Т.Қ. Қойбағарова, Р. А. Ельтинова



Pdf көрінісі
бет94/191
Дата31.12.2021
өлшемі1,71 Mb.
#23005
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   191
Байланысты:
Мектепте-Информатиканы оқыту әдістемесі 2013 Koibagatova

3.2. Қорытынды бақылау 
3.2.1. Қорытынды бақылаудың негізгі нысандары 
Қорытынды  бақылау  информатика  пәнінің    негізгі  курсына 
оқытудың 
нәтижелерін 
бағалауға 
мүмкіндік 
береді 
және 
оқушылардың  білімдері  мен  іскерліктеріне  түзету  енгізуді  жүзеге 
асыруға мүмкіндік береді. 
Қазіргі  кезде  қорытынды  бақылаудың  әртүрлі  нысандары  мен 
әдістері  жүзеге  асырылады,  оған  ауызша  емтиханды,  жазбаша 
аттестациялау жұмыстарын, тестілеуді,  жобалар немесе рефераттарды 
қорғау нысандары түріндегі аттестациялауды жатқызуға болады. 
Жазбаша  емтихан  оқушылардың  қорытынды  аттестация-
лауының  дәстүрлі  нысаны  болып  табылады.  Әртүрлі  сыныптардың 
билеттері  тапсырмалардың  дәрежесі  мен  көлемі  бойынша  әртүрлі 
болып келеді. 9 - сыныптар  үшін- бір ауызша сұрақ және тәжірибелік 
жұмыс;  11  сыныптар  үшін  -  екі  ауызша  сұрақ  және  бір  тәжірибелік 
жұмыс. 
Жазбаша  аттестациялау  жұмысы  көптеген  таңдауы  бар  жабық 
түрдегі  тестік  тапсырмалардан,  теориялық  негіздер  бойынша 
сұрақтардан, машықтану тапсырмалары мен есептерінен тұрады. 
Тестілеуге бақылау жұмысы жатады және үш бөлімнен тұрады: 
балама жауаптары бар жабық түрдегі тестілеу, ашық түрдегі тестілеу 
тапсырмалар, олар толықтыруды және тиісті түрде қалпына келтіруді 
талап етеді, тестілеу стиліндегі машықтану тапсырмалары. 


 
97 
Жобалар  мен  рефераттарды  қорғау  түріндегі  аттестациялау 
бойынша осы жұмыстар алдын  ала дайындалып, ұсынылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет