Байланысты: Мектепте-Информатиканы оқыту әдістемесі 2013 Koibagatova
Біріктірілген жобалар мен рефераттарға қойылатын талаптар. Біріктірілгенреферат екі немесе бірнеше пән
саласындағы объектілерді (пән, үрдіс, көріністер) зерттеуге
негізделген дайындама болып табылады. Компьютер және ақпараттық
және қарым - қатынастық технологиялық құралдар ақпарат көздері,
тану және іздену құралдары, ақпаратты ұсынатын құралдар ретінде
пайдаланылады.
Біріктірілгенжобаның негізін, ақпараттық және қарым-
қатынастық технологиялық құралдарымен орындалған мәселелік -
ақпараттық өнім құрайды. Осындай жобалар мен рефераттардың
белгілі бір ерекшелігі, информатика мен ақпараттық технологиялар
сол пәндік саланың бірі болып табылады.
Интегралдық рефераттар келесі мәселелік салаларға
сыныпталады:
-
әлеуметтік;
-
табиғаттану;
-
гуманитарлық.
Біріктірілгенжобаларды ақпараттық өнімнің қызметтік