Осы тұрғыдан келгенде,
кер топоним - атауын қазіргі
«бұрылу», «бөліну» мағынасында
кер(і) етістік сөзінің байырғы
тілдегі етістік-есім түрінен қалыптасқан деп карауға болады».
Қазықүрт сөзінің екінші
қүрт бөлімін Қ. Өмірэлиев башқұрт
сияқты этнонимнің құрамына енген тайпа аты деп қарайды.
Сүйтіп, бүл топонимнің этимологиясын зерттеген Қ. Өмірэлиев
былай деп түйеді:
«Ежелгі Қеркүрт түріндегі фонетикалық қүрамының қазқүрт
түріндегі өзгерісі - біріншіден, р>з жағдайларындағы өзгеріс.
Екіншіден, керқүрт>кезқүрт>кезқүрт>қазқүрт ақырында Қа-
зықүрт жағдайында е>а түріндегі өзгеріс те түркі тіліне тэн
қүбылыс» (Қ. Өмірәлиев. «Қазықүрт» және оған қатысы бар то-
понимдер жайлы. «Қазақстан мектебі», 1967, № 4, 78-84 беттер).
Автор мұнда Қазықүрт топонимінің екінші бөлегі қүрт сөзінің
тайпа аты екенін айтқан да, оның этимологиясын ашпаған. Ал
қүрт ескі түркі тілдерінде «қасқыр» мағынасында қолданылғаны
белгілі. Басқұрт//Башқұрт атаулары - «бас қасқыр», яғни «негізгі
тайпа» деген магынаны білдірген тотемдік атау. Қазақ халқының
құрамындагы Қызылқүрт /кіші жүзде/ руы да «қызыл қасқыр»
деген мағынаны білдірген. Ендеше Қазықүрт атауы тұтасымен
этноним болып, кейін тау атында ізін қалдыруы да ықтимал.
Жоғарыда Абылғазы шежіресінде Қазықүрт оғуздардың бір тай-
пасы ретінде айтылуы да осыған байланысты болуы мүмкін.
ҚАИШЫ - Шығыс Қазақстан облысы Большенарым
ауданындағы бүлақ аты. Бүл атаудың этимологиясы жөнінде
Ж. Болатов былай деп жазды: «Бұл топонимнің этимологиясы,
Қанапия Мусин ақсақалдыңайтуынша, монғолдыңүры мәніндегі
қүлакайшы сөзіне келіп тіреледі. Ол кісі бүл пікірін дэлелдеу
үшін, Қайшы бүлагының айналасы ұры жасырынуына лайықты
қалың ағаш, ну орман деген еді. Бүл пікірдің дұрыстыгына
монгол тілінің сөздіктерін аударыстырганда көзіміз жетті Онда
Достарыңызбен бөлісу: