Сырдарияның кейбір аудандарының сол маңдағы халыктың
атымен аталуы ерте орта ғасырда кездеседі. Атап айтқанда,
С.Г. Кляшторный VTII ғасырда Сыр бойының орта шенінде
қаңлылардың өмір сүргендігін Кангар аталған Сыр өзенінің
осы бөлшегі арқылы дэлелдейді (Жур. «Сов. этнография»,
1951, № 3 , 189-бет)
Сөйтіп, Сырдария өзенінің аты ескі нұсқаларда әр түрлі.
Бұл атаулар талай тарихи дәуірлердегі осы Сыр бойында да
болған сақ, түркі тайпа тілдерінен ескі жазу нұсқаларына еніп
отырды.
Яксарт деген топонимнің этимологиясы туралы алғаш пікір
айтқан И. Маркварт болды. И. Маркварт VIII ғасырдағы ескі
түркі жазуларында кездесетін
йенчу-угуз - (жемчужная река)
деген ат ескі иран тіліндегі «iaxsarta» (истинный жемчуг) де
ген сөзден аударылып алынған - дейді. Бұндағы түркі, иран
тілдеріндегі мағыналық үқсастық кездейсоқ емес. Бірақ осы
өзен атын түркілер иран тілінен алды ма, немесе ирандықтар
түркі тілінен аударды ма - бүл арасын И. Маркварт дәлел деп
бере алмады.
Сырдарияның этимологиясы туралы бізге белгілі тағы да екі
түрлі пікір бар. Бірінші пікір А. Левшиндікі. Ол былай дейді:
«Дарья, в татарском (т. е. тюркском - А. А.) языке, есть нари
цательное имя всякой реки. Сыр значит желтый». Сөйтіп, А.
Левшинніңойынша Сырдария түркі тіліндегі Сарыдариясөзінен
шыққан (Левшиннің жоғарыдағы шығармасы).
Екінші, С.Г. Кляшторныйдың пікірі бойыншаСырөзені өзбек,
тәжік тілдеріндегі «Сир об» (полноводи обилие воды) сөзімен
түбірлес. Шығыс Түркістандағы ескі сақ, соғди тілдерінің
документтерінде сы р «жақсы өте, көп» деген мағынада
қолданылады - дейді (С. Кляшторный. Яксарт-Сыр-Рарья. СЭ,
1953, № 190-бет).
Сырдарияный дария деген бөлімі иран тілдерін түркі
тілдеріне енгенін, өзен мағынасында қолданылатынын В. Бар-
Достарыңызбен бөлісу: