Байланысты: Мектепте-Информатиканы оқыту әдістемесі 2013 Koibagatova
(ОӘК) құрайды.
Жалпы айтқанда, информатика курсын оқыту құралдарының жүйесі курсты оқыту үрдісіне қолдау көрсетумен қатар, заманауи
ЭЕМ мүмкіндіктерін демонстрациялауды қамтамасыз етіп, оқу
әрекетінің мәдениетін және оқушылардың ақпараттық мәдениетін
қалыптастыруға себепші бола алады.
Информатика кабинеті оқыту құралдарының жүйесімен
бірлесіп, бірыңғай кешенді ортаны құрайды, ол мұғалімге алға қойған
мақсаттарына жетуге мүмкіндік береді.
Метепте информатиканы оқыту құралдары жүйесінің негізгі компоненттерінің тізіміне келесілер кіреді:
-
информатиканы
оқытудың
бағдарламалық-әдістемелік
жабдықталуы;
-
оқу әрекетінің мәдениетін қалыптастыруға қажет нысаналы-
бағытталған бағдарламалық жүйелер (мәтіндік редактор, мәліметтер
қоры, электронды кестелер, алуан түрлі графикалық жүйелер);
-
ЖАТҚ негізінде қызмет ететін оқыту құралдары (оқу
164
роботтары, басқармалы ЭЕМ; электронды құрастырмалар; ЭЕМ
жұмысының қағидаларын, оның бөлшектерін, құрылғыларын және
т.б. көрсететін модельдер);
-
телекоммуникация құралдары;
-
дәстүрлі оқыту құралдары.