Әлем
музейлерінің тарихы
16
оны жинаумен айналысқан белгілі тҧлғалардың саны кҥн сайын
арта тҥскен. Айталық, кӛлемді картиналар мен мҥсін,
қолданбалы ӛнер туындыларын алғаш болып жинаған Афина
қаласын жаулаушы Рим диктаторы Корнелли Сулла болды. Ол
б.з.д. 59 ж. Эпидавр қаласындағы Александрия мен Олимптегі
Зевс храмдарының байлығын иеленген. Ал б.з.д. 59 ж. Марк
Скавр грек қаласы Сикионнан танымал бейнелеу мектебінің
барлық картинасын қарызға батқан шаруалардан арзан бағаға
сатып алып, бай коллекционерге айналған.
Римнің коллекционерлері ішінен Цицерон мен оның досы
Аттика және танымал қолбасшы, сӛзге шешен ақын Асини
Поллионды, сенатор кіші Плиниді атап ӛтуге болады.
Жеке коллекционерлердің қатарының кӛбейуімен бірге же-
келеген кӛркемӛнер әмбебап базары қалыптаса бастаған. Б.з. І ғ.
Рим қоғамында ӛнер туындыларының аукциондары мен кӛрме-
лерінің жиі ҧйымдастырылуы, ҥйреншікті ӛмірге айналған.
Рим форумының маңында «қасиетті жол» бойында ӛнер
шығармаларын сататын орын негізделген. Шығармалардың
тҥпнҧсқалығын ажырататын эксперт және арнайы кеңесшілер-
дің саны мен сапасы арта тҥскен.
Рим коллекционерлерінің ішінен табиғи заттарды жинауда
Помпейдің орны ерекше. Сонымен қатар кӛне дҥниенің
қҧндылықтарын бағалай білген император Август (б.з.д. 27-
б.з.14 ж.) болды. Император Август Капри атты вилласында си-
рек кездесетін заттар мен жануарлардың қалдықтарын жинаған.
Бірақ та Рим коллекционерлері картиналарды жинауға
ерекше кӛңіл бӛлген. Сонымен қатар грек шеберлерінің қолы-
нан шыққан бағалы тастарды, қҧмыралар, кҥміс пен алтыннан
жасалған бҧйымдар, піл сҥйектерінен жасалған мҥсіндер, тіпті
тасбақа, алтын жіптен тоқылған шығыс кілемдерін де жинау
әдетке айналған.
Тау хрусталі мен Балтиядан әкелген янтарь ӛте жоғары
бағаланған, тіпті янтарьдан жасалған мҥсіннің қҧны бір қҧлмен
тең болған. Геммаларды иемдену ҥшін кҥрес жҥрген. Бағалы
және жартылай бағалы тастан, темірден кесіп жасалған бҧл
геммалар қҧнды зат болып есептелген. Айталық, Вена
кӛркемӛнер-тарихи музейінде антикалық дҥниенің керемет ӛнер
Т.Н. Мұхажанова
17
туындысы, император Август бейнеленген – Август геммасы
сақтаулы тҧр. Бҧл бейне агат тасынан жасалған.
Рим коллекционерлері ішінен геммаларды алғаш болып жи-
наған Марк Скавр болды, одан кейін ҧлы Помпей понт патшасы
Митридатты жеңіп Юпитер Капитолий храмының кӛлемді
жинақтары 2000 бӛлшектен тҧратын геммаларды, алты дакти-
лиотекті иеленіп, кейін Венера храмына сыйға тартқан.
Бейнелеу ӛнері мен мҥсін коллекционерлерінен Цицерон,
Асини, Поллион, кіші Плиниді атауға болады.
Философ Сенеки Неронның қҧрметіне император Помпей
ғажап сарай қҧрылысын жҥргізіп, ішіне жинақтарын сақтаған.
Б.з. 69 жылы Флави династиясының билікке келуіне
байланысты Нерон резиденциясы қиратылып, оның орнына
Әлемнің храмы Колизей амфитеатры салынған.
Қорыта айтқанда, кӛне антика дҥниесінің коллекционерле-
рінің қалыптасуы Рим императорларының жемісті соғыстары-
ның нәтижесінде грек жерінен тҥскен олжадан байлыққа ке-
нелген. Нәтижесінде, Рим патшалары мен философ ақындары
грек ӛнері мен мәдениетінің ғажап туындыларын жинақтауға
қҧлшыныс танытқан.
Достарыңызбен бөлісу: