берілген (В. В. Радлов. Опыт словаря... Том II. часть 2,1202-1203
беттері). Сібірдегі түркі халықтары Енисей өзенін
Кем//Гем
дейтіні де белгілі (сонда). Сондықтан, бұл өзен аты
Гем деген
сөзден қазақ тілінде бұрмаланып, Жем аталып, өзен мағынасын
білдіруі мүмкін.
Г//Ж дыбыстарының алмасуы түркі тілдерінде ертеден бар.
Каспий, Арал теңіздері маңында тарихи
Гургон//Журжон,
Гурганж//Журжония, Гужон//Жузжон деген атаулар болған
(X. Хасанов. Урта Осие жой номлари тарихидан. Тошкент, 1965,
11 беті). Бүл атаулардағы г//ж дыбыстарының алмасуы анық
байқалып тұр. Ал Жем өзенінің аты орыс тілінде Эмба болып
бұрмаланып кеткен.
Гем кан, (кен, гем, кем т. б.) терминінің та-
ралуы туралы
Басқан, Сарқан, Қарагем атауларын қараңыз.
ЖОҢҒАР (АЛАТАУЫ) - Көпке әйгілі тау аты. Мұндағы
жоңғар сөзі - бір кездегі монғолдардың (қалмақтардың)
территориялық аты. Ғ. Қоңқашпаевтың пікірі бойынша
монғолша дзюн-сол, гар-қол, қанат деген сөздерінен жаса-
лып, «сол қанат, сол бөлік» дегенді білдіреді (Г. Конкашпаев.
Географические названия монгольского происхождения... И з
вестия АН КазССР. Серия филологии и искусствоведения.
Вып. I (11). 1959, 91 беті). Қазақ тілінде
қар (қол) сөзі де осы
сөзбен түбірлес, Сондықтан атаудың екінші
-ғар бөлегін түркі-
монголға ортақ сөз деп қарауға болады. Бір кезде қалмақгар елі
Жонғар (сол қанат, сол бөлек),
Барунғар (оң қанат, оң бөлек)
деп екіге бөлінгені тарихтан белгілі. Жоңгар қалмақтары деген
сөз де осыдан туған.
Достарыңызбен бөлісу: