сын тек осы элементтерден шығару мүмкін болмагандықтан,
этимологиялық зерттеулер де, осы саладан сөздіктер жасау да
тоқырауға ұшырады.
Ал тюркология саласындағы этимологиялық зерттеулердің
кешеуілдеу, көлемінің аз болу себебіне келсек, онда жоғарғы
себептің үстіне 20-40 жылдар арасында үлт тілдерінің
алфавитін, орфографиясын, мектептер мен жоғаргы оқу
орындарының оқулыктарын жасау, түрліше (екі тілдік,
терминологиялық, орфографиялық, түсіндірме т. б.) сөздіктер
жасау істері мемлекеттік, халықтық мүддеден бірінші орынга
қойылды.
Түркі тілдеріндегі этимологиялық зерттеулер,
сөздіктер жасау мәселесі соңғы 10-15 жылда қолға алына бас-
тады және бұл туралы кейінірек айтамыз.
Орыс тіліндегі сөздер этимологиясын зерттеуде А. Преоб-
раженскийдің «Орыс тілінің этимологиялық сөздігі» белгілі
роль атқарды. Бүл сөздіктің «а» әрпінен «т» эрпіне дейінгі бөлегі
1910-1914 жылдар арасында жарық көрген болатын, ал қалған
бөлігі 1949жылыбасылды. 1960жылысөздікфотомеханикалық
жолмен толық жарыққа шықты.
Макс Фасмердің «Орыс тілінің этимологиялық сөздігі»
1950-1958 жылдар арасында неміс тілінде басылды және
осы сөздіктің төрт томы О. Трубачевтің аудармасы бойынша
1964-74 жылдар арасында орыс тілінде жарық көрді.
1959 жылы 2-3 декабрьде СССР ҒА Тіл және әдебиет
бөлімшесі сөздік комиссиясының М. Фасмердің жоғарыда
аталған сөздігін талқылауға ар налган мәжілісі болып өтті.
Мүндағы В. Топоров пен О. Трубачевтің баяндамалары одақ-
тық журналда басылды6.
6
В.Н. Топоров.
Достарыңызбен бөлісу: