20
мен бағдарламалар құру, оларды ЭЕМ – де орындау оқушыдан
ойлануды және шыдамдылықты арттыруды, көңіл қоя білуді, көз
алдына елестете білуді талап етеді. Сонымен қатар, жеке адамның
табандылық, алдына мақсат қоя білу, шығармашылық, белсенділік
көрсете білу, жұмысына жаупкершілікпен қарау, сенімді, тәртіпті
болып, бар мүмкіншілікті қолдана білу сияқты қасиеттерін дамытады.
Алгоритмді жазуға дағдылану, жауапкершілікпен қарау, жаңа талап
қоюды керек етеді.
Сонымен, информатиканы оқытудағы тәрбиелік мақсат
оқушыны азаматтыққа, адамгершілік қасиетке және жоғары
саналылыққа баулуға бағытталған.
Информатиканы оқып үйренудің жоғарыда аталған мақсаттары
бір-бірімен өте тығыз байланысты, оларды бір-бірінен ажыратуға
болмайды. Оқушыларға негізгі жалпы білімді беріп болмай,
информатиканың тәрбиелік тиімділігін алуға болмайды.
Мектепте информатиканы оқытудың
жалпы мақсаттары
нақты оқу процесіне байланысты
нақты мақсаттарға, яғни нақты
тақырыптарды оқыту мақсатына айналады. Пәнді оқытудың нақты
мақсаттарын анықтау
жалпы дидактикадан басталады. Қазіргі
қоғамның дамуына байланысты дидактиканың көптеген қағидалары
өзгеріске ұшырап отыр. Информатика жас ғылым болғандықтан, ол
даму үстінде. Оны мектепте оқыту мазмұны да әлі қалыптасуда.
Осындай жағдайда ғылыми тұрғыдан негізделген мақсат қана оқыту
мазмұнын дәл анықтауға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: