сөзінен кейін келуі де монгол тілінде от (шәп) сөзінің жоқ
екендігін дәлелдейді.
Ал орыс тіліндегі о т а р а (гурд баранов) сөзі де түркі
тілдеріндегі
отар (бір отар қой) сөзінен енген. Қ.Қ. Юдахин
«олардың оторларында қойлар жүйүр (жиі - А. Ә.) төлдөтүлөт»
деген сөйлемдегі
отор сөзі
орыс тілінен кері, қайта алынган
сөз дейді (Қырғызча-орысча сөздүк. М., 1965, 583-беті).
Жергілікті қазақтардың
Отар станциясының атын
Атар деп
сөйлеуі де орыс тілінде айтылуының (произношение) әсерінен,
өйткені сөз басындағы екінші «о» дыбысы орыс тілінде «а» бо-
лып айтылады. Омар (орысша айтылуы Амар) т. б.
Міне, осындай басқа тілдерге де кең жайылған түркі
тілдерінің
отар сөзі осы топонимге қойылган. Сонымен
жоғарыда көрсетілген жер атына қойылған
Отар сөзінің эти-
мологиясы мынандай:
от (түбірі, «шөп» мағынасында)
+а (зат
есімді етістікке айналдыратын көне, өлі жүрнақ)
+р (етістікті
зат есімге айналдыратын жүрнақ).
ОТЫРАР - Оңтүстік Қазақстандағы тарихи қаланың аты.
Біраз зерттеушілер орхон-енисей ескерткіштерінде кездесетін
Кану Тарбан этнотопонимін Отырар, Түрар
сөздерімен бай-
ланыстырады. Кюль-Тегинге қойылған ескерткішінде «біз
Қадырқан шүбарынан Кенгу Тарбанға дейін түркі халқын
орналастырдық» деген сөйлем бар (Малов. Памятники ДТП,
1951, 139 бет). Қаңлылардың этнотопонимикасын зерттеген
С.Г. Кляшторный Кангу Тарбанды Шу жэне Талас өзендерінің
батыс жагы мен Сырдарияның шығыс жағына (Согданың ше-
карасы) орналастырады да, бүл жер шығыс түркі қаганаты-
ның қүрамына енген деген қорытындыға келеді (Советская
этнография. 1951, 55 беті). Бүл атау VIII ғасырдағы араб
географтарының еңбектерінде Тарбанд түрінде кездеседі.
Д. Мюллер мен И. Маркварт Тарбанд деген форма согдидің
Трарбанд деген формасынан қысқартылған деген
қорытындыға
келеді.
168
Ескі нүсқаларда бул топоним Тарман, Тарбан, Тарбанд,
Трарбанд деген формада кездесіп қоймай, Отрарбанде, Отрар-
бенде (Бартольд. Туркестан в эпоху монгольского нашествия.
178 бет), Т у р а р , О т ы р а р деген вариантта да бар. Т у р а р мен
О т ы р а р д ы ң бір кала екендігін және оның Түркістанға жақын
жатқандығы туралы араб географы Якут айтқан болатын.
Отырардың этимологиясы туралы алғаш пікір айтқан
ғалым - Н. Лыкошин. Ол Хамукет пен Отырарды бір кала,
Хамукетті көшпелі тайпалар шабуыл жасап өртеген,
сондықган
оның түбірінен
от (огонь) деген сөзді естуге болады - деген
қорытындыға келеді (А. Лыкошин; Догадка о прошлом Отра-
ра, Протокол Турк. Кружк любит. Археологии, год IV, Ташкент,
1899, 174-бет).
Бул пікірдің жаңсақтығын В.В. Бартольд дәлелде шықты.
В.В. Бартольд Отырар деген бір атауды екіге белее, оньщ
-рар
деген бөлімі мағынасыз қалады деге: қорытындыга келді.
Ак. В. В. Бартольд о т ы р ы қ (сидящий) деген терминнің орта
гасырларда қолданылғанын айтады.(В.В. Бартольд. История
культурной жизни Туркестана», 120 бет). Ендеше О т ы р а р осы
«отырық» деген сөзбен түбірлес болуы керек.
Т ур ар деген топонимні ң этимологиясын И. Маркварт
«туру, жүру» сөздерімен байланыстырды (Л. Marguart. Uber das
Volkstum derKomanen. Berlin, 1914,92 бет).
О т ы р а р сөзінің этимологиясын ашуга көмектесетін тағы да
мынадай деректер бар. Жогарьщагы орхон-енисей жазуындагы
Кангу-Тарбан деген сөздердің
кангу, деген бөлімі
қаңлы деген
сөзбен, ал
Тарбан сөзі
Тарбанд,. Трарбанд, Турар, Отырар
деген сөзбен байланысты. Археологиялық деректерге Караганда
Отырар типтес қалалардың қалдықтары
бул өлкеге соғдилар
келгенге дейін кездесетін болғандықтан, О т ы р а р деген ат та
VI гасырға дейін айтылган болуы керек.
Бул атау осы жердегі қаңлылардың сөзі болуы керек. Ал
кейіннен VI гасырда бул аймаққа согдилардың жақындап,
169
VTII-IX ғасырда арабтардың келуіне байланысты Отырардың
немесе Тұрардың аты өзгеріске ұшыраған, атап айтқанда, От-
ырар деген сөзден кейін
бенд деген сөз қосақтала айтылған,
ал
Тұрар кейде
Тұрарбанд, кейде
Түрар-Зерах деп те
аталған
(В.В. Бартольд. Туркестан в эпоху монгольского нашествия.
Т. 11, 179 бет). Ендеше осы соңғы
бенд, зерах деген сөздер бұл
жерде. соғди және арабтардың болуына байланысты сол
тілдерден келген. Мэселен,
бэнд парсы тілінде «бэгет, плотина»;
деген сөз (Персидско-русский словарь. Госиздат. М., 1953).
Соғдилар Отырарды
Фараб деп атаған, өйткені араб
географтарының
еңбектерінде
Фараб
деп те
кездеседі
(В.В. Бартольд. К истории орошения Туркестана, 145 бет). Атакты
галым эл-Фараби осы қаладан шыққаны жүртшылыққа белгілі.
Соғди тілінің ырқына көнбеген О т ы р а р , Т ү р а р деген тари-
хи топонимдердің этимологиясы, біздіңше, түркі тілдеріндегі
Достарыңызбен бөлісу: