Т. Нұртазин қазақ әдебиеті көрнекті өкілдерінің өмірі мен шығармашылығын монографиялық үлгіде зерттеуге сүбелі үлес қосқан зерттеуші. Жекелеген ақын-жазушылардың шығармашылығы жөнінде Б. Майлин, М.Әуезов, С


Б.Майлиннің повестері мен романдарының басты қасиеттері



бет2/3
Дата13.05.2023
өлшемі17,97 Kb.
#92878
түріМонография
1   2   3
2. Б.Майлиннің повестері мен романдарының басты қасиеттері.
Бейімбет (Бимағамбет) Жармағанбетұлы Майлин бұрынғы Торғай облысының Қостанай уезіне қарасты Дамбар болысының 8 аулында (қазіргі Қостанай облысының Тобыл ауданы) туған. Бейімбеттің атасы Майлы, әкесі Жармағамбет кедей адамдар болған. Әкеден жастай жетім қалған Бейімбет шешесі Гүлғизар мен әжесі Бойдастың қолында өседі. Әжесі Бойдас есті, сөзге жүйрік, өлең шығаратындай дарынды болғанын Бейімбет кейініректегі бір естелігінде: «Үлкен шешем де өлеңге өте әуес адам еді, ескі қиссаларды тыңдап болып, бірер күрсініп алып өзі өлең айтатын еді, кейде маған қарап күлімсіреп: «Қарағым-ау, сен жоқта мен өлең шығарып қойдым», — дейтін еді деп жазған.
Бейімбет 1916-1921 жылдарда ауылда мұғалімдік қызмет атқарады. Бұл кезеңде 1916 жылғы қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы тақырыбына «Қанды тұман», төңкеріс түсындағы ауыл өмірінің ақиқатын айтатын «Съезд», «Әкесінен хат», «Садақбайға» деген өлеңдер жазады. 1922 жылы С.Сейфуллин Бейімбетті «Еңбекші қазақ» газетінің редакциясына қызметке шақырады. Мұнда ол 1923 жылдың жазына дейін болады. Жазушының дүниетанымы қалыптасып, саяси білімінің артуына С.Сейфуллиннің қарамағында қызметтес болған жылдар күшті әсер етеді. Бейімбеттің осы түстағы шығармашылық бағыты «Кедейге», «Құтты болсын мейрамың» тәрізді өлеңдерден байқалады. 1923-1925 жылдарда Б.Майлин Қостанай қаласындағы губерниялық «Ауыл» газетінде редактордың орынбасары әрі хатшысы болып істейді. Бұл газетте жазушының «Айранбай» деген әңгімесі, «Раушан -коммунист» повесі жарық көреді. Газет-журнал редакцияларында жүрген жылдар Бейімбеттің шығармашылық өмірінің жемісті кезеңі. Ол 1925-1927 жылдарда «Еңбекші қазақ» газетінің жауапты хатшысы, 1927-1929 жылдар арасында «Ауыл тілі» газеті редакторының орынбасары, «Жыл құсы» альманағы мен «Жаңа әдебиет» (1927, 1928) журналының қызметкері, 1934 жылдан 1937 жылға дейін «Қазақ әдебиеті» газетінің редакторы болған.Бейімбет Майлин — аса өнімді еңбек еткен қаламгер. Ол 1923-1937 жылдарда елуге жуық кітап, жинақ жариялаған. Олардың қатарында: «Бейімбеттің өлеңдері» (1923), «Шұғаның белгісі» (1926), «Раушан — коммунист» (1929), «Он жылда» (1927), «Колхоз», «Асулардан асқанда» (1930-1931), «Сойқанды содырлар» (1928), «Кесінділер» (1929), «Майдан» (1933), «Алыптарды аралағанда» (1934), «Мырқымбай», «Азамат Азаматыч» (1935), төрт томдық шығармалар жинағы (1933-1936) т.б. кітаптар бар. Бұларда көптеген өлең, поэмалар, әңгімелер мен очерктер, повестер мен романдар, пьесалар орын алған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет