар  мен  сарай,  шіркеулерден  ең  жақсы 
шығармаларын  жинақтап  галерея  қҧрады.  Келесі  он  жылдықта 
галереяның  қоры  Франция,  Италия  мен  Голландиядан  арнайы 
сатып  алынған  бірнеше  жҥздеген  ӛнер  туындыларымен  толық-
тырылады,  ал  1742  жылы  кӛрмеге  1938  картина  қойылған 
болатын. 
Дрезден  галереясының  нағыз  даму  шағы  ІІІ  Август  (1733-
1763  жж.)  тҧсында,  себебі  ІІІ  Август  картиналарды  жинауға 
қҧлшыныс  танытып,  қҧмар  болғаны  соншалық,  ол  мемлекеттік 
істерді  шетке  қойып,  тек  картиналарды  сатып  алумен  айна-
лысқан.  Тіпті,  тҥсірілім  сатылым  болып  тҧратын  Париж, 
Венеция  және  Антвеперге  арнайы  тыңшы  топтарын  қҧрып, 
жіберіп отырған. Осы жерлерден бір емес бірнеше коллекциялар 
сатылып 
алынатын. 
1741 
жылы 
Дрезденге 
герцог 
Валленштайнның  жинақтары  әкелінген.  1745  жылы  Моден 
герцогі  Франческо  ІІІ  д`Эстенің  атақты  жинақтарының  бірі 
Тицианның «Динарий кесаря» сияқты тамаша туындысы сатып 
алынған.  Ал  1754  жылы  ІІІ  Август  жинағының  ішіндегі  ең 
танымалы  –  Рафаэльдің  «Мадонна  Сан-Систо»,  қазіргі  таңда 
«Сикст 
мадоннасы» 
атымен 
белгілі 
болған 
картина 
галереясының қорына тҥседі.  


Т.Н. Мұхажанова 
 
89 
 
1746  жылы  «Конюшен»  ғимараты  экспозициялық  орынды 
кӛбейту ҥшін қайта жаңғыртылып, қҧрылыстар жҥрді. Дегенмен 
осы ғимаратқа 1855 жылға дейін басты галерея ретінде барлық 
ӛнер  туындылары  жинала  берді.  Дрезденге  Еуропаның  тҥкпір-
тҥкпірінен  әкелінген  тамаша  жҧмыстар  тҥскен  уақытынан 
бастап кӛлеміне қарай кӛрмеге қойылады. Сол кезде галереяны 
кӛруге кӛпшілік қауымға мҥмкіншілік бермеген.  
Дегенмен  1765  жылы  галереяны  тамашалауға  тек  мамандар 
кіре  алатын  болған.  Ҥш  жыл  ӛткен  соң  студент  Иоганн  Гете 
арнайы  Липщигтан  Дрезденді  ӛз  кӛзімен  кӛру  ҥшін  келген. 
Дрезден  галереясынан  кӛрген  толғанысын  И.  Гете  «Поэзии  и 
правде» газетіне мақала етіп жазған
1
 [1]. 
1777 жылы Мюнхендік пинакотека залына кіруге суретшілер 
мен дилетанттарға рҧқсат берілген.  
VІІ Вильгелм ландграфы 35 Рембрандтың, 35 Рубенстың, 20 
Ван Дейктің жинақтарынан қҧралған атақты  галереясына 1760 
жылдан бастап, арнайы алдын ала жазылу арқылы еуропаның ең 
тамаша шедеврлерін кӛруге мҥмкіндік туады.  
Осы  жылдары  танымал  адамдар  мен  суретшілер  Дюсель-
дорфтағы  картиналар  галереясын  тамашалай  алатын  еді,  бҧл 
ғимаратты  1710  жылы  курфюрст  Иоганн  Виттельсбах  кӛркем-
сурет  жинақтарына  арнайы  жасатқан.  Кейін  курфюрст  Карл 
Теодор  (1742-1799  жж.)  жинақтарды  бірталай  толықтырып, 
                                                 
1
 Гѐте И.В. Из моей жизни. Поэзия и правда. - М., 1969. - С. 246. 


Әлем музейлерінің тарихы 
 
90 
суретші  Ламберт  Крагеға  галереяда  жаңа  экспозиция  қҧруға 
тапсырма берген. 
1756  жылы  Дюссельдорфтық  галерея  басқа  галереялар 
сияқты картиналары шеберлеріне байланысты басты екі топқа – 
итальяндық және нидерландық болып бӛлінген. 
Дрезден картиналар галереясының ресми тҥрде ашылуы бо-
лып 1772 жыл есептелінеді. Ӛткен жылдардың бай әшекей мен 
зергерлік  бҧйымдары  жинақталған  «Зеленый  свод»  галереядан 
1771 ж. бӛлініп шығады. Онда бағалы әшекей заттары сақталып, 
сол  уақыттарда  кіруге  тек  сауатты,  қалталы  адамдарға  кӛруге 
рҧқсат берілген. 
Сонымен,  қорыта, айтқанда  Германия  мемлекеттінің  әлемге 
танымал  музейі  Дрезден  адамзат  тарихындағы  қҧнды  ӛнер 
туындыларын сақтап тҧр. Ресми тҥрде ХVІІІ ғасырдың соңында 
ашылып,  қазіргі  таңға  дейін  Еуропа  мәдениеті  мен  ӛнерінің 
басты ошақтарының бірі болмақ.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет