Тіл ғылымы тұрғысынан топонимдердің этимологиясын зертгеу
үшін алдымен белгілі террнггориядағы топонимдерді синхрондық
бағытга лексика-семантикалық және лексика-грамматикалық
түрғыдан зертгеу жүргізу қажет. Мұндай зерттеулер жер-су
аттарыньщ қойылуында, мағынасында жэне грамматикалық амал-
дары жағынан қандай зандылықгары бар екенін жете тусінуге және
этимологиялық зерттеулерге жол ашады.
Өзінің құрамы жағынан топонимдер біздіңше екі үлкен
бөлімнен тұрады: 1) ана тілінің негізінде жасалған топоним
дер, 2) басқа тілдер негізінде жасалған топонимдер. Бұл катего-
риялар эр тілде эр түрлі жолдармен дамуы мүмкін. Біз бұл арада
Қазақстан топонимдерінің құрамы жөнінде ғана айтпақпыз.
Ана тілінің негізінде жасалған топонимдер деп шартты
түрде атап отырған жер-су аттарын біз а) алтай дәуіріндегі,
в) көне қазак тіліндегі және, г) жаңа қазақ тіліндегі атау-
лар деген топтарға бөлеміз. Мұның ішінде алтай дәуіріндегі
атаулар түркі-монғол тіл бірлестігі заманын қамтиды. Ал,
топқа жататын кейбір атаулардың құпиясы ностратикалық
тілдер66 тұрғысынан ашылады.
Осыған байланысты осы күнге дейін Қазақстан су аттарына
монғол тілінен енген атаулар деген топты біз енді екіге бөліп
қараймыз: а) түркі-монгол тіл бірлестігі заманындағы жасалған
атаулар, б) ХІП ғасырдағы монғол шапқыншылығынан кейінгі
енген атаулар. Жоғарыда айтылған басқа тілдер негізінде
жасалған деген атаулар (топонимдер) тобын, біздіңше, екіге
бөлуге болады: а) сол халықтың Қазақстан территориясында
тікелей болуы нәтижесінде жасалған атаулар; б) түрлі тарихи
және мәдени қарым қатыстың нәтижесінде енген кірме атаулар.
Алтай дәуіріндегі атаулар:
Алтай, Алтынемел, Аңырақай, Арғанаты, Арқат, Бақанас,
Басқан, Борқат, Ереймен, Ертіс, Жем, Жоңғар (Алатауы),
66В. М. Иллич-Свитыч.
Достарыңызбен бөлісу: